Бөлінген ақпараттық жүйе – ақпарат WWW–серверлер деп аталатын үлкен жиында сақталады. Яғни, арнайы программалық
қамтамасыздандыру орнатылған және интернет желісіне қосылған компьютерлер. Желіге қосыла алатын пайдаланушылар, бұл ақпаратты программ клиенттер көмегімен алады, оларды WWW- құжаттарын көру программалары деп аталады. Осы кезде көру программасы компьютерлік желі арқылы қажетті құжаты бар файлды сақтайтын серверге сұраныс жібереді. Сервер сұранысқа жауап ретінде көру (байқау) программасына осы қажетті файлды жібереді немесе файл қол жеткіліксіз болса, келіспеу хабарламасын жібереді. Клиент-сервер өзара қатынасы хаттама бойыншаорындалады.
WWW-да қабылданған хаттама, HyperText Transfer Protocol (HTTP) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |