1 айлығында бала анасының дауысын таниды, естіген
және көрген әсерлерлін өзара байланыстыруға талпы-
нады, дыбыстың ырғағын, биіктігін және көтеріңкілігін
ажырата бастайды.
2 айлығында сәби басқа дыбыстарға қоса жаңа дыбыс-
тарға құлақ түреді, әуен тыңдайды, ересек адамның
дауысын естігенде күлімсірейді.
3 айлығында баланың естігіштігі айтарлықтай жақсара-
ды, бала қарқындылығы 50-60 децибел (кәдімгі ауызекі
әңгіме) дыбыстарды ести алады. 3 ай толғанда сәби
дыбыс көзіне басын бұрады, дыбыс шығаратын затқа
үңіле қарайды. Осы жаста гу-гулеу және жандану кешені
орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: