Ақпапраттық ресурстар көрсеткіші(URL)
Көптеген Интернет қызметтеріне ену - адрес схемасы көмегімен жүзеге асады,сол арқылы қызықтыратын құжатты тез табуға болады.Әр қызмет типінің адрес форматы болады.
Көптеген Веб-беттерді іздеп табу үшін немесе іздеуге арналған Веб- сервер терезесін экранға шығару үшін IE(INT.EX-R) терезесінде олардың адрестерін енгізу жеткілікті.Түрлі желілер мен іздеу құраладарының адрестері көп, оларды URL адрестері деп атайды.(Uniform Resource locator-ресурстардың стандартты адресі).
URL келесі түрде жазылады:
Хаттама ://Интернет_адресі/жол/файл_атауы.
Немесе
Хаттама : Интернет_адресі.
Мысалы: http://www.microsft.com/windows/index.html мұнда URL форматына сәйкес, http://-протокол, Microsoft.com - Microsoft компаниясының веб-сервер адресі; index.html- windows бумасындағы, ізделінді файл атауы.
URL-дің екі жетістігі бар:
Олар Интернет-ресурстың типін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, URL http-дан басталса, жұмыс сол хаттама бойынша жүргізіледі.
URL-дегі адрестеу жүйесі интернеттегі әрбір құжатты, программаны немесе файлды идентификациялауға мүмкіндікбереді.
Кесте-1. URL-де қолданылатын хаттамалар
Ескерту: mailto, news, telnet хаттамалары URL синтаксисіне әртүрлі талаптар береді. mailto-дан кейін e-mail-дің кәдімгі адресі; news-тан соң жаңалықтар тобының атауы; telnet-тен соң сервер адресі жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |