Су құбырлы қазандықтар барабанды және тік ағынды болып орындалады.
Қатты отынмен жұмыс істегенде қабаттық және камералық ошақтармен жабдықталады.
Қазандық топтары
1-ошақ; 2-оттықтар; 3-барабан; 4-астыңғы коллектор; 5-ошақ экрандары; 6-жылусыз құбырлар; 7-үстіңгі коллектор; 8- төбедегі бу қыздырғыш; 9, 11-конвективті бу қыздырғыш; 10-ширмалы бу қыздырғыш; 12-бу салқындатқыш; 13-су экономайзері; 14-конденсатор; 15-су құбырлары; 16,17-арадағы бу қыздырғышы; 18-үш жақты жапқыш клапан. 2.4 сурет - Табиғи айналымды бу генераторының жылу сұлбасы
а-инерциялы сепаратор; б-циклонды сепаратор; 1-тесігі бар тақтай; 2-бу өтетін тесігі бар тақтай; 3-жалюзы бар инерциялы сепаратор; 4-бу жуатын тақтай; 5-барабан; 6-ылғал бу жіберетін бөгет. 13.2 сурет - Барабанның ішіндегі сепараторлары
а) б)
Қазандық қондырғының жабдықтары:
Қажетті бу немесе ыстық су алуға арналған қазандық агрегаттар, қосымша құрылғылар мен механизмдердің жиынтығын қазандық қондырғысы деп атайды.
Суүнемдегіш қазандыққа түскенге дейінгі суды жылытуға арналған. Ол қазандық агрегатынан шыққын ыстық газ бен суды жылытуды жүргізеді. Сонымен қатар, ыстық газдың жылуын пайдалану есебінен қазандықтың өнімділігін арттырады.
Буқыздырғыш қазандық агрегатына түсетін қаныққан буды берілген температураға дейін қыздыруға арналған.
Ауажылытқыш ауаны жылытуға арналған. Ауа жағуға түсер алдында қазандық агрегаттан шығады.
Барабан – бу мен су бөлінетін қазандықтың сепарациялық бөлігі.
Қатемен жұмыс
1. Бу қазандықтар өнімділігі бойынша үш топқа бөлінеді.
2. Буқыздырғыш бу мен суды бөлуге арналған қазандықтың жабдығы.
3. Қазандықтағы су барабаннан шығып, жоғарғы коллекторлардан төменгі коллекторларға жіберіледі.
4. Барабанауаны жылытуға арналған.
5. Қажетті бу немесе ыстық су алуға арналған қазандық агрегаттар, қосымша құрылғылар мен механизмдердің жиынтығын оттық құрылғы деп атайды.
6. Ауажылытқышқазандыққа түскенге дейінгі суды жылытуға арналған.
7. Орташа өнімділікті бу қазандықтарының қысымы 1,6 МПа дейін жетеді.
8. Барабан қорапта орналасады.
9. Бу қыздырғыштар қазандық қондырғысының төменгі бөлігінде орналасады.
10. Бу қыздырғыштан шыққан бу турбинаға жіберіледі.