Кез келген биологиялық түрлердің хромосома саны (2n, n) тұрақты болады. Сонымен қатар, хромосома пішіндері, өлшемдері де тұрақты болады. Биологиялық түрлердің хромосома санын, олардың пішіндерін, өлшемдерін қамтитын кешенді сипаттамасын кариотип (Г.А.Левитский, 1924 ж.) деп атайды.
56-сурет Адам кариотипі
Адамның сома жасушаларында 46 хромосома (2n) кездеседі, олар 23 жұп құрайды. 22 жұп хромосомалар әйелдерде де, ер адамдарда да бірдей болады, оларды аутосомалар, ал бір жұп хромосомалар ер адамдарда бір түрлі (ХУ), әйелдерде өзгеше (ХХ) болып келеді-оларды жыныс хромосомалары деп атайды.