Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтын алдын-алу мәселелері


Педагогикалық ұжымдағы психологиялық алдын алу іс-шараларының мазмұны



бет4/5
Дата21.09.2022
өлшемі22,92 Kb.
#150255
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез

Педагогикалық ұжымдағы психологиялық алдын алу іс-шараларының мазмұны
 
«Ерекше назардағы» балалардың девианттық мінез-құлқының алдын алу Кеңесінің отырысы. Тоқсан сайын 1 рет (Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары, әлеуметтік педагог, ата-аналар комитетінің өкілдері және сынып жетекшілері).
 
Аутодеструкция белгілері туралы, тәуекел факторлары туралы және осы жағдайларда әрекет ету жолдары туралы пән мұғалімдерінің және сынып жетекшілердің мағлұматтылығын кеңейту. Жыл бойына 1 рет.
( Директордың ТІ жөніндегі орынбасары, мектеп психологтары)

Балалардың жыл бойы аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу бойынша психологиялық іс-шаралар.
 1.Өмір құндылықтарын, жағымды әлемтануларын насихаттайтын тәрбиелік іс-шараларды: сынып сағаты, байқаулар, семинар-практикумдар, дамыту сабақтары және басқа да интербелсенді жұмыс түрлерін жүйелі жүргізу 
 2.Оқушылардың эмоционалдық тұрғысын диагностикалау
3.«Ерекше назардағы» оқушылармен жеке жұмыстар 
4. Сенімтелефондарытуралыақпараттандыру жұмыстарын жүргізу
 (мектепкіреберісіндегі стенд, мектеп сайты, сыныпбұрыштарыт.с.с.) 
5.Сыныптағы психологиялық ахуалды анықтау диагностикасын жүргізу 
6.Қажеттіліктер, мотивтер, құндылық бағыттар және соған сәйкес мінез-құлық түрлерін қоса алғандағы адами қарым-қатынас туралы түсініктерін дамыту мақсатында жеткіншектерді (13-14 жас) ынтымақтастыруға арналған психологиялық сабақтар өткізу 
 
Отбасындағы жүргізілетін психологиялық іс-шаралар
(ата-аналармен жұмыс)
 
1. Ата-аналармен аутодеструктивтік мінез-құлықтың себептері, факторлары, өсу қарқыны туралы түсіндіру жұмыстары, «Келіп қалған депрессияны қалай тануға болады?», «Егер балада аутодеструктивті мінез-құлқы белгілері байқалған жағдайда не істеуге болады?» мәселелерін ұсыныстармен жабдықтау, балалары өмірдегі қиын жағдайларға түскен немесе дағдарыстық жағдайға душар болған ата-аналарға көмек көрсету. 
2. Мінез-құлық мәселелерін шешуге, әлеуметтік қолдау табуға, өзін-өзі бағалауын көтеруге, өз жеке тұлғасына қалыпты қатынасын, эмпатиясын дамытуға оқыту бойынша «ерекше назардағы» оқушылардың ата-аналарымен жеке және топтық кеңес берулер, әңгімелесулер 
 Өмір құндылықтарын, жағымды әлемтануларын насихаттайтын тәрбиелік іс-шараларды: сынып сағаты, байқаулар, семинар-практикумдар, дамыту сабақтары және басқа да интербелсенді жұмыс түрлерін жүйелі жүргізудің тақырыптық жобасы құруға болады.
 
 
 
 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет