Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кесте қағаздар, сөзжұмбақ, тесттер, дидактикалық ойындар, суреттер



Дата04.02.2020
өлшемі46 Kb.
#57154
түріСабақ
Байланысты:
ертегі математика

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Мақсаты: Оқушылардың осы күнге дейін алған білімдерін тиянақтап, қайталау, есептер арқылы білімдерін тексеру.
Сын тұрғысынан ойлау техникаларының элементтерін пайдалана отырып оқушылардың зейінін ойлау, байқағыштық қабілеттерін, зерде үрдісін дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылыққа жетелеу. Оқушыны ізденуге, салыстыруға, жеке жұмыс, топ болып, бірлесе жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, адалдыққа тәрбиелеу. Оқушылар бойына адамгершілік қасиеттерін енгізу.


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кесте қағаздар, сөзжұмбақ, тесттер, дидактикалық ойындар, суреттер.
Сабақтың түрі: Мақта қыз бен мысық ертегісі желісіндегі саяхат сабақ,

Сабақтың барысы

Мақта қыз бен мысық ертегісі.

Ауыл шетіндегі бір үйде кішкентай бір қыз өмір сүріпті. Оның аты Мақта қыз. Оның мысығы болыпты. Бұл екеуі дос болып жүреді. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысықты шақырады. Мысық келмейді.

Қыз: Келмесең келме – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп:

Мысық: — Неге шақырдың? — деп сұрайды.

Мақта қыз айтпайды.



мысық: — Ендеше қатығыңды төгем - дейді.
Мақта қыз: — Мен құйрығыңды кесіп аламын - дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығың кесіп алады.

Мысық:— Мақта қыз құйрығымды берші - дейді.

Мақта қыз: Қатығымды қайтарған соң, құйрығыңды беремін дейді.

Мысық сөйтіп жолға шығады. Жайылып жүрген сиырларды көріп сол жаққа қарай беттейді. Қасына келіп:



Мысық: Сиыр, сиыр маған қатық берші

Сиыр: Менің қарыным қатты аш. Маған жапырақ керек.

Жүгіріп ағашқа барады.



Мысық Ағаш маған жапырақ берші

Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын. Маған су әкеліп берсең мен саған жапырақ беремін.

Суды қайдан табарын білмеген мысық басын төмен салып, мұңайып келе жатқанда алдынан қызар шығады. Қыздардың қодарынан суды көріп, қуанып қасына келіп су сұрайды.



Мысық: қыздар, маған су беріңдерші

Қыздар: Күліп ана жерде дүкен бар. Бізге сағыз әкеліп берсең біз саған қуана- қуана су береміз.

Жүгіріп, барып дүкеншіден:

Саламатсыз ба дүкенші апай, маған сағыз керек.



Дүкенші: -Менің дүкенімде жұмыртқа бітіп қалды. Егер дүкенімде жұмыртқа болмаса менің сатып алушыларым маған ренжиді сен маған бірінші жұмыртқа әкеліп бер мен саған сағыз беремін.

Автор: Дүкеннің қасында жем жеп жүрген тауықтарды көріп, соларға барады.

Мысық: -Тауықтар маған жұмыртқа керек. Маған жұмыртқа беріңші

Тауық: -Біз таң сәріден бері жерден тары іздеп табалмай келеміз. Сен бізге тары әкелші. Әйтпесе біздің қарынымыз аш.

Автор: Енді мысықтың амалы таусылып тарыны кімнен сұрарын білмей абдырап тұрады. Енді құйрығымды қалай аламын деп жыламсырап отырады. Сол кезде құлағы бір дыбысты естіп қалып сол жаққа қараса інінен асығып бара жатқан тышқанды көреді. Қуанып кеткен мысық тышқанды бас салады. Барын ашуын шығарып мысық тышқаннан:

-Жаның барында айт үйіңде не бар...

Зәресі ұшқан мысық қорықып үйінде тұрған өзінің қыстан шыққан астығын айтады:

-Менің үйімде қыста өзім азық еткіп жүрген тарымнан бір уыс қана қалды дейді іркіп жауап қайтарды. Үйіне жүгіріп барып мысыққа бір уыс тарыны әкеліп береді. Қуанған мысық кері қайтады. Тауыққа барып оларға жем беріп болып, тауықтар:

-Бізге сенің көмегің керек. –Қандай көмегім керек...

Тауықтардың есебі:


750
-Біз дүкеншіге аптасына жұмыртқа бергенде дүкенші бізге 1000 тг береді. Біз соның ¾ бөлігін қысқа азғымызға жинап қойдық. Бізде қалған неше тг екенін есептей алмай отырмыз? 1000*3/4

Дүкеншіге келіп:

Дүкенші қағазға шимайлап отыр екен. Тіпті мысық келгенін байқамайды. Мысық дүкеншіден:

-Сізге көмегім керек емеспа

- я Мысық жан келгенің қандай жақсы болды.



Дүкеншінің тапсырмасы:

Мына келген тауарды І күні менің інім Жәнібек жинаған болатын. Ал келесі күні мен 6 сағатта жинадым. ІІІ күні екеуміз бірге 3 сағатта жинап бітірдік. Енді інім Жәнібек неше сағатта жинағанын есептей алмай отырмын. 1/3-1/6




6 сағ



Қыздараға келеді:

Қай жағы ауыр деп қыздар мысыққа әзіл дейді.



(Шелектің сыртында сан жазылып тұрады.) 3/5 2/5

Ағашқа келеді:

Ағашқа су беріп, шөлін басады.

Ағаш бойын тік ұстап өзін жақсы сезініп қалады. Мысыққа риза өз батасын береді.
Сиырға келеді:

Автор: Сиыр шөпке тойып алып, мысықты еркелетеді.

-Айналайын мысықжан



  1. Ұқсап тұрған жақшаға,

Төбеде өскен шақша ма?  Айтшы қане жауабын?

(Iрi қара мүйiзi)

Автор: Қатықты қолына алған мысық үйіне қуана қайтіп келіп, мақта қызға береді. Мақта қыз оған құйрығын қайтарып, екеуі бірге ойнайды. Мысық сапар кезіндегі қызықтарымен бөліседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет