ӘЛЕМДЕГІ АЛТЫ АЛЫП Күн жүйесіндегі Жер деп аталынған ғаламшардан келген ғарышкерлер жасаған алты алып темір адам жайлы хабар лезде күллі елге тарап үлгерді. Мұндағы мәдени даму жоғары болғандықтан күрделі техника жасап шығару ісі де аса қиынға соқпайтын. Тек бір ғана қауіп, темір адамдардың ми жүйелерінде қандай да бір кілтипанның орын алуы болмаса болғаны ғаламшар тұрғындары ол жағын да аз ойламаған. Ал темір адамдар болса, айналасы бірнеше күннің ішінде ғаламшарда тұратын барша халыққа; «Әлемдегі алты алып» деген құрметті атқа ие болып та үлгерді. Олар жөнінде ғаламшардағы барлық елдің баспасөз орындары жазып та жатты. Тәкен де, Азамат, Сәлмен, Сәрсенбі, ақан мен Сейдолла да Жер ғаламшарында адам баласы жарылғыш заттардың түр-түрін жасап, ақыр соңында өздері сол қатерден сақтануға мәжбүр болған. Кей жерлерде кездейсоқ болған жарылыс, сол жерде және басқа да аймақтарда тұрған халықтың денсаулықтарын құртты. Қаншасы мүгедек болып қалды. Мертіккендері де аз емес-ті. Сондай құдіретті бір түрі еді мына алты алып темір адам.
Ел басшысының алғашында бас тартып, кейіннен ғана келісімін бергенінде де осындай мән бар еді. Бәрі де Жерден жұлдызаралық кемемен ұшып келген ғалым-ғарышкерлердің өз кемелерінде кішірейіп қалғандарына өкініш те білдірген. Содан кейін-ақ олардың алапат кемесін басқаратын алты алып темір адамды жасап шығаруларына көмек көрсеткен. Сол аяныштың бәрі де ел басшысының бұл мәселеге рұқсат етуіне әкелді. Бұл темір адамдардың Жерден келген ғалым-ғарышкерлер ғана емес, алапат кеме мен ондағы мәліметтер арқылы Жер жайлы көп білуге де мүмкіндіңк тумақ.
Темір адамдардың пайдасы қазіргі жагдайда да тиді.
Содан кейін-ақ әлемдегі алты алып деген сөздің соңы аңызға айнала бастады. Айналмай қайтсін, олардың жасаған істері ғаламшар тұрғындары үшін өмірде бұл кезге дейін болып көрмеген жаңалық еді. Олар мұндай ғажайып алып темір адамдарды өмірлерінде кездестірмеген. Мұндай ғажайып күш иелері жөнінде тек аңыз-әңгімелерден оқитын, адамдардың ауыздарынан еститін. Ондайды бір көруді армандайтын. Енді міне, ол армандары жүзеге асқан. Көп уақыт өтпей сол алты алып темір адам алғаш рет көшеге шықты. Олар үшін жеңіл көлік біткен түнде ұшатын жарқырауық түн қоңызындай, ал адамдар ұлудай ғана болып көрінеді. Сондықтан да темір адамдарға көшеде қадам басып жүру мейлінше қауіпті де еді. Ал ең бастысы да, қызығы да олар Жерден жұлдызаралық кемемен ұшып келген алты ғарышкердің ұқсастары, солардың ой-идеяларын жүзеге асырушы.
Темір адамдар алғашқы серуендерін жазық, адам баласы мен көлік жоқ жерден бастады. Олардың жүрістеріне ілесіп отыру үшін Жерден келген ғарышкерлер шағын бесаспап көлікке мінді. Онымен қатты жүре де алады, қажет кезде жерден шамалы көтеріліп ұша да алады. Көлік биік бағаналардай көрінетін алып темір адамдардың аяқтарының арасынан да емін-еркін олай да, былай да ұшып өте береді. Темір адамдардың ауыр аяқтарына кигізілген аяқ киімдер де салмақты еді. Олардың теміртабандарынан түскен із тап бір Ай бетінде аяқ басқан адамдардың ізді аяқ киімдерінен түскен іздердей болып айшықталып жатты. Олар әп-сәтте басып өткен жерлерге ұлудай адамдар ұзақ уақыт жүреді. Оларға ол көп шақырымдық жер. Жерден келген адамдар ғана темір адамдардың бұл әрекеттерін жақсы түсінеді. Өздері ұлудай ғана болып қалса да, кеп нәрсені ой елегінен өткізеді, Жердегі дәурендерін көз алдарына елестетеді. Кіп-кішкентай әлемді өз дәрежесінде сезінеді. Өйткені адам болсын, басқа болсын, бүл дүние әлемін сол дәрежесінде көре алады. Тек ойға қалдыратыны шектеулі қашықтығы ғана. Одан әрідегісі болса да ұлыңғыр. Жерден келген ғарышкерлерге алғашында осы жұлдыз жүиесі кіп-кішкентай ғана әлем болып көрінген жоқ па еді. Енді өздері кішкентай күйге түскен соң ол ұлғайып шыға келгендей болды. Бұл әлемдегі өздерінің аса кішірейіп кеткендерін нақты дәлелдейтін бір ғана алапат жұлдызаралық кемелері еді. Сол ғана өз қалпында қалған.
Өйткені ол адам қолымен жасалған жансыз зат. Қалған тау да, тас та, көл де сығылу тағдырын басынан кешірген. Енді міне, өздері де сондай күйге түсіп, ұлудай ғана адамға айналды.
Өздері қолдан жасап шығарған алып темір адамдар бәрібір де өздерінің бұрынғы қалыптарын көз алдарына әкелді. Тек енді сол дәрежелеріне жетуге қолдарынан келер шаралары жоқ. Сол алғашқы заманына қайта оралу үшін қаншама күш керек. Енді кемені өздерінше игеру, оны сығылу аймағынан алып шығу көп батылдықты талап етеді. Сондықтан да ғалым- ғарышкерлер оларды түрлі күрделі жаттығулардан өткізуді қайта қолға алған. Әуелгісі жазық далада өтті. Олардың жүріс-тұрыстарында пәлендей өзгешелік жоқ еді. Адамға тән саналы қимыл-қозғалыс жасайды. Темірден жаралғандығына қарамастан жаттығу кезінде тірі адамға тән төзімділік пен шеберлік танытты. Олардың басты ерекшеліктері Жерден келген адамдардың ой-санасы мен әрекеттерін бұлжытпай қайталайтындығында еді. Ғарышкерлер нені ойласа, темір адамдар да соны ойлайды. Мұндағы ел басшысы да темір адамдардың тек солай болуын талап еткен. Онысы бір жағынан дұрыс та. Адамның ой-санасымен байланыстырылмаған темір адам адамның өзіне тек қауіп төндірмек. Егер олардың ішкі жүйелерінде қандай да бір кілтипан орын алса, мына ұлудай ғана өздерін алапат темір табандарымен оп-оңай жаншып тастамақ.
Кең даладағы ұзақ жаттығулардан кейін алты алып темір адамдар қайта оралды. Қала халқы оларды әрі қуанып, әрі үрейленіп қарсы алды. Жерден келген ғалым-ғарышкерлердің осындағы сығылу аймағына тап болғанға дейінгі алып тұлғаларының ұқсастары еді темір адамдар. Бет-әлпеттерінің әр ғарышкерге ұқсастығы да қала халқына жақсы белгілі-тін. Халық көшеге шыққан. Алты алыппен жүздесу қала халқы үшін үлкен құбылыс та еді. Егер Жерден келген ғарышкерлер сығылу кеңістігіне тап болып осындай жағдайға ұшырамағанда, темір адамдармен бірдей болып жүрер еді. Мына ғаламшар да сол бұрынғы қалпында болмақ. Ғаламның мұндай құдіретіне шара бар ма? Кішіні ұлғайтып, үлкенді кішірейтіп жіберіп жатқан бір ғажайып, ақыл жетпес құбылыс.Егер Жерден келгендер сығылу аймағында кішірейіп кетпесе, кеме ішінде де тап осы алты алып темір адам сияқты жүріп, оны емін-еркін басқарар еді. Қатер де аз болмақ. Енді темір адамдардың жөні бөлек. Олар қанша дегенмен де адам баласының ой-санасы мен әрекеттерін бұжытпай қайталайды. Темір адамдардың халықпен жүздесуі де сонысымен қызық.
Тағы бір ғажабы, темір адамдардың әрбір ғарышкердің атына сай аттары да бар. Қала халқына ол да жақсы белгілі. Мерзімді баспасөз, телерадио және тағы басқадай ақпарат құралдары арқылы білген. Қайсысының қай ғарышкердің ой-санасы мен әрекетін қайталайтыны да айдан анық көрініп тұр. Темір адамдар қалаға келген соң үлкен стадионда халықпен кездесу басталды. Әлемдегі алты, алып темір адам сол стадионның ішіне оның қабырғасы арқылы аттап кірді. Олар тікесінен тік тұрғанда ұлудай адамдарға темір адамдардың бет-әлпеттерін анықтап көрудің өзі де қиын еді. Алыптардың төбелері де бейнебір аспандағы бұлтқа тірелетіндей көрінген. Ал олардың жанында тұрған Тәкен, Азамат, Сәлмен, Сәрсенбі Жақан, Сейдолла кш-кішкентай ғана адамдар. Бірақ олардың білімдері мол болғандықтан өздерінен осыншалықты алып алты темір адамды уыстарында ұстап тұр. Ғарышкерлердің қайсысы қалай сөйлесе темір адамдардың соларға ұқсастары дәл солай сөйлейді. Осындай ғажайып кездесуді көруге келген қала халқында сан жоқ.
- Құрметті халайық!-деп басталды сөзін Тәкен, - біз бүгін сіздермен жүздесіп, тілдесуге келіп тұрмыз!
Құрметті халайық!-деп қайталады оның сөзін өзіне ұқсас темір адамы, - бүгін біз сіздермен жүздесіп тілдесуге келіп тұрмыз!
Халық толқындай қозғалып кетті. Оларға алып темір адамның әкеннің сөзін бұлжытпай қайталағаны қызық көрінген. Темір адамның, тірі адамның дәлме-дәл қайталауы бұдан бұрын да, темір адамдарды алғаш жасай бастаған кезде де болтан. Ол Жерден келген ғарышкерлер үшін де, жергілікті тұрғындар үшін де тансық емес. Мұндағы қызық нәрсе, осы алып темір адамдардың жанындағы ұлудай ғана ғарышкерлерге тапжылмай бағынуы. Олар ғарышкерлердің айтқан бұйрықтарынан шыға алмайды. Ал бірақ, ғалым-ғарышкерлер үшін бір қиын нәрсе, ешқашан да, ешбір минутта адам баласына жаманшылық ойлауға болмайды. Егер қайсыбірі ішінен жамандық ойлай қалса, онда темір адамдардың миында да тап сондаи жаманшылық ой туындап, жазықсыз халыққа қатер төнеді. Жерден келген ғалым-ғарышкерлер осы жағына аса сақ та еді. Темірбектен кейін Алғыр, Сәттібек, Серік, Сералы мен Жақсылық сөйледі. Бәрі де өз ғарышкерлерінің сөздерін қайталаған. Соның өзінде де оларды тыңдап тұрған халыққа әсерлері мол болды. Тұрғындардың бәрі де бұрын-сонды темір адамнан хабардар болса да мына алыптардың қылықтарына қайран. Халық алты алыптың қызығын ұзақ тамашалады. Олардың көбі өздерінің өткендегі жағдайларын қайталап көріп тұрғандай бір күйде екендерін де дәл қазір ұмытқандай еді.
Ал Жерден келген алты ғарышкер бұл көріністі қимады. Көпке дейін қараумен, өздерінің сөздері мен ойларын қайталатумен болған. Осы кездесуден кейін алты алып темір адам жанындағылармен бірге ғарышқа кемелер аттандырылатын аймаққа қарай жүрген. Олар үшін бұл ғаламшарда алыс жер, алыс аймақ деген ұғым жоқ. Алып темір адамдар ғаламшар жазығындағы ұлудай адамдар көре алмайтын нәрселерді де оп-оңай байқайды. Ұлудай адамдар шыға алмайтын биіктерге де оп-оңай шығады. Ондай қимыл-әрекет оларға тіпті де қиындық тудырмайды. Жанындағы кіп-кішкентай адамдарға қолұшын да береді қажет кезде. Ендігі жоспар да ғаламшар төңірегінде айналып ұшып жүрген алапат кемеге осы алып темір адамдарды апару еді. Жерден келген қазақ ғарышкерлері сол мақсатта алып темір адамдарды ғарышқа кемелер ұшатын айлаққа қарай бастаған-ды.