Б
арлық ұлдар мен қыздар тәртіпті
болып, тек
ата-анасы мен мұғалімдері
айтқанын ғана істесе, шіркін, қандай
ғанибет болар еді! Онда балаларға
ұрсудың да, оларды
жазалаудың да еш
қажеті болмас еді. Өкінішке орай, бұл
мүмкін емес: мінсіз адам жоқ, балалар
да - сол адамдардың бірі.
Балаларға кейде сезімдерін ашуға булығып, асқан
қызба-
лықпен көрсету тән, осындай сәттерде олар жерге құлай
кетеді, жерді
аяғымен тепкілейді, айғайлайды, айналадағы
адамдарды тоқпақтайды. Балалардың нашар көңіл-
күйінің және мінез-құлқының туу себептерін түсіну олар-
дың ата-аналарына болашақта жағымсыз жайттардың
алдын алу шараларын жасауға септеседі.
Балалардың
жаман мінез көрсетуі, әдетте, бала шар-
шағанда, қарны ашқанда, көңілі қалғанда орын алады.
Көбінесе мұндай мінез-құлық ересектердің тыйым салуы-
на (әлдебір затты алуға болмайды, шалшық
суда ойнауға
болмайды) немесе ойыншық, тәтті сатып алудан бас
тартуға жауап ретінде туындайды.
Кейде осындай мінез-құлық
көрінісі құрдастарымен
шыққан жанжал нәтижесі болуы мүмкін: мысалы, бала-
лардың біреуі ойыншығын тартып алды, ал бала не істерін
білмейді, өз ренішін білдіру үшін ересектердің назар
қалай аударуын білмейді.
Достарыңызбен бөлісу: