Жасампаздық қиырында



бет21/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43
ЖӘРДЕМШІ
Ғаламшардағы күндер өз белгісін бермей зымырап өтіп жатты. Қаншама жатсынса да үйренулеріне тура келген. Алғашқы күндері мұндағы судың дәміне дейін ес бөлетін. Оның өзгешелігін сезетін. Енді оған да үйренген. Үлкен қаладағы тұрғындардың бір бірімен қарым-қатынастары, сауда-саттығы, ғылыми ізденістері, бәрі бәрі де көкейге қона бастады. Ғалым-ғарышкерлер енді өздерінің болашақ қайту сапары жайында да жиі ойлай бастаған. Бірақ ол үшін алапат кемені басқара алатын үлкен темір адам қажет еді. Бұл елде темір адамдардың ең жетілген ұрпақтары жасалған екен. Сондықтан да оларға ақыл-кеңес айту да артық. Дегенмен, темірдің аты - темір. Оған тамақ берудің еш қажеті жоқ. Ток болса жетіп жатыр. Ток көзі алапат кемеде жеткілікті. Тек соны пайдалана білетін үлкен адам жоқ.
Жерге қарай сапар шегіп бара жатқан жұлдызаралық жолда темір адамның бойында қандай да бір кілтипан пайда болса, өздері не істемек? Темір адам өздерін оп-оңай жанши салмақ. Ондай жағдайлар Жер ғаламшарында да кездескен. Соны жасаушылардың кейбірі жарақат та алған. Онда да ол кең жерде жасалған тәжірибе кезінде. Ал шектеулі ортада, самсаған күрделі жүйелердің ортасында сынақ өткізілсе не болмақ? Кемедегі күрделі жүйелердің әрбір тетігі лекер. Оған тек саналы адамның саусақтары ғана жанасуы тиісті. Ғалым-ғарышкерлер осы жағын да мұқият ойлаған.
Бірақ қарап та жата алмаған. Бұл елде өздеріне жасалған құрмет те жеткілікті. Бәрі де жетеді. Бәрі де алдарынан өтіп жатыр. Тек, бір ғана нәрсе жетпейді, ол - туған Жер. Сол Жер ғаламшарында жүргенде әрқайсысы өзінің туған ауылын ойлайтын, сағынатын. Енді күллі адамзат баласы өмір кешіп жатқан тұтастай Жерді сағынады. Ана аймақ, континент материк деп бөліп-жарып жатпайды. Ойлайтындары да Жер ғаламшары ғана. Ол жүйедегі Күн де бұл жерден кіп-кішкентай бір сарғыш жұлдыз болып қана көрінеді. Онда да, қуатты бақылау құралдарымен бақыласа ғана. Ал былайша қанша қырағы көз болса да ештеме де шалына қоймайды. Жыпырлаған жұлдыздар, шоғырлар мен тұмандықтар. Жерден жай қырағы көзбен қараған кезде бұл жүйе де көрінбеген. Мұндай кіші әлем жүйесінің бар екенін. Егіздер шоқжұлдызындағы осы шоғырға жақындаған кезде ғана білген. Оның өзінде де өздері ғарыш кеңістігінде қалықтап, адасып кетіп бара жатқан бір бөтен кеменің қалдығын ұстап алып, кемеге алғаннан кейін.
Ғалым-ғарышкерлер бұл ғаламшарда қанша құрметке не болып жүрсе де Жер ғаламшарын бір сәтке де ұмытқан емес. Бүгінде олар өздерінің жеке мекемесін құрып, жұлдызаралық сапарға аттанудың мәселелерін қарастырған. Жергілікті тұрғындар Жерден келген қазақ ғарышкерлерінің мұндай әрекеттеріне қызыға қараған. Олардың алдында бұлар ұлы Жаратушы әдеиі жіберген елшілер іспетті. Оның үстіне бұлардың алысқа сапар шегуден тәжірибелері де мол. Жергіліктілер де жұлдызды әлемді аз шарламаған. Бірақ олар адамзат өмір сүре алатын жұлдызды жүйені әзірге таппаған-ды. Олар жұлызды әлемнің терең тұңғиығынан талай рет тың да тыңдаған. Сонда да ешбір жұлдыз жүйесінен ешқандай да жауап ала алмаған еді. нді міне, »Тағдыр айдап, ғарышкерлердің өздері де келіп жетті» деген сөзге де ие болды. Жерден келгендерге барлық жағдайды жасап, өздерінің қуаныш үстінде жүргендері де содан-ды. Жерліктер де онысына жауап ретінде тынымсыз еңбек етуде. Жақсылықтарына жақсылык қайтаруға тырысуда.
Ал бірақ қай қайсысының көкейінен де мына сығылу жүйесінен босап шығу мәселесі көтпеген. Күні-түні ойлайтындары да сол мәселе. Содан бір күні Тәкен мынандай бір шешімді ұсынды.
Біз өзіміздің бұрынғы табиғи дене-тұрқымыздан көп есеге кішірейіп лкеттік.Мына кіші әлемге келмеген адам мұнда дәл осындай құбылыстың боларын біле қоймас. Бұдан қайтып шығып кету жағы болса да қиын. Бізден хабар үзілгеннен кейін-ақ Жердегілер бізден үміттерін үзген де болар. Оның үстіне біз жіберген радиотелехабар Жерге барып жеткенше де көп уақыт өтер.Бізді олар өткен ғана көреді. Оны қойып, ең бастысы, жеңіп шығып, қайта қалпымызға түсуіміз қажет. Ал ол үшін бізге үлкен күш қуат керек болмақ. Ондай күшті жасауға болатынын өздерінің де сезіп-біліп жүрсіңдер. Ол – темір адамның күші. Темір адам біздің бұл сығылу аймағынан шығу жолындағы бірінші жәрдемшіміз болмақ. Мен соған тоқтадым. Басқа шара жоқ болса да әзірге.Мұныңыз ойланбай-ақ қолдайтын ақыл,- деді оған Азамат іле жауап қатып, - тек осы идеямызды ертерек жүзеге асырсақ. Ол үшін уақыт жоғалтпастан тынбай еңбек етуіміз, ізденуіміз керек.
- Иә, бұл дұрыс жол, - деп философ Сейдолла да қолдап қойды, - біз қашан да мына ғаламшарға Аймен барабар жарқырап тұрған алапат кемемізді темір адам арқылы басқаруымыз керек. Оны жүзеге асыру бір ғана темір адамның құзырында емес. Сондықтан да алты темір адам жасау қажет болмақ. Олар біздің бір бір ұқсасымыз сияқты әрекет жасамақ. Оның үстіне олардың күш-қуаты мен ақылдылықтары бізден еш кем болмауға тиісті. Өйтпеген күнде жүлдызаралық сапарда кемеге де, өзімізге де кез келген сәтте қатер төнбек.
- Жұлдызаралық жол оңай жол емес, - деп астрофизик Сәрсенбі отырғандардың ойын болді, - осылай қарай ұшып келе жатқанда қаншама қиындықтарды бастан кештік, ал енді қайта ұшып кетіп бара жатқанда да қиындықтың алдымыздан шыға келмеуіне кім кепілдік береді? Алыстағыны ойлмай тұрып бүгінгі мәселеге кірісуге болмайды. Мен де кемеде алты темір адамның болғанын қалаймын. Олардың әрқайсысы біздің әрқайсысымыздың әрекеттерімізді қайталауы тиісті. Сонда ғана сапарымыз оң болмақ. Жер мен екі ара аз қашықтық емес. Біз ол жағын да ойлауға тиістіміз...
Осындай қысқа әңгімеден кейін ғалым-ғарышкерлер іске кірісіп те кеткен. Өздері жеке құрған мекемеде жергілікті тұрғындардың көмегімен алты темір адам құрастыруды бастады. Темір адам мұнда тек көмекші ғана емес, адамның сенімді серігі де. Бұл елде темір адамдардың қаласы да бар. Бірақ ол да кіп-кішкентай. Осы жергілікті тұрғындардың өздеріндей. Сығылу аймағына жетпей тұрған кезде осындағылардың бәрі де алақандағы қыбырлаған жәндіктердей көрінетін еді. Енді өздері жасаған темір адамдар да өздерімен шамалас. Сығылу жағынан да, іскерлік жағынан да асып түспесе, кем емес. Темір адамның мұндай саналы дәрежедегі ұрпақтары Жер ғаламшарынан белгілі-тін. Ал мыналар олардан да ширақ. Ғаламшар тұрғындарының қай салада болмасын, күн көріп отырғандары да осы темір адамдар.
Тәкен бастаған топтың жасағалы отырғаны олардан жүз есеге үлкен. Оларға кеткен детальдардан алты жүз кішкентай темір адам құрап шығаруға болар еді. Сол алты жүзді алты алып темір адам алмастырмақ. Тағы бір ерекшелігі, бұл жай ғана бір темір торап емес, адам баласының сезімі мен мінез-құлқын да қайталай алатын күрделі жүйе. Сондықтан да олардың әрқайсысының есімдерін ғалым-ғарышкерлердің әрқайсысының есімдеріне сай атап, мінез-құлықтары мен ақыл-ой дәрежелерін де, мамандықтарын да соған сай үйлестірген. Темір адамның есіміне ғалым-ғарышкердің есімінің алғашқы әрпін қоюды ұйғарған. Ғарышқа ұшып шығар алдында оларға Темірбек, онан кейінгілеріне Алғыр, Сәттібек, Серәлі, Жақсылық, Серік деген аттар қойды. Содан кейін олармен қалай араласу керектігі жөнінде мәселелер қаралды. Темір адамдарға мына ғаламшар ештемеге тұрмайтын аспан денесіндей еді. Өздері талай уақыт жүріп өтетін жолды олар екі-үш адымымен-ақ кейінге тастайды. Сондықтан да оларды басқару да біршама қиын іс еді.
Алғашында бұл мәселеге ғаламшар тұрғындары да ойлана қараған. Өйткені, темір адамдардың әрбір қадамы қатерлі. Жүздеген адамды ауыр да жалпақ табандарымен оп-оңай жанши салады. Оған қарсы тұру өте қиын. Оларға қарсы қолданылатын ең мықты деген қару - ток көзі Күрделі жүйелер. Солар арқылы ғана басқарылады. Саналы адам баласы өзінен жүз есе үлкен нәрсені жасайды әрі оны сұқ саусағының ұшымен ғана басқарады. Бұл жолы ол іс тіпті де күрделі еді. Темір адамдардың әрбір бөлшегін жасау үшін де аз уақыт кеткен жоқ. Оны жасауға оны құрастыратын арнайы манипуляторларды жасаудың өзі де бір үлкен жұмыс еді. Дегенмен де ғалым-ғарышкерлер ол қиындықтардан бас тарта қойған жоқ. Қайта Жерге деген сағыныштары артқан сайын ол іске бар күш-жі- герлерімен құлшына кіріскен.
Темір адамдардың тағы бір ерекшелігі, олар белгілі бір адамның жүйесіне негізделетіні. Тәкен не жөнінде ойласа, Темірбек те соны оилайтын болады. Тәкен нендей әрекет жасаса, Темірбек те тап сол әрекетке көшеді. Жұлдызаралық жолда алапат кемені дұрыс басқару мен түрлі күрделі әрекеттер жасау сонда ғана мүмкін болмақ. Алғашқы қиындық та осы жағынан кездескен. Ғарышкерлер оны да жеңе білді. Жұлдызаралық сапарда кемені небәрі алты ғана адам басқаратын болғандықтан олардың ми жүйелері де ойдағыдай болуға тиісті еді. Ендігі басты үміт те соған ауған. Темір адамдардың ең басты ерекшелігі олардың тамақ ішпейтіні. Ток көзі болса жетіп жатыр. Әйтпесе, оларға тамақ артса, мына алапат деген кеменің өзінің бөлімдеріне де азық-түлік асып кетер еді. Ғарышкерлер бұл жағынан көп жеңілдік көре алатындарына іштей қуанды.
Осы іске деген ниеттері уақыт санап артқан сайын ғалым-ғарышкерлер жұмыстарына құшына кірісе берді. Алғашқы темір адамның «ми жүйелері» түгелдей өзгертілген-ді. Содан кейін-ақ ол Тәкеннің ұқсасындай кейіпке келді Темір адамның түрі де басшыдан аумайды. Айырмасы - алыптығы. Егер бұрынғы үлкен күніндегідей болса, ол ешқандай да алып болмас еді. Енді одан алып темір адам бұл ғаламшарда жоқ. Тәкеннің езінің алып ұқсасының сөйлегені де бір қызық еді. Тәкен аспанға қарайды, ал темір дам жерге қарайды. Тәкен қандай қимыл-әрекет жасаса, темір адам соны қайталайды. Кейде темір адам Тәкенді алақанына салып жоғары көтеріп, көз алдына апарып қызықтап қарайды. Бірақ мұндай көрініс ғарышкерлерге еш таңсық емес-ті. Ал мұндағы басты айырма да, қызығы да адамның өз ұқсасының езінен жүз есеге үлкен болғаны еді. Адам айнаға қарап тұрып өз өзіне күбірлеп қояды, бет-әлпетін шолып, шашын түзейді. Ал мынау бейнені үлкейтіп көрсететін айна түрі еді. Ал қалғандарының бәрі де сол үшін қалпында көрсететін айналар. Тәкен осы айналар арқылы да былай да темір адаммен жаттығу жасады. Бірақ әзірге солар үшін алапат етіп салынған үй ішінен шыққан жоқ. Оған рұқсат та алмаған-ды.Егер алып темір адам көшеге шығып кетсе, онда жыпырлап жүрген құмырсқадай халық қайда қашып құтылмақ.
- Енді бұлар нағыз алып ғарышкерлер болды,- деді жымиды. Тәкен бір кезде өзінің ұқсасына қарап.
- Енді біз нағыз алып ғарышкер болдық, — деп алып темір адам да жымиды.
Тәкен өзінің алып ұқсасының өз іс-әрекетін бұлжытпай орындағанына мәз бола оған жақындай түсті. Сөйтті де;
- Сығылу аймағын жеңіп шығуымыз керек. Содан соң Күн жүйеміздегі Жерімізге ораламыз!, - деді ол сәл қабағын түйіп.
- Иә, біз сығылу аймағын жеңіп шығуға тиіспіз. Содан соң Күн жүйеміздегі Жерімізге ораламыз, - деді Темірбек те қабағын түйіп.
Енді ғарышкерлерге қандай да бір артық сөз айту да қиын еді. Сондықтан да сөз айту мен ойлаудың өзі де ерекше белек бір жауапкершілікпен талап етпек. Өйткені аңғармай сөйлеп қалса, сырттағы бейбіт өмір сүріп жатқан саналы, санасыз мың-сан халықа бостан босқа қатер төніп кетуі де әбден мүмкін-ді. Осы кезге дейін Тәкен де, басқалар да дауыс- тап жақсы тілектер айтқандарымен іштерінен басқаша ойлайтын. Пенде болған соң жақсы ой мен пікірдің арасында жаман ойлар да кезігетін. Енді ондай ой тек қана өздері емес, бүкіл ғаламшар халқына қатер әкелмек. Сол жағынан келгенде ендігі сәз де, ой да аса сақтықты қажет етеді. Бірақ бұл темір адамдардың үлкен жәрдемшілер екендігіне еш дау жоқ та еді. Тәкен тек қана бұл темір адамдар емес, жалпы темір адамдардың ми жүйелеріне де жаман пиғылды бағдарламаудың қажет екенін ескертті сапарластарына. Өйтпеген күнде олар елге қатер төндірмек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет