Жақсы ауданы, Беловодское ОМ
Жиынтық бағалау тапсырмаларының шешімдері
(Мұғалімдерге арналған көмекші құрал)
Физика
7-сынып
Дайындаған: Бекболат Еркегүл
2018ж.
Әдістемелік ұсыныста 7-сынып «Физика» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының шешімдері көрсетілген. Бұл жиынтық бағалау тапсырмаларының шешу жолдары 7-сынып білім алушының «Физика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу кезінде мұғалімнің уақытын үнемдеу мақсатында дайындалып құрастырылған.
Әдістемелік ұсыныс негізгі орта білім беру мектебінің физика пәні мұғалімдеріне арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында 7-сыныптың «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» тапсырмалары алынды.
Жақсы ауданы Беловод орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Бекболат Еркегүл құрастырған «Жиынтық бағалаудың шешімдері» атты мұғалімдерге арналған көмекші әдістемелік құралына П І К І Р
Әдістемелік құралда 7-8 сыныптарда физикадан жиынтық бағалау жүргізуге арналған тапсырмалар жинақталған. Тапсырмалар оқу бағдарламасының көлеміне сай және жалпыға білім беру стандарты талаптарының орындалуын көзделіп құралған. Тапсырмалар бөлімдер бойынша белгіленіп, тоқсандарға бөлінілуі қарастырылған. Жиынтық бағалау жүргізу үшін сапалы құрастырылған есептер мен тесттер, сонымен қатар сәйкестендіру амалына, оқушының логикаық ойын дамытуға, практикалық бағыттағы дағдыларын нығайтуға арналған тапсырмалар жоғары деңгейде және сапалы құрылған.
Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептерде физика мұғалімдеріне бөлім, тоқсан бойынша жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізуге көмекші құрал ретінде ұсынылады.
Пікір жазған бірінші санатты физика және информатика мұғалімі, білім беру бөлімінің әдіскер-менторы Меруерт Сағдатқызы Тохашева
1-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ «Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тапсырма
Құбылыстарды түрлеріне қарай топтарға бөліп, кестеге еңгізіңіз:
Доптың домалауы, қорғасынның балқуы, күн күркірегенінің естілуі, қар еруі, жұлдыздар жарқырауы, судың қайнауы, таң атуы, жаңғырық, сағат маятнигінің тербелуі, бұлттар қозғалысы, көгершіннің ұшуы, найзағай жарқылдауы, электр шамының жануы
механикалық
|
электрлік
|
дыбыстық
|
жылулық
|
магниттік
|
жарықтық
|
Доптың домалауы, бұлттар қозғалысы,
көгершіннің ұшуы
|
электр шамының
жануы
|
күн күркірегенінің
естілуі,
жаңғырық
|
қорғасынн ың балқуы, қар еруі, судың қайнауы
|
сағат маятнигіні
ң тербелуі,
|
жұлдыздар
жарқырауы, таң атуы, найзағай жарқылдауы
|
Төменде көрсетілген физикалық құбылыстардың қайсысын зерттеу кезінде эксперимент әдісін қолдану жеңілірек болады?
Кемпірқосақ пен найзағайды зерттеу кезінде ғылыми әдістің қандай түрін қолданасыз?
«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау»
Тапсырма
Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіріп, сәйкестігін көрсетіңіз.
Келесі шамаларды үлестік және еселік қосымшаларды қолданып жазыңыз:
1,44 ∙ 106 байт = 1,44Мбайт
1,8 ∙ 10-1 м = 1,8дециметр
3 ∙ 10-6 с = 3мкс
25 ∙ 10-3 м = 25мм
a) Дәптер ұзындығын өлшеу үшін сызғыштың дұрыс қойылған суретін көрсетіңіз.
Өлшеуіш цилиндрдің бөлік құнын анықтаңыз: 5 мл.
Бұл мензурканың бөлік құнын анықтау үшін ең кіші санды аламыз да оған дейін (50-ді қоса алғанда) қанша бөлік тұрғанын санаймыз, сосын оны бөлеміз: 50 ÷ 10 = 5мл
Суретте көрсетілген өлшеуіш цилиндрге құйылған сұйықтың көлемін қателікті ескере отырып анықтаңыз және оны келесі түрде жазыңыз: V = 125 ± 2,5 мл.
Кез келген құрал-жабдықтың ең үлкен қателігі – сол құралдың бөлік құнының жартысына тең: 5 ÷ 2 = 2,5мл
Достарыңызбен бөлісу: |