Жасампаздық қиырында



бет33/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
УАҚЫТ ҮКІМІ
Шабуыл жасаушылар ғаламшарларына қайта оралып, алапат кеменің ішінде тағы да тыныштық орнағандай болған. Жерге тезірек қайтуға деген ниеттері де қайта күшейген. Барлық істері аяқталған мезетте жаулардың келіп-кетіп жатқандары да бір жағынан таңғаларлық әрекет еді. Тәкен бастаған ғалым-ғарышкерлер тобы қанша дегенмен де титықтайын деген. Олай болмасқа амалдары қанша. Мына сығылу аймағына ілігу бей- небір көлдегі иірімге түскенмен бірдей еді. Көл қаншама үлкен болса да оның иірімі кішкентай келеді. Оған іліккен адам оңайлықпен қайта жүзіп құтылып шыға алмайды. Иірім айналдырып, су түбіне қарай тартып ала жөнеледі. Тәкен демалыс сәтінде бала кезінде басынан өткен сондай бір жағдайды есіне алған. Ол оқиға көлде емес, кәдімгі ауыл өзенінде болған. Сонда өзі өзенде оңаша жүзіп жүріп кенеттен су иіріміне қалай тап болғанын байқамай да қалған. Біреу аяғынан ұстап алып, төмен қарай айналдыра тартып әкетіп бара жатқандай. Жанында өзіне қолұшын берер ешкім жоқ. Тәкен бар күшін сала судан шығуға талпынды.
Арпалыспаса, су түбіне кетіп мерт болмақ. Иірімге судағы жалбыздар да көмектескендей аяқтарын орай берген. «Енді бітгім. Су түбіне кеттім», — деп ойлап та еді сонда. Бірақ бір сәтке де қозғалыссыз, әрекетсіз қалмаған. Бір сәт қозғалыссыз қалса, су түбіне оп-оңай батып кететіні белгілі. Арпалыса-арпалыса қара терге де түскен. Ол арпалысы да ұзаққа созылды. Оның үстіне қорқыныштан қатты соққан жүрегінің дүрсілі де кедергі жасағандай сезілген. Арпалыса берген. Екі қолын құлаштай сермеп талпына берген. Ол еңбегі бекер кетпеді. Сәл де болса судан кетерілейін деген. Жаңағы аяқтарын орап алып, төмен қарай тартқандай болған жалбыздардан да құтыла бастағандай. Су бетіне қарай жайымен болса да көтеріле берді, көтеріле берді. Сөйтіп әрең дегенде иірім аймағынан шықты-ау. Жүрек дүрсілі басылмаған. Қатты қорқыныштан денесі дip- дip етеді. Судан шыға сала киімдерін тез киіп алып ауылға қарай жүгіре жөнелген. Үйге кіре салып айнаға қарағанда өз түрін өзі танымады. Түгігіп кеткен. Бірнеше минуттың ішінде бірнеше жылдық ауыр жұмысты жасап тастағандай шаршау...
Сол оқиға осы сығылу аймағына іліккеннен бері Тәкеннің көз алдына қайта-қайта орала берген. Өйткені, мына жағдай да сол иірімге іліккенмен бірдей еді. Шетсіз, шексіз жатқан мына кеңістіктің бір бөлігніде тап сол өзен иірімі сияқты сығылу аймағының болатынын қайдан білген. Ғалымдар да сәуегей емес. Олардың да білмейтіндері көп-ақ. Сонда кеңістіктің де сол көл, өзен сияқты болғаны ма? Деген де ой келген ғарышкерлердің бастарына. Бұл сығылу аймағының тағы бір қиындығы бар. Мұнда Жердегі сияқты адам баласы нәресте болып дүниеге келіп, өсіп- жетілген соң, қартайған соң сол өскен қалпында қалмайды. әлбетте, Жерде де адамның бойының тәулік (мезгіліне қарай ұзарып, қайта қысқарып жататыны бар. Адамның бойы түске дейін біршама ұзарады, ал түстен кеиін сәл де болса қысқарады. Бұл ғылымда дәлелденген процесс. Ал мұндағы процесс онан басқаша және анығырақ.
Мұнда адам баласы белгілі бір уақытқа дейін өседі де, содан кейін қайтадан кішірейе бастайды. Ғалым-ғарышкерлер үлкен ғаламшарда болған кездерінде талай жат құбылыстардың куәсі болтан. Жер шарында шыр айналған дене сыртқа қарай тепсе, мұнда керісінше, ішке қарай сығыла түседі. Мүндағы адамдар да барлық игі істерін өмірінің бірінші жартысында жасап алуға тырысады. Өйткені, оның өмірінің екінші жартысында кішіреюі басталады. Әрі уақыт өткен сайын дәрменсіздене береді. Жерде олай емес. Жер мен екі арадағы жұлдызаралық жолға шыққан соң адам қартаюға бет алады. Бірақ бойы аласармайды. Оның есесіне қартайған денесінен күш-қуат кетеді. Былайша алғанда, жалпы тіршілік бір біріне ұқсас.
Тәкенді де, сапарлас достарын да ендігі елендеткен нәрсе, осы уақыт үкімі еді. Жаңа ғана шабуыл жасағандардың тағдырлары да мәз емес-ті. Олар сондай бірдемені сезіп те шегінген тәрізді. Сондықтан да ендігі шабуылға шығатындар да олар емес. Бірақ бейқам қалудың реті тағы жоқ. Басқасын былай қойғанда, уақыттың өзі де қысып келе жатқан жоқ па? Тәкен тыпыршып, кеме ішінде тұрақ таппады. Бір ғана сығылу аймағынан шығудың өзінің қандайлық ұзақ оқиғаға айналғанына өзі де қайран. Оның үстіне енді уақыт та қыса бастаған. Басқаға асықпаса да, уақытқа асықпауға болмайды. Уақыт ешқашан күтпейді, өте шығады. Уақыттың өткені - өмірдің өткені. Тәкен осыларды ой елегінен бір өткізіп алғаннан кейін Сәрсенбі Сапарұлына қарай бұрылған.
- Тездетіп қосымша қозғалтқыштарды іске қосыңдар. Солардың күшімен мына сығылу аймағынан уақыт жоғалтпай шығуымыз керек. Әйтпесе, жағдайымыз екі есе қиындайды.
- Түсінікті, - деді Сәрсенбі оған тіке қарап, — барлық жүйені іске қосуды Сәрсенбіге - темір адамға тапсырамын!
- Басқа темір адамдар да кемекке келсін!
-Түсіндім!-деді Сәрсенбі Тәкенге қарап.
Енді уақыт оздырудың реті жоқ еді. Әрбір секунд қымбат. Алты ғалым-ғарышкер қарбалас іске кірісті. Өздерінің алты ұқсасы - темір адамдар айтқан әмірлерін бұлжытпай орындауда. Кеменің негізгі құбырлы қозғалтқыштарын іске қосқан кезде діріл сезілді. Одан кейін қосымшалары діріл қаққан. Сығылу аймағынан шығу үшін қаншалықты қүштің қажет болатынын үлкен ғаламшарда есептеп шығарған болатын бәрі де. Енді оның қаншалықты дұрыс екеніне көз жеткізу ғана қалған. Тәкен қайта-қайта сағатына қараған. Өздерінің қайта кішірейетін уақыттары да таяпты. Ұлудай адам бұл кіші әлемнің сырын жақсы біледі. Сондықтан негізгі кеңесті беретін де сол ұлудай адам. Ол жұлдызаралық жолда кездесіп, кемеге енгеннен бері өздерінен бір елі де кейін қалған емес. Ғалым- ғарышкерлер соның арқасында талай қателіктер мен қатерлерден аман қалды.
Бұл жолы да сол ұлудай адам уақыттың мән-жайын толығымен түсіндірген. Мұнан осы кіші әлемдегі адам, жануар, өсімдік біткеннің бәрі де кішірейіп жоқ болады деген жаңсақ ұғым тумаса керек-ті. Біреу кішірейіп бара жатқан сәтте екінші сәби дүниеге келіп, өсіп жатады. Енді бірі нағыз толысқан шағына жетеді. Соның бәрін жалықпай қарағанда, бұл кіші әлемдегі тіршілік те Жердегі сияқты жайбарақат жүріп жатады. Әрбір адам өзінше бөлек бір дүние. Адам өзін қашан да дүниенің тірегіндей сезінеді. Ал кейде ол өзі дүниеден өтсе, бар дүние өзімен бірге қоса жоғалатын сияқтанады. Алғашында Жерден келген ғалым-ғарышкерлерге де бәрі солай көрінген. Енді мына көз алдарындағы кіші әлемде өз жұлдызын айнала қозғалып жүрген ғаламшарларда датынымсыз даму мен сөнудің өтіп жатқаны белгілі болған. Ең бастысы, өздерінің уақыттарының жоғалмауы еді.
Кеме қозғала берген. Өзінің айналымжолынан тезірек шығуды көздегендей темір адамдардың басқаруымен жылдамдығы да арта берген. Мына сығылу аймағынан сытылып шығуға аз күш кетпейді. Ғалым-ғарышкерлер алапат кеме бейнебір ғаламат су иірімінен шыға алмай жатқандай тыпыршып, әрекет жасауда. Кеме ішіндегі күрделі жүйелер әзірге бірқалыпты жұмыс істеуде. Осыған дейін ғалым-ғарышкерлер мына сығылу аймағынан қалай құтылып шығуды ғана ойлап, енді уақыттың талабын орындауға тағы да мәжбүр болды. Уақытты ешкім ешқашанда кідірте де, асықтыра да алмайды. Өмірдің ағыны да сол — уақыт. Сондықтан да оған мына өмірде ылғи да ілесіп отырулары керек. Ғалым-ғарышкерлер уақыттың не екенін және онымен қалай санасу керек екендігін ешбір қосымша түсіндірусіз-ақ біледі.
Алапат кеме қозғала бергенде, уақытты санап тұрған түрлі электронды сағаттардың таблоларындағы цифрлар жылдам ауысып жатқандай болды. Сол сағаттар өздері үлкен кезде кіп-кішкентай ғана заттардай еді. Енді олардың әрбір цифры таяғының өзі бойларынан әлдеқайда биік. Бірақ, қазіргі жағдай сағатта емес, цифрда да емес, сол цифрлардың ауысуында болатын. Тәкен енді осы электронды сағаттардан да көз алар емес. Өйткені, әрбір сағат, минут пен секунд қымбат. Кіші әлемдегі аз ғана уақыттан соң сығылу жағдайының басталуы әбден мүмкін. Ол басталды деген сөз, осы әлемде біржолата қалып, мерт болды, жойылды деген соз. Тәкеннің жанталасып, терлеп, өзінің ұқсасы Темірбекті мұқият қадағалауы да осыдан- ды.
Кеменің негізгі құбырлы қозғалтқыштарынан кейін басқа да құбырлы қозғалтқыштары қосылған кезде кеме ішін ғаламат бір діріл мен дыбыс жайлағандай болды. Енді кіп-кішкентай ғалым-ғарышкерлерге кеме емес, тұтастай бір ғаламшар жылжи бастағандай еді. Не жылжыса да қазір ғалым-ғарышкерлер оны ойлап тұрған жоқ. Бар ой-армандары мына сығылу аймағынан тезірек шығуда.
- Қосымша қозғалтқыштарды іске қос деді бір кезде Азамат жанындағы үлкен көрінетін басқару пульті панеліндегі көптеген түймелердің бірін басуға ыңғайланып тұрған Алғырға қарап.
Ол осы сөзді бір қайталап алды да, панельдегі түймелердің бірнешеуін темір сұқ саусағымен нұқыды. Кеме ілгері қарай қозғала түсті. Сығылу аймағындағы тартылысты жеңіп шығу үшін үлкен жылдамдық кажет еді. Сол жылдамдықты алу керек. Кеме өзінің айналымжолымен ұша берді. Сол кезде үлкен ғаламшардан және олардың жақтастары бap ғаламшарлардан түрлі толқындағы радиодабылдар келіп жетіп жатты Уақыт өткен сайын, алапат кеменің ұшу жылдамдығы артқан сайын іштегі қарбалас та күшейе берген. Тәкен бір орнында тұрақ таппады. «Ең бірінші уақыт үкімінен құтылуымыз керек. Өйтпейінше жойылдық!» - деді ол ішінен. Оны тек езі ғана емес, айналасындағылардың бәрі де жақсы біледі. Бірақ, не шара, кеме мейлінше үлкен. Ол енді тек темір адамдарға ғана бағынады. Ал темір адамдар тек өздерін ғана тыңдайды. Сонысы ғана ұтымды. Ғалым-ғарышкерлердің бар сенерлері де осы еді. Кеме ілгері қарай қозғалған сайын айнала дүние де бейнебір қозғалысқа ұшырағандай болған. Кіші ғаламшарлар да інжу-маржан тастардай жылтырап, өздері тартылыс күшіне бағынатын жұлдыздарын айнала қозғалып жүр. Сол бір қарағанда тым-тырыс, жым-жырт көрінген ғаламшарлардың үстінде қаншама тіршілік процестері өтіп жатыр. Өздеріне екі мәрте шабуыл жасаған бесінші ғаламшардың мансапқорлар тобы да қарап қалмаған болар. Тәкен ол жағын да аз ойлаған жоқ. Олардың да қазіргі сәтте үнсіз қалғаны уақыт тал түсінің аяқталып, еңкеюге бет қойғаны еді. Адам баласы бұл кезде мұнда қартаюға бет қояды. Ол уақыт жылдам өткендей болады. Ал адам үшін өмірдің тек ұзара бергені қажет. Өмірдегі анау-мынау мақсатқа ұмтылған сайын өмір қызық бола түседі. Соған сай адамның өмір сүре беруге деген құлшынысы да арта бермек. Ғалым-ғарышкерлер мансапқор жандар емес. Олардың басты армандары туған Жерге қайта оралу. Ыстық қара топыраққа қайта табан тигізу. Енді соның өзі де бір арман. Бүгінде қай қайсысы да тек Жер, тек Жер деп қана өмір сүреді. Жерді бір керіп, жерге аяқ табандарын бір тигізіп мерт болса да бұл жарық дүниеден армансыз өтпек.
Сондықтан да мынандай сәтте, уақыт ез үкімін жүргізіп түрган сәтте жанталаса әрекет жасамауға болмайтын да еді. Енді біраз кешіксе, бәрінен де ұтылады, қартаю уақытынатап болады. Ал сонан кейін Жер ғаламшарына жетуге деген армандары да көкейлерінен біржолата жоғалады. Бәрінің де терге түсе іске кіріскені сол армандарының ақыл-ойларынан мықтап орын алғандығынан еді. Тәкен кеменің әрбір дірілі, қимылын қадағалаумен болды. Ол жылжи түскен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет