Факультативтік гетерохроматин ағза жасушаларында әдетте гомогаметалы (ХХ) жыныстарда жыныс хроматині күйінде кездеседі, мыс. ұрғашы ұрықтың дамуының 16 күні екі Х хромосоманың біреуі инактивтеніп-жыныс хроматинінеайналады, оны Барра денешігі деп атайды.
Факультативтік гетерохроматин ағза жасушаларында әдетте гомогаметалы (ХХ) жыныстарда жыныс хроматині күйінде кездеседі, мыс. ұрғашы ұрықтың дамуының 16 күні екі Х хромосоманың біреуі инактивтеніп-жыныс хроматиніне айналады, оны Барра денешігі деп атайды.
Факультативтік гетерохроматин гендерінің активсізденуі арқылы қазіргі кезде активтенуі қажет емес гендер тобының экспрессиясын реттеу механизмдері (тетіктері) іске асады.
Митоз кезінде хроматин жіпшесі әрі қарай ширатылып хроматиннің супер ширатпасы- митоздық хромосомалар түзіледі, оларды микроскоп арқылы көруге болады.
Метафазалық хромосомалар екі иіннен, алғашқы тартылыстан (кермеден), центромерадан, кейбіреулері –соңғы тартылыс (керме) және оның айналасында орналасқан ядрошық ұйымдастырушысынан, серік (спутник) бөлімдерінен тұрады.