Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША



Pdf көрінісі
бет121/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

СӨЙЛЕУ БЕЛСЕНДІЛІГІН ЫНТАЛАНДЫРУ БОЙЫНША 
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫС-КЕҢЕСТЕР 
13


ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ
БАЛА ТІЛІНІҢ
ДАМУЫНДАҒЫ
ОТБАСЫ РӨЛІ 
14
97


Сонымен, бір жасқа дейін:
баланың ересектермен тілдесу қажеттілігін дамытыңыз;
бөбекті жиі атымен атаңыз;
үнемі баламен тілдесуде эмоционалдық жағымды сезімнің 
сақталуын қамтамасыз етіңіз;
тәртіптік іс-шаралар (тамақтандыру, шомылдыру, ұйқыға 
жатқызу) кезінде және ойын ойнау кезінде баламен 
көбірек сөйлесіңіз; дыбыс тітіркендіргіштерін түрлен-
діріңіз, дауыс ырғағын өзгертіп отырыңыз, сөздер мен 
дыбыстарды созып және әндетіп айтыңыз, сөздерді қара-
пайым етіп айтыңыз;
сәбиіңізбен «әңгімелескенде» тілдесуді сұхбат түрінде 
құрыңыз, яғни, сәбиге сөйлегеннен кейін, оның жауап 
қатуына уақыт қалдырыңыз, кідіріс жасаңыз. Бұл өзара 
түсіністікті қалыптастырудың маңызды шарты болып 
табылады;
ұмытпаңыз, бала тек сізді естіп 
қана қоймай, сонымен бірге 
бет-әлпетіңізді көру, ерін, 
бет қимылын бақылау 
мүмкіндігіне ие болуы 
тиіс;
ересек адамның сөйлеген 
сөзінің дыбыстарына еліктеу 
қабілетін дамытыңыз.
Б
аланы физикалық, психикалық және интеллектуалдық 
тұрғыдан тәрбиелеу ерте балалық шақта басталады. Бар-
лық дағдылар, соның ішінде, дұрыс сөйлей білу дағды-
лары отбасы аясында игеріледі. Баланың тілі оның туған 
және туыс адамдарының сөйлеу үлгісімен қалыптасады. 
Әрі, сөзімізге сеніңіз, баланың ерте жастан бастап дұрыс
анық және салмақты сөз естіп өсуі аса маңызды. Дауыс 
реакциялары (сөйлеуге дайындық элементтері) бала-
ларда өмірлерінің алғашқы айларында ересек адаммен 
эмоционалдық қатынас әсерінен пайда болады. Бұл – тіл 
дамуының және жалпы тіл қызметінің алғышарттарының 
қалыптасуының негізі. Туған немесе туыс адам-
ның күлімсіреуі, қуанышты дауысы – міне, 
баланың осы кезеңде дамуы үшін ең 
маңыздысы. Себебі, дүниеге келгеннен 
кейінгі алғашқы жыл – тіл қалып-
тасуының дайындық сатысы. Оған 
балалардың дауыс реакциялары, 
еліктеу және сөз мағынасын түсіну-
дің бастамасы кіреді.
98


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   229




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет