Гипермәтін және гипермедиа. WWW–дағы ақпарат құжат түрінде көрсетеді, олардың әрқайсысы ішкі сілтемелерді және де осы немесе басқа серверде сақталынатын құжаттарға сілтемелерді қамтиды.
Веб-бет-кішігірім мәтін не үлкен мәтіннің бір бөлігі. Веб-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа да веб-бетте жазылған сөз не сөз тіркестері арнайы команда бойынша белгіленіп қойылады. Оны гиперсілтеме деп, сілтеме енгіздірілген мәтінді гипермәтін деп атайды. Гиперсілтеме үшін мәтін үзіндісінің қысқаша мазмұнын, тақырыбын не суретті белгілеу де мүмкін. Экранда көрінген веб-бетте гиперсілтеме басқа түске боялады, асты сызылып көрсетіледі. Оның қарапайым мәтіннен айырмашылығы – гипермәтінде кесте, сурет және басқа да элементтер болады. Гипермәтіндер интернет құрылымының негізін құраушы болып есептеледі. Себебі мұндай форматты интернетте пайдалану оңай, әрі ыңғайлы.
Гипермәтін сөзіндегі «гипер» сөзі грек тілінен «үстінде»,
«жоғарыда» деп аударылып, ағылшын тіліндегі “super” cөзінің мағынасына сәйкес келеді. «Гипермәтін» және «гипермедиа» терминдерін америкалық әлеуметтанушы, философ, АТ (ақпараттық технология) саласын алғашқы зерттеушілердің бірі Тед Нельсон 1963 жылы айналымға енгізді және 1965 жылы кең қолданысқа ие болды. Автор 1992 жылы шыққан “Literary Machines” кітабында бұл екі терминге мынадай түсініктеме береді: «Қазіргі таңда «гипермәтін» сөзі мәтінді тармақтандыру және оған жауап беру ретінде қабылданып, сәйкесінше «гипермедиа» сөзі график, аудио- бейнелерді тарату мен хабарласу жиынтығы болып есептеледі. Бірақ оның орнына ақылға қонбайтын «интерактивті мультимедиа» сөзін қолданады, бұл жерде төрт буын артық және ол гипермәтін сөзінің кеңейтілген мағынасын береалмайды».
Гипермәтіннің даму тарихына қысқаша тоқтала кетейік. 1963 жылы Тед Нельсон алғаш рет сілтемелері бар контентті енгізу мен қолдану үшін «гипермәтін», «гипермедиа» терминдерін қолданды. Ол кейінірек 1967 жылы Браун университетінде Андриес ван Дам деген информатика ғылымының профессорымен бірігіп, мәтін редакциялаушыHypertext
Editing System (аудармасы «Гипермәтін Редакциялаушы Жүйе»)
жобасын жасайды.
Ал 1977 жылы шыққан ең алғашқы гипермедиа қосымшасы – Aspen Movie Map қаладағы жер қыртыстарының виртуалды картасын қамтиды және оның көмегімен қолданушылар көлікпен жүрер жолдарды таңдай алды.
Мультимедия: ақпарат мәтін түрінде ғана емес екі және үш өлшемді графика, бейне және дыбысты да кірістіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |