Елбасының халыққа Жолдауын талқылау, жарыссөз жүргізу негізінде оқушылардың пікірін тыңдау № 1 орта
Кезекті Жолдаудың негізгі мақсаты 2050-ші жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіру. Осының нәтижесінде «Мәңгілік Қазақстанды» қалыптастыру. 2020 жылға дейін мемлекеттік бағдарламалардың толық орындалуын қамтамасыз ету. Нәтижесінде ұлттық идеямыз «Мәңгілік Елді» қалыптастыру. Кезекті Жолдауды орындау барысында жастарымыздың бойынан мемлекетімізге деген сүйіспеншілігін ояту, жалпы Қазақстан Республикасы алдындағы парызын, міндеттілігін қалыптастыру.
Ағымдағы жылдың 12 – 13тамыз күндері Партияның «STOP қылмыс» жобасын жүзеге асыру мақсатында «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ Текелі қалалық филиалы және қалалық ІІБ ұйымдастыруымен «Жастар түнгі қалада» атты акциясы жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған жас балалар түнгі уақытта заңды тұлғасыз, яғни ата – ананың қарауынсыз көшеде, қоғамдық орындарда жүрмеуін және құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Кәмелеттік жасқа толмаған ұл, қыздарымыздың түнгі қалада жүруі өте қауіпті жағдайлардың бірі. Себебі, қылмыстық іс -әрекеттердің көп оқиғалары осы түнгі уақыт кезінде болып жатады. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан қылмыстық іс әрекеттердің 20% жастар құрайды. Акция барысында 15 астам кәмелеттік жасқа толмаған жастарға ҚР Әкімшілік кодексінің 336 бабының 4 бөлімінің 1 бөлігі бойынша ескертулер жасалып, ата – аналары шақыртылды. Акцияны жүзеге асыруға қалалық ІІБ кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі инспекторлары полиция аға лейтенанты Калимолданов Жұмахан, аға лейтенант Калыбеков Надир және полиция инспекторы Абдришинов Биғали қатысты.
26 тамыз күні "Алматы облысының жастар саясаты орталығы" КММ филиалы "Текелі қаласының жастары" Жас Отан ЖҚ мен бірлесе отырып "Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ ұйымдастыруымен "День лето" атты балалар мен жасөспірімдер арасында ролик тебуден конкурс өтті. Жастар барынша белсенді қатысып алғыс хаттармен сыйлықтармен марапатталды. 1 орынға ие болған Қаният Іңкәр, 2 орын Тәттімбет Рүстем иеленсе, 3 орынды Абилмажинова Диляра қанжығасына байлады.