Курс жұмысының теориялық бөлімін безендіру

Дата12.03.2022
өлшемі1,25 Mb.
#135381
Байланысты:
Курстық жұмыстың мәтінін рәсімдеу тәртіптері

Курстық жұмыстың мәтінін рәсімдеу тәртіптері

Жалпы талаптар
Курстық жұмыстың мәтіндік және таңбалық бөлімінің беттері А4 210 х 297 мм форматына сәйкес болуы қажет.
Курстық жұмыс компьютер мен принтерді қолдану арқылы баспа әдісімен А4 форматындағы ақ қағаз бетінің бір жағында шегі (рамка) салынбай орындалуы тиіс. Шрифт – кәдімгі кегль 14, Times New Roman, Times New Roman KZ түрінде болуы қажет.
Курстық жұмыстың мәтінін келесі өлшемдерді ескере отыра басу керек: сол жағы 30 мм кем емес, оң жағы – 10 мм кем емес, үстіңгі жағы – 20 мм кем емес, астыңғы жағы – 25 мм кем емес.
Курстық жұмыстың көлемі иллюстрацияларымен бірге, қосымшаларды есептемегенде, қалыпты қағаз парағындағы 25-30 бетті құрауы тиіс.
Жалпы талаптар
Курстық жұмыс мәтінінде азат жолдар нақты көрсетілуі керек. Азат жолындағы қызыл жолдың көлемі 1,27 см құрауы тиіс. Азат жолдар барлық жұмыс мәтінінде бірдей болуы қажет. Жолдардың арасы бір интервалды құрап, бір беттегі жолдар саны 28-30 болуы қажет.
Автоматты түрде сөздерді көшіру бекітілуі қажет.
Әрбір тарау жаңа беттен басталуы керек. Бөлімдердің (пункттердің) мәтінін аяқталмаған бетте орын қалатын болса, сол беттің бос бөлігіне басуға болады.
Тараулардың атауларының, бөлімдер мен пункттердің арасы бір интервалды; бөлім (пункт) мен мәтіннің арасы бір интервалды құрауы тиіс; мәтіннің соңы мен келесі бөлімнің (пункттің) арасы екі интервалды құрауы тиіс

Мәтінді мазмұндау
Курстық жұмысты басу кезінде мәтіннің бүкіл көлемінде бейненің біркелкі тығыздығын, нақтылығын және айқындылығын сақтау қажет. Барлық әріптер, сандар, сызықтар және белгілер біркелкі қара түсте болуы керек.
Мәтіннің мазмұнында:
  • минус (-) және плюс (+) математикалық белгілерін қолдануға, олардың орнына «минус» және «плюс» сөздерін қолдану;
  • цифрлік мәліметтер, статистикалық материалдар мен басқа да сандық мәліметтерді олардың қайнар көздеріне сілтеме жасамай қолдануға рұқсат етілмейді.

  • Жұмысты орындау кезінде студенттің тиянақтылығы, жауапкершілігі және курстық жұмысты рәсімдеу ережесін сақтауы бағаланады.

Беттерді нөмірлеу
Курстық жұмыстың беттері араб цифрларымен алмаспайтын нөмірлеу жүйесін ескере отыра курстық жұмыстың барлық мәтіні бойында белгіленеді. Бет нөмірі төменгі жақтың ортасына қойылады. Бет нөмірінен кейін нүкте қойылмайды.
Титульдік бет пен Мазмұны бет нөмірлерінің жалпы санына кіреді. Титульдік бетте нөмір қойылмайды.
Нөмірлеу курстық жұмыстың екінші бетінен басталады.
Иллюстрациялар (мәтіннің мазмұнын суретпен сипаттау) мен кестелер жеке парақтарда орналасып, курстық жұмысты жалпы нөмірлеу құрамына кіреді (немесе Қосымшалар қатарына енеді).
Сілтемелер
Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қолданылған қайнар көздерге сілтеме жасалу қажет. Сілтемелерді құжаттың бүтіндей өзіне немесе оның тараулары мен қосымшаларына жасау керек.
Сілтемелерді жасау кезінде төменде көрсетілген нұсқалардың бірін пайдалануға кеңес беріледі. Курстық жұмыстың мәтінінде барлық қолданылған қайнар көздерге сілтеме жасалу қажет.
Пайдаланылған қайнар көздерге сілтемелер шаршы жақшаларда беріледі. Мысалы, [2, 17 б.]
Бір қайнар көзге бірнеше рет сілтеме жасалса, шаршы жақшаларда қайнар көздердің реттік нөмірінен басқа тиісті беттің нөмірі қойылады. Газеттерден алынған ақпараттарды пайдаланған кезде шаршы жақшаларда тек қайнар көздің нөмірін көрсетуге болады. Мысалы, [7].
Интернеттен алынған материалдарға сілтеме жасалғанда Интернеттегі материалдың, сайттың атауы мен материалдың рецепциялану мерзімін қоса алғанда, толық мекен-жайын көрсету қажет.
Курстық жұмыстың мәтінінде сілтемелер көп болғанымен ол студенттің ғылыми тұрғыдағы адалдығын көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет