КЕМЕДЕГІ ҚУАНЫШ _ Алапат кемені мүлтіксіз басқарып, қиын жағдайдан дін-аман алып тыққан алты темір адам ғалым-ғарышкерлерге бұл дүниедегі ең ыстық жандай болып кетті. Сығылу аймағынан шыққан бойда Тәкен бастаған топ арнайы телебайланыс жүйесі арқылы үлкен ғаламшардың ел басшысымен тілдесті. Ғалым-ғарышкерлер сол сәттен бастап-ақ өздерін енді-енді ғана өсуге бет алған жас нәрестедей сезінген. Енді әрбір секунд, минут пен сағат тек қана ілгері қарай жылжымақ. Жер ғаламшарында дүниеге шыр етіп келген әрбір нәресте қалай тез өсе бастаса, бұлардың жүрек соғулары мен қан айналымдары да солай жылдамдаған. Минут сайын ғалым-ғарышкерлер өздерінің өсуге қарай бет алғандарын сезінумен болды. Бүкіл бойларын билеген, кернеген қуаныш денелерін де, бойларын да өсіре түскендей сезілген еді.
- Брар хабарласқан сәтте үлкен ғаламшардағы ел басшысы отырған үлкен үйдің кең алаңында халық көп жиналған жаңа бір жиын етіп жатыр еді. Ел басшысы сол жерде тұрып-ақ қиын да қауіпті әрекеттің осылай сәтті өтуімен Тәкен мен оның айналасындағыларын қызу құттықтады. Ол құттықтаулардың бәрі де арнайы бейнетаспаға жазылып алынған жоқ-ты. Әрине, бұл үлкен қуаныш, үлкен бақыт еді. Бірақ ғалым-ғарышкерлер де үлкен асулардан өтулері керек. Ол - ұлғаю еді. Жер бетінде жаңа ғана тәй- тәй басып жүре бастаған бала қалай қуанса, есі кіре бастағанда тезірек ер жетуге, үлкендердей болуға калай талпынса, бұлар да енді тап сондай бір күйді бастарынан кешкен. Алдарында ұзақ жұлдызаралық жол жатыр. Жер деген ғажайып та қасиетті ғаламшарға жеткенге дейін көп уақыт, көп ғүмыр қажет. Жұлдызаралық сапар тек айтуға оңай, ал кеме- мен ұшқұкан кезде оның ішіндегі әрбір секунд қана емес, әрбір секундтың бөлшегі де қатер күттіргендей болып отіп жатады. Кеме кез келген сәтте жоқ бола да алады. Ағып ұлып бара жатқан кемеге, ол кандай алапат болса да қандай да бір қаңғып ұшып жүрген бір дене келіп соқтығысса не болмақ? Ғарышкерлер Жерден ұшпай тұрғанда да ол жағын ойламай қалған емес. Басқасын былай қойғанда адам пенденің өзі де жанып тұрған бір шам сияқты. Ол дүниеге бір-ақ рет келеді. Бейнебір бір ғана рет бұраумен жүріп тұрып тоқтайтын сағат сияқты. Бірақ адамнан сол сағат та жақсы-ау. Ол бір бұрауы тарқағанда тоқтайды. Қайтадан бұрасаң, тағы да жүріп жөнеледі. Ал адам қартайып тозығына жетсе, оны қайтадан жасарту еш мүмкін емес. Әрине, адам баласының оргнаизмінің қыр-сыры бүгінде егжей-тегжейлі ашылған. Кемедегі әрбір ғалым-ғарышкер өзінің денсаулығын арнайы күрделі құралдармен алдын ала біліп отыра алалы. Қажет деп тапқан жағдайда жүрегін де, бүйрегін де, тағы басқадай органдарын да жедел ауыстыра алады арнайы күрделі құралдармен.
- Оның бәрі де оларға таныс нәрсе. Кеменің арнайы анатомиялық бөлімдегі мұздатқыштарда адам организмінің түрлі мүшелері сақталған. Тек енді ол мүшелердің бәрі де өздері қайта үлкейіп бұрынғы қалыпқа келгенше пайдасыз.
Бірақ, солай бола тұрса да, ғалым-ғарышкерлер оған мойыған жоқ. Мына жетістіктің өзі де бар қиындық пен қатерді кейінге қарай ысырғандай еді. Сондықтан да Тәкен бастаған топ қазір барлық мәселені кейінге ысырып, жаңа ғана телебайланыс арқылы сөйлеген үлкен ғаламшардың ел басшысына жауап қайырды. Тәкен қысқа әрі мазмұнды сөйледі Қысқа сөйлегенді Тәкеннің өзі о бастан ұнататын. Үлкен ғаламшарлықтар білдір- ген ілтипат пен қуаныш қай қайсысының да мәртебесін биікке көтерген. Мұндайда адам қатты тебіренеді. Бойындағы, күшіндегі бар жақсылығын сарқып бергісі келіп тұрады. Осыдан біраз уақыт қана бұрын өздерінің теңіндей санаған үлкен ғаламшарлықтар енді аянышты күйге тусе бастағандай да болды. Тәкен өзінің сөзінде барлық ой-пікірін сарқа айтты. Тебірене сөйлеген. Ол сөздері тек қана үлкен ғаламшардың тұрғындарына ғана емес, осы кіші әлемдегі басқа ғалмшардың тұрғындарына да телебайланыс арқылы толығымен жетіп жатты. Осындағы ғаламшарлардың ең үлкенінен сәл-ақ кіші келетін алапат кемеден берілген соң ол телехабарлар осындағы қай ғаламшарға да емін-еркін толық, анық жетіп жатқан еді. Сондықтан да бұл жұлдыз жүйесіндегі барлық ғаламшарлардың тұрғындарын құлағдар еткен. Бұл қуанышты хабарды өздеріне жаугер- шілік көрсетіп, екі рет шабуыл жасап, жеңе алмайтындарына көздері жетіп, өз елдеріне қайта қайтқан топтар да естіп-көрген.
Тәкен сөз сөйленіп, алғыс айтылып, көңіл орныққан соң кемеге үлкен ғаламшардың ел басшысын шақырды. Бірақ ол бұл шақыруды үлкен ілтипатпен қабыл алды да, артынша сығылу шекарасынан шығуға болмайтынын ескертті. Онысы дұрыс та еді. Ел басшысы алапат кемеге өтсе, осы жұлдыз жүйесіндегі күллі ғаламшарлардың тұрғындары шеруге шығады. Мұны олар дастархандық құрмет емес, ел басшысының қашқындық әрекеті деп түсінбек олар. Сол себепті де ел басшысы өзінің бap алғысын білдіріп, телебайланыс арқылы жүздесіп-тілдесумен шектелді. алым-ғарышкерлер осыдан кейін ғана барып басқару пульті бар басқы бөлімде манипулятор-қолдардың көмегімен қуаныш дастарханын жайды. Дастарханға үлкен ғаламшардан алынған түрлі дәм қойылды. Ара- ларында кіші әлемнің жалғыз ғана өкілі ұлудай адам бар. Ол о бастан Жер ғаламшарын өз көзімен бір керуді, қайта үлкеюді арман еткен, соған бет ұрған болатын. Сол себепті де үлкен ғаламшардың ел басшысы да ұлудай адамның ғалым-ғарышкерлермен бара беруіне шек қоймаған.
Дастархан үстіндегі емен-жарқын әңгіме, ән айту, күй күмбірлету сияқты қазаққа тән өнерлерін көрсетті ғалым-ғарышкерлер. Осы сәтте куанбағанда, қай кезде қуансын. Өмір, өсу мен кеңею енді тек алға қарай жылжыған. Енді уақыттың етуіне қарай қай қайсысы да тек ұлғаймақ, өсе бермек. Қуанышты дастарханды үлкен ғаламшардың тұрғындары да жайып жатты. Ел басшысы ол дастархандардың соңын үлкен тойға да ұластырып жіберген. Ол бәрін де алдын ала ұйымдастырып та қойған екен. Үлкен ғаламшардағы халықтың сонша кәп жиналып, дүрілдетіп тойлап, өздеріне осыншама құрмет пен ілтипат көрсеткендері ғалым-ғарышкерлерге үлкен бір бақыт еді. Сығылу аймағынан шыққандарына әзер-әзер сенген олар енді мына кең кеңістікке де сыймай бара жатқандарын сезінеді. Адам баласы қатты қуанғанда өзінің бұл жарық дүниеде жүрген бір уақытша пенде екенін де үмытып кетеді. Ғалым-ғарышкерлерге де тап сондай бір бақытты шақ орнаған еді. Өздері Жерде жүргенде, ұнатқан қыздарымен махаббат сезіміне бөленгенде де ғұмыр шектеулілігін ұмытатын. Одан кейінгі өздерін мәңгілік ғұмыр кешетіндей сезініп тұрғандары да осы.
Дәл қазір өздері ғана емес, дәл осындай қуанышты да бақытты сәт кіші әлемдегі бірнеше ғаламшардың тұрғындарының арасында да тойланып жатқан сияқты. Ол телебайланыс жүйелері арқылы байқалып та тұр. Енді оған қызыға қарамау да еш мүмкін емес. Өздері де олардың әрқайсысына сәлемдерін жолдап, алғыстарын білдіріп отырды. Өмірде осындай да аса бақыты сәттер болады. Тек мұндай бақытты сәттер адам мен адамның, ел мен елдің, ғаламшар тұрғындары мен ғаламшар тұрғындарының арасындағы түсіністік өз дәрежесінде бой алғанда ғана орнамақ. Адам ол дәрежеде түсініспесе, онда ол кіммен тілдесіп, кіммен сырласып, кімнен көмек сұрар еді. Ғалым-ғарышкерлер Жер мен осы кіші әлем арасындағы жұлдызаралық ұзақ жолда оңашалықтың не екенін де әбден сезінген. Тек бір бірін ғана біліп, әрқайсысының амандығын ғана тілеумен болған. Осы сапарда «Кемедегінің жаны бір» деген мақалдың түп-төркінін де терең түсінген. Содан кейін кішірейіп, мына көз алдарындағы үлкен ғаламшар деп атап кеткен кішкентай ғаламшардағы елде болған кездерінде көпшілікпен араласып, сол бір жұлдызаралық жолдағы қиындық пен оңашалықты ұмытқандай болған еді. Енді тағы да жол, жұлдызаралық жол басталмақ! Алапат деген кеменің ішіндегі шектеулі орта, оранжерея, құстар, аңдар мен үй жануарлары бөлімдері, тек солар. Қосылғаны алты алып темір адам. Өздері қашан ер жеткенше бар тағдырлары сол темір адамдардың қолдарында болмақ. Тек бір ғана үміт, бір ғана сенім
- өздерінің ми биотогымен темір адамдардың электронды миларының тікелей байланыстылығы, олардың өз айтқандарынан шыға алмайтыны тек амандық керек. Сонда ғана барлық арман-тілектеріне жете алмақ. Сығылу аймағынан дін-аман шығып, оны кеме ішінде тойлап, қуанышқа кенелгеннен кейін ғалым-ғарышкерлер жолды, Жер мен екі арадағы жағдайды да осылайша естеріне алған еді.