Жасампаздық қиырында



бет19/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43
ТАБИҒАТҚА ТАБЫНУ
Ғаламшарға қарай аттанған топ-топ кеменің ішіндегі ел басшысы да, ғалымдар мен ғарышкерлер де ерекше көңілді еді. Алапат кеменің ішіндегі жүйелер автоматты күйге көшірілді, сол айналымжолында қалдырылды. Кейбірі жүйелерге темір адамның көмегі тиді. Жерден келген ғарышкерлер мен ел басшысы және ғалымдар топ-топ кемелердің орта тұсындағы үш кемеге бөлініп мінген. Олар бір бірлеріне ара-тұра қарасып та қояды. Қанша дегенмен де бөтен елдің өкілдері болған соң таңғалыс та жоқ емес. Кейбірі кеме иллюминаторынан кейінде қалын бара жатқан алапат кемеге қарап отыр. Ол алыстаған сайын дөңгеленіп, тап кәдімгі Жер ғаламшарының жалғыз табиғи серігі Ай сияқтана түседі. Оның ішіне кіріп көрген адам оны шынымен-ақ ғаламшар серігі деп есептеген.
Бұлар топ-тобымен ұшқан бойда ғаламшарды бірнеше рет айналып өтіп төмен қарай құлдилаған кезде көгілдір ғаламшардың ғажайып бұлттары неше түрлі құбылып, әдемілене түскендей болды. Ғаламшардың мұхиты да енді ап-анық. Бірақ Жер ғаламшарындағыдай мол емес. Ғалым- ғарышкерлер қонуға таяған сайын бейнебір Жерге қайта оралғандай күй кеше бастады. Сығылу аймағына жетпей тұрғанда бұл ғаламшар өздерінің аса үлкен емес кемелерінен сәл-ақ көлемді көрінетін. Енді тіпті де алып. Алып болғанда да өздері бұрыннан білетін Жер мен Айдың ір ірі мен салыстырғандағы көлемдеріндей. Бұл өздерінің ұлудай адам күшне түскеннен кейінгі керінісі. Бұл тағдыр да ғалым-ғарышкерлерді терең ойға салмай қалмады.
Алғашында сығылу аймағының төңірегінде ұшып жүргенде осылардың бәрі де кіп-кішкентай көрінген. Сонда өздері таңғалған да болатын. Сонда өздері «Жер басатын ғаламшар да болмады-ау» деп уәйім кешкен еді. Енді мына қону сол армандарының дәлелдене бастағанының көрінісіндей еді. Төменнен қара жер көрінді. Енді таза ауа мен таза суды да ішпек. Мұның бәрі де ғалым-ғарышкерлердің Жерге, елге деген ұлы сағыныштарын сәт санап күшейте түскендей де еді. Алтауы да тезірек осы қара жерді басуға, кең жайлауының төсінде емін-еркін жүріп-тұруды аңсады. Ал осы кемедегі ел басшысы ғарышкерлердің бұл көңіл-күйлеріне аса назар аудармады. Оның есіл-дерті ғаламшарында, ел-жұртында еді.
- Мен Жерден басқа мұндай ғажайып ғаламшарды өмірімде көрген жоқ едім, - деді осы кезде өз тебіренісін жасыра алмаған билолог Жақан.
- Мұның рас, - деді Азамат та жеңіл күрсініп.
- Бұл шексіз Ғаламда адам баласының ақыл-ойы жете бермейтін.Құпия құбылыстардың болып жататынын о бастан сезінемін, — деп қойды философ Сейдолла өзінің ашық-аңқау мінезіне салып.
- Иә, біз осы Ғаламнан бізге кездескен осы ғажайып ғаламшарға мейман болғалы қонып келеміз, - деп отырған орындығының биік жақтауына Қарай шалқая берді.
Бұл кезде кемелер де қанаттарын жайып жіберіп, топтасып қала да жоқ, елді-мекен де жоқ бір жазыққа қарай құлдилап қонып келе жатты. Мұның мәнісін ғалым-ғарышкерлер бірден түсінген. Жұлдызаралық сапарда кеме ішінде бөлімдер мен оранжерея, хайуанаттар мен құстар бөлімі, оранжереядағы туған ауылдарының көрінісі енді жай бір жасанды нәрседей болып та кеткен. Ғаламшар тұрғындары ғалым ғарышкерлердің ұлы табиғатқа деген осы сағыныштарын іштерінен жақсы түсінгендей де еді. Енді мұнда бәрі де табиғи. Әуелдегідей біп кш-кішкентай да емес, нағыз өзі. Ғалым-ғарышкерлер өздерін бей небір Жер ғаламшарына қайта келгендей сезіне түсті. Сол қуаныш пен тебіреніс көп қиындықты дәл қазір ұмыттырып та жібергендей Кеме ішінде жасалған күнделікті тіршілік кестесі де енді бөлек бір мән кен мағынаға ие бола түскендей.
Жалпы, саналы-санасыз тіршілік иелеріне лайықты деген ғаламшардардың бәрі де бір біріне ұқсас болып келеді. Олай болмаса мұндай ғаламшарда саналы-санасыз тіршілік деген де дамып-жетіле а,өркениетке ие бола қоймайды. Қанша дегенмен де ғаламшардың иесі адам болған соң оның сол ғаламшардағы іс-әрекеті де бөлек мәнге ие болып жатады. Қай кезде де адам мен адам арасындағы саналы біліми қарым-қатынас көп нәрсенің мағынасын аша түседі. Ғарышкерлер қонып келе жатып нешеқилы ойға батып та үлгерді. Ең бастысы ғаламшар тұрғындарымен тіл тапты.Ендігісі артта. Ғаламшарда біршама уақыт болса, одан кейін Жерге қайту мәселесіне де кіріспек. Мұндайда әрбір сағат, минут қымбат-ау.
Кеме келіп кең жазыққа табан тірегенде Тәкен отырған креслосын сәл қозғай орнынан түрегеп, иллюминатор әйнегі арқылы сыртқа көз салды. Өзін ғаламшардың кең даласы тарта түсіп, қандай да бір жақсылыққа қарай асықтырды. Ел басшысы ештеме деген жоқ. Ол әзірге үн түнсіз отыр. Оның өзі де талай ғарыш сапарында болған бұрынғы ғарышкер еді. Кеме есігі ашылған кезде әуелі ел басшысының бірнеше көмекшісі мен оққағарлары түсті жерге. Олар айнала жазыққа торғайлардай болып рет ретімен келіп қонып жатқан ғарыш кемелеріне қарап біраз тұрды. Қолдарындағы қол сағаттай ғана телебайланыс құралдарына қарап тұрып бір біріне өз тілдерінде бірдемелерді айтты. Тек содан кейін ғана іштегілерге «Сыртқа шыға беруге болады» деген хабар берді. Бұл кезде кеме ішіндегілер де дайын отыр еді. Тәкен кемеден шыққан бойда бәрін ұмытып, өздеріне тіршілік сыйлаған ғажайып ғаламшарға басын иіп тағзым етті. Содан соң ғарышкерлерге тән рәсім бойнша етбеттей жатып, қара жерді сүйді. Ол рәсімді артынша Азамат, Сәлмен, Сәрсенбі; Жақан мен Сейдолла да қайталады. Оны көріп тұрған айналадағылар үндеген жоқ. Ғалым-ғарышкерлердің қара жерді сағынып жеткенін іштей сезіп, ғарышкерлерге тән рәсімді жасағандарына іштей ризашылықтарын білдіргендей.
Осыдан соң дәм тату рәсімі өтті. Бұлар ғаламшар тұрғындарына кездейсоқ кездесе қалған адамдар емес,өздері үлкен қиындықтан құтқарып алған жандар. Сондықтан да енді Жер ғаламшарынан келгендер өз туыстарындай көрініп те кеткен. Кең даланың төсінде пайда болған кең дастархан басында Тәкен де, жанындағылар да толқып сөйледі. Адам баласы апам баласын тілдескенде ғана терең түсінеді. Осы ықыластың алдында ғана ғалым-ғарышкерлер өздерін жаратушының жанында жүрген адамдай сезінген еді. Енді ол көкіректері күрт басылып, тіпті, енді өздері біреуден көмек сұрайтын халге жеткен. Ең бастысы, қай дәрежеде болса да ешкімге қиянат жасап көрген емес. Қайта өздері үлкен кездерінде кіп-кішкентай әлемнің тұрғындарымен қалай дегенде де тілдесуге тырысып баққан еді. Сөйтемін деп жүріп өздері де сығылу аймағының тұтқыны болды. Бірақ енді оған өкініп отырған ғарышкерлер жоқ. Енді сығылу аймағынан құтылып шықса, сөйтіп жұлдызды әлемдегі өз жолдарына түссе, бірте-бірте қайта қалыптарына келулеріне мүмкіндік тумақ. Бұл, болса да ғалым- ғарышкерлердің ішкі жоспарлары.
Дәм тату барысында ғаламшарлықтар көптеген көкейкесті мәселелерді қозғады. Сырттай қарағанда әп-әдемі көрінген, ғажайып табиғатымен тәнті еткен ғаламшарда да осыншама кәкейкесті мәселелер болады деп кім ойлапты. Ел басшысы айтқан кейбір өкінішті жағдайлар да ғалым-ғарышкерлердің тұла бойларын шымырлатқан. Жұдызды әлем бір қарағанда тып-тыныш сияқғанғанымен онда да талай-талай құбьыыстардың өтіп жататыны ел басшысының әңгімесінен белгілі болды. Тәкен де ғамшардың тамаша табиғаты аясында ерекше көңілденіп, ерекше толқып сөйледі. Алғашында өзін бір түрлі сезініп, одан да қатты толқыған еді. Енді бірте-бірте бойын жинап, батылдана бастаған. Жерден келген ғарышкерлерге бұл дәм тату рәсімінен гөрі табиғатқа табыну рәсімі артығырақ көрінді. Оны ел басшысы да іштей сезіп-біліп отырды. Дәм алудан кейін алыстан келгендерге табиғат аясында серуен жасау ұсынылды. Тәкен өзі бастап, қалғандар соңына еріп, біраз жерге серуен құрды. Ұзақ жұлдызаралық сапардан кейін, салмақсыздық ортасынан кейін мынандай қара жерде алшаң басып жүру де оңайға соқпаған.
Алғашында бәрі де жүруді жаңа-жаңа ғана бастаған жас балалардай абайлап басып жүрді. Кеме ішіндегі сақтаулы ауа да әбден көкіректерін қысып тастапты. Тіпті, кейде, толық тыныс ала алмай да қалады. Кеуделерін бірдеме қысып тұрғандай. Бірақ жүру керек еді, анадай жерде күркіреп ағып жатқан өзеннің көрінісі де бір ғажайып құбылыс еді. Өмірлерінде өзен кермегендей бәрі де оған жете бере қатар тұрып, әскери тәртіп сақтап, бір мезгілде тізерлеп, одан етбеттей жатып, мөлдір таза суды ауыздарымен ішті. Бір қарағанда осындай жоғары мәдени дамуға жеткен адамдардың мұндай қылығы оғаш көрінер де еді. Бірақ ғалым- ғарышкерлердің ұлы табиғатты сағынып қалғандары сондай, дәл қазір ешқайсысы да айнала-төңіректе не болып жатқанына мән бермеді. Мән беруге шамалары да келмеген. Қатты шөлдеген хайуанаттар мен құстар айналасынан төнетін қауіпті қалай ұмыстса, бұлар да тап сондай бір күйді бастарынан кешірді. Ғаламшар тұрғындары да мұны іштей жақсы түсінген-ді. Олар да табиғаттың қадірін жақсы біледі. Олардың арасында да талай-талай жұлдызаралық сапарларда болсып қайтқандар бар.
- Егер де бір сығылу аймағына тап болмағанда, мұндай табиғи ләззатты ешқашан да алмас па едік, — деп айналасын көзімен баяу шолып өтті Тәкен суға қанған соң.
- Оныңыз рас, Тәкен, - деді оған жалт бұрылған Сәрсенбі, - Жерге қайта ұшып жеткенше өзіміз де бітер ме едік? Еш болмаса, мұнда әл жинармыз. Содан кейінгісі өзіміз аман болсақ, алапат кемеміз аман болса бола жатар.
- Мұндай әлемге мен алғашында аса таңырқаған едім, - деді сол кезде философ Сейдолла, - енді сол кіші әлемге өзіміз де кішірейіп түстік. Енді мен ешқандай да кіші әлемді сезініп тұрған жоқпын. Сонда Ғалам адам пенденің үлкен-кішілігіне қарай әрқалай көрінетін болғаны ма?Үлкен кезімде де бар көрініс осындай еді, енді кішірейгенде де тап сондай сияқты. Ендеше, әлемнің үлкен немесе кіші болып көрінуі де адамның сана-сезім іне байланысты. Жас кезіміздегі таулар үлкейгенде сәл де болса кішірейгендей болып көрінбей ме, осы?
Ғалым-ғарышкерлер осылайша мына ғажайып ұлы табиғаттың көрінісінен алған әсерлерін жасыра алмады. Ғарышкерлердің қай қайсысының да қара жерге, жасыл өсімдікке, гүлді әлемге, қалың орманға, гүрілдеп ағып жатқан өзенге, терең теңіз бен мұхитқа деген сағыныштары ерекше еді. Олар кепке дейін мауықтарын баса алмаған. Қара жерге қанша аунап, таза ауаны еркін жұтып, еркін серуен жасаса да мұны енді ешқайсысы бір сәтке де қияр емес. Ғаламшар тұрғындары да ғарышкерлерді асықтырған жоқ. Олар ғарышкерлерді осындай еркіндікке жіберіп, өздері өз жұмыстарымен айналысты. Ғалым-ғарышкерлер айнала табиғатты армансыз көрді. Өздерінің алапат кемелеріндегі оранжерея қанша жасыл, сәнді әлем болса да кіші деген мына ғаламшардың бір аймағына да жетпейтін еді. Ғаламшар, оның тіршілікке қолайлы жағдайы дегенді де ғарышкерлер енді ғана түсінгендей болды. Табиғатқа, оның келбетін сақтауға деген ниеттері де енді әрбір секунд сайын күшейе түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет