Жақсы ауданы Терсақан негізгі мектебі Тілдер мерекесіне орай"Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"



Дата12.03.2018
өлшемі107,01 Kb.
#39209
Ақмола облысы

Жақсы ауданы

Терсақан негізгі мектебі

Тілдер мерекесіне орай"Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"»

(дөңгелек үстел)


Дайындаған: О.І.О: Уаисова Ш.Ш.

2016-2017 оқу жылы

Дөңгелек үстел

Тақырыбы: Тілдер мерекесіне орай"Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"»
Мақсаты:
Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеружәне оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:тіл туралы ұлыла ройлары, баспа сөз материалдары, слайдтар
Түрі:дөңгелек үстел

Ғасырларбойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығынең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. (Н. Назарбаев)


Ұлттық руханиятымыздың өзегі - тіл. (ӘбішКекілбаев)
Қазақ тілі – қазақтың маңдайындағы жалғыз жарық жұлдызы. (Асылы Осман)
Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. ӘрбіртілөзініңхалқыүшінҰлы (Ш. Айтматов)

Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл жанашырлары! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, тәуелсіздігіне 25жыл толған қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!-
дей отырып, дөңгелек үстелімізді ашу үшінҚазақстанРеспубликасының мемлекеттік Гимні орындалсын.
I. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

II. Оқытушының сөзі:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қолжеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. ҚазақстанРеспубликасының «Тіл туралыЗаңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез – келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің анатілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 25жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.


Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.

Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,


«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сын алады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,-
дегендей, тіл апталығы аясында өткізіліп отырған "Тіл-аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз"» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қошкелдіңіздер!

Ей, тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы!-
деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы дөңгелек үстелдің арнайы қонақтарымен таныстырып өтемін.

1.Мектеп басшысы: Касымова Р.О.

2Тәрбие ісінің орынбасары: Досанова Г.А.

3.Кәсіподақ ұйымының төрайымы, ЖМ ӘБ-ің жетекшісі: Бетенова Г.С.

4.Нұр Отан” партиясының бастауыш партия ұйымының төрайымы, мектеп кітапханашысы: Каймульдина Г.Ғ.

5.Бастауыш ӘБ-ің жетекшісі: Жапимова Н.Ж.

6.Гуманитарлық ӘБ-ің жетекшісі, қазақ тілі, әдебиет маманы: Досанова Е.А.

7.Мектеп психологі: Исахметова А.А.

8.Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі,тарих пәні мұғалімі: Рахимов Е.Т.

III. Дөңгелек үстелімізді бастамас бұрын "Қазақтілім-мақтанышым" тақырыбына арналған бейне ролике назар аударайық.
IY. Дөңгелек үстелдің мақсаты мен сұрақтарына тоқталып өту.
Бүгінгі жас ұрпақ – мемлекеттің болашағы, ертеңгі күннің азаматы. Ал, оның бақыт қажетер даңғыл жолы – туған Отанын, туған тілінсүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, анна тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білудеңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін ояту.
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сізбен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.

1.Мектеп басшысы: Касымова Р.О. Сұрақ: 1. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?


2.Тәрбие ісінің орынбасары: Досанова Г.А. Сұрақ: 2. Мемлекеттік тілдің дамуын тежеп тұрған не?
3.Кәсіподақ ұйымының төрайымы, ЖМ ӘБ-ің жетекшісі: Бетенова Г.С. Сұрақ: 3. Кейде өзінің анна тілін сыйламайтын, білгісі келмейтіндер де кездесіп қалады. Оларт уралы не айтар едіңіз?

4.Нұр Отан” партиясының бастауыш партия ұйымының төрайымы, мектеп кітапханашысы: Каймульдина Г.Ғ. Сұрақ: 4. Елбасымыз Н.Әұлы Назарбаев: «Дауға салса, алмастай қиған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі жас, отты да ойнақы Анатілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде ештеңе жоқ», -деп айтқан. Осы пікірді естігенде, сіздің басыңызға ең бірінші қандай ой келеді?

5.Бастауыш ӘБ-ің жетекшісі: Жапимова Н.Ж. Сұрақ 5. Қазақ тілінің болашағы туралы не ойлайсыз?

6.Гуманитарлық ӘБ-ің жетекшісі, қазақ тілі, әдебиет маманы: Досанова Е.А.Сұрақ: 6.Жаһанданудағы тілдің көрінісі, орны қандай болуыкерек?


7.Мектеп психологі: Исахметова А.А. Сұрақ 7. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының орындалуына көңіліңіз тола ма?

8.Сынып жетекшілер ӘБ жетекшісі,тарихпәнімұғалімі: Рахимов Е.Т. Сұрақ:8. Тілдің үш тұғырлығы туралы не білесіз?



Y.Оқытушы:

Қуан анам!

Ұзағынан сүйініп,

Сәтің де көп

Кейде кеткен түңіліп.

Ақ сүтің мен

Бойға біткен тілімізді

Пір тұтамыз,

Біз алдыңда иіліп,-деп, бәріміз ана тіліміздің құрметіне арнап «Анамның тілі- аяулы үні» әнін бірге шырқайық.

“Анамның тілі– аяулы үні”



с. Ш. Смаханұлынікі 
ә. Ә. Тыналиевтікі


1.Өмірге келдім, 
Анамды көрдім, 
Деді ол: жаным, 
Арайлы таңым. 
Самал боп желпіп, 
Жырымен ертіп, 
Үйретт ітынбай 
Бал тілін, әнін.

Қ-сы:Анамның тілі – айбыным менің, 
Анамның тілі - ай-күнім менің! 
Сүйемін байтақ елімді туған
Сүйемін мәңгі – өмірді думан.

2.Мектепке келдім, 
Ұстазды көрдім, 
Тыңдадым сөзін 
Табынып, сүйіп. 
Анамның тілі, 
Аяулы үні 
Жүрекке нұрын 
Жіберді құйып.

Қ-сы:Анамның тілі – айбыным менің, 
Анамның тілі - ай-күнім менің! 
Сүйемін байтақ елімді туған, 
Сүйемін мәңгі – өмірді думан.


YІ. Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді ескен көл ойлар мен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – сол анна тілің. Анатілінің бүге - шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу – саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол – туған жерді, отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнертолғаған сезім, ұлылар данқалған ой – пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңыздар! Рас, сіздердің айтылған әрбір сөздеріңіз шындық, бәріміздің күнделікт іөмірімізде кездесіп жатыр.Сонымен, біз өз анатілімізге құрметпен қарап, қазақша сөйлесіп, қазақ тілі мәңгілік тілге айналуына ат салысайық.

Бұл жанды тіл-менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат, сөзі ана уызындай.

Жасай бер, Ана тілім, қазақ тілім!

Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға, қатысқандарыңызға көп – көп рахмет.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет