Үшінші топ – ОҚУ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛШЕМДЕР
1. Оқу үлгерімі нашар;
2. Сабақты себепсіз көп босатады;
3. Жекелеген кейбір пәндерді себепсіз босатады;
4. Оқу үлгерімі және білім сапасы түсіп кеткен.
Төртінші топ – ҚЫЛЫҚТЫҚ КРИТЕРИЯСЫ ӨЛШЕМДЕРІ
1. Эмоционалды-еріктік сферасында бұзылыстар бар
(өзін-өзі ұстай алмау, дөрекілік, өтірік айтады, көргенсіз, эмоционалды ұшқалақ, адуындық, қорқақтық, ызақор, шектен шыққан мінез-құлық, өшпенділік, қаскөйлік, ашуланшақтық, агрессиялықтың және қаталдықтың жиі көрініс беруі, бұзақылық, тұйықтану және өзімен-өзі болып кету);
2. Пайдакүнемдік пиғылдағы әрекеттер жасау (материалдық пайда табу үшін жасалған ұсақ құқықбұзушылықтар, істер (ұрлық, алып-сатарлық, алдап кету)
3. Құрбыларымен қарым-қатынас мәселелері (жағдайсыз, формалды емес, референттік топ, тұйықтық, балалар ұжымынан шеттеп қалу, құрбыластарымен жиі болатын ұрыс-керістер, төбелестер, анти- және асоциалды сипаттағы формалды емес ұйымдарға қатысу);
4. Ата-анасымен өзара қарым-қатынастағы қиындықтар (отбасылық тәрбиелеудің жағдайсыз тұрпаты: либералдық немесе индифференттік стильдер, баладан алшақ кету, ажырасу, ата-аналармен жиі жанжалдасу және қақтығыстар және т.б.);
5. Психобелсенді заттарды қолдану (токсикомания, ішкілікке, нашақорлыққа бейімділік, соның ішінде құрамында психобелсенді заттар бар дәрілерді қабылдау);
6. Мектепішілік есепте тұратындар (кәмелетке толмағандарды мектепішілік және қалалық есепке қою туралы шешім тек қана педагогикалық кеңестің шешімімен қабылданады).
Кәмілетке толмағандарды «Ерекшеназардағы» іріктеу өлшемдері
1. Физиологиялық
2. Әлеуметтік
3. Оқу-педагогикалық
4. Қылықтық
Жылдық жеке жұмыс жоспары
1) Аутодеструктивтік мінез-құлыққа бейімділер
2) Суицидтік әрекетке оқталғандар.
Аутодеструктивті мінез-құлық бойынша тәуекел топқа тіркелген балалармен әрі қарай не істеуге болады?
Баланың шешуді талап ететін мәселесі ішкі тұлғалық және сыртқы аспектілерден тұратын болғандықтан, маманның жұмысы келесі негізгі құрамдарды қамтиды:
1. Баламен жеке-дара жұмыс, яғни психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
2. Оқу ұжымындағы тұлғааралық қарым-қатынасын анықтау мақсатында социометриялық зерттеу (Дж. Морено бойынша) жүргізу;
3. Мектептік ортадағы психологиялық ахуалды жақсарту бойынша жұмысты белсендіру;
4. Өмір құндылықтарын көтеру бойынша сынып сағаттарын, семинарлар, тренингтер өткізу;
5. Балаларды анонимді түрде шұғыл психологиялық көмек алу мүмкіншілігі туралы қолдарын қойғызып тұрып, ақпараттандыру.
(сондай-ақ сенім телефондары нөмірлерін күнделіктеріне бекітіп беруге болады);
Достарыңызбен бөлісу: |