Құжаттарды талдау



бет4/4
Дата10.11.2022
өлшемі41 Kb.
#157446
1   2   3   4
Байланысты:
29.30 сурак

Контент талдау әдісін психологиялық зерттеу жүргізуге пайдалану жолдарын жан-жақты зерттеген ғалымдар Лассогл, Осгуд, Бельсон.
Контент талдау дегеніміз бірн кісінің жазған шығармасын, хатын, түсініктемесін т.б. те,ксттерін психологиялық талдау жасау.
Мақсаты:

  1. Зерттелінушінің жазған шығармашылық жұмыстарының мазмұнына байланысты оның психологиялық ерекшеліктерін кейіпкердің жан дүниесін бейнелеуіне байланысты шығармашылық қабілетін зерттеу;

  2. Тарихи жағдайларды талдау ( тарихи кейіпкерлерді немесетарихи шығармалар авторларының портретін жасау);

  3. Саяси психологияда көсемдерге психологиялық мінездеме беруге ұлы адамдар өмірбаянын зерттеуге, олардың психологиялық портретін жасау.

  4. Жарнама жұмысын ұйымдастыруда жеке сөз мазмұнының және ұғымның әсерлі болуын қамтамасыз ету жолдарын анықтау.

  5. Маркетинг жүйесінде кеңінен қолданылады.

Бұл талдау нәтижесінде оның авторы шығармасындағы кейіпкерлердің психологиялық қасиетттерін сипаттауға негізделген.Автор өзіне тән көптеген жағымды және жағымсыз қасиеттерді сол кейіпкердің ерекшеліктері ретінде көрсетілетіні анықталған.Адамның іс әрекетінің нәтижесін талдау әдістеріне жатады.
Талдау барысында зерттелінушінің жазған шығармаларының мазмұны ең қарапайым элементтерге бөлініп көрсетіледі. Шығарма мазмұнының ең қарапайым элементі ретінде сөз алынады. Сонан соң осы символ арқылы көрсетілген ой және пікір анықталады, оның тақырыппен байланыстылығы, кейіпкердің бір бірімен байланыстылығы, тәуелділігі немесе тәуелсіздігі көрсетіледі. Жалпылап алғанда авторлардың өз ойын логикалық жүйеде баяндауы, мазмұнының толықтылығы, шығарманың барлық құрамды бөліктерінің бір бірімен ұштасуы талданады. Контент талдау әдісін қолдану нәтижесі зерттелінушінің психикалық жағдайына жекелік қасиеттеріне ешқандай әсерін тигізбейді. Тіптен контент талдауды зерттелушіге білдірмей, табиғи жағдайда жүргізуге болады.
Орындау ережесі:
Контент талдау әдісін пайдалану үшін жинаған текстік материалдарды келесі ретте талдау керек:

  1. Әр бір элементтің текстте қайталануынжәне ол элементті өзгертіп қолдануын кестеге түсіреді. Элемент ретінде сөз ұғымдар, анықтамалар саналады және әр бір сөзді қолдану жиілігі есептелінеді.

  2. Талдау нәтижесі матрица кестесіне түсіріледі. Бір біріне тәуелсіз қолданылған элементтер әр түрлі текстен кездесуінің жиілігі А,В деп белгіленіп, арақатынасы табылады.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің (субъект) баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, әрі категориясы болып саналады.
Модельдеу екі түрге бөлінеді.
1) заттық модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады.
2) Идеалдық модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін.
Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.
Модельдеу, ол ғылымның жаңадан ашылған жетістігі емес. Модельдеудің тарихы мыңжылдықтармен саналады. Медицина атасы Гиппократ та адамның көзін емдеуде модельдеуді қолданған. Әйтсе де, тек қазір біздің заманымызда модельдеу арнайы пән ретінде, сонымен қатар философиялық ізденістерде де қолданылатын болды. Бұл әдіс электроника мен кибернетиканың дамуына байланысты шынайы төңкеріске әкелуімен түсіндіріледі. Модельдеу ерекше және әмбебап ғылыми таным және кез келген бағытта емес, саналы және жүйелі қолданылатын ұғым ретінде қарастырылады.

Модель таным объектісінің орнын басатын және ол туралы ақпарат көзі болып табылатын материалдық жүйе деп түсіндіріледі. Модельдер зерттеу мақсатына байланысты әр түрлі прициптермен классификацияланады. Солардың ішінен ортақтары ретінде келесілерді көрсетуге болады:
  • таным процесінде қолдану мақсаты бойынша классификациялау принципі;


  • түпнұсқа туралы ақпараттың орындалу әдісі бойынша классификациялау принципі;


  • адамның оларды жасау барысында қатысу дәрежесіне қарай классификациялау принципі.



Осы принциптерге сәйкес модельдер үш үлкен топқа бөлінеді:
1. эвристикалық және дидактикалық;

    1. таңбалы және заттық-техникалық;

    2. 3. табиғи және жасанды.

Таным үрдісінде модельдер әр түрлі функцияларды орындайды. Олар кейбiр құбылыс немесе теорияның интерпретациясын түсiндiруде құрал ретінде қызмет көрсете алады. Ғылыми зерттеулердегi үлкен мәнi модельдің болжаушы (эвристикалық) функциялары болып табылады. Модель жиi ол жөнiнде теорияны шындыққа тексеру мақсаттарына да қызмет жасайды.


модель - бұл мәлiмет көзi; модель - бұл өнер - бiлiмнiң бекiту құралы.
Ғылыми модель - бұл зерттеу пәнін көрсететін және модельді зерттеуде бұл объект туралы жаңа мәлiметтi алуға мүмкiндiк беретін, оның орнын басуға теңбе-тең бейнелеуге қабiлеттi, ойша көрсетiлген немесе заттық жүзеге асырылған жүйе.
Модельдеу - бұл модельдерді жасау және зерттеу әдiсi. Модельдеудегі басты артықшылық - мәлiмет ұсынысының бүтiндiгi. Модельдеу синтетикалық бағытқа негізделеді: бүтiн жүйелерді мүшелейдi және олардың жұмыс жасауын зерттейдi.
Модельдеу - жемiстi әдiс. Ол негiзiнде үш пайдалы мақсаттарға қызмет көрсетедi.
1. Эвристикалық - жаңа заңдардың табылуы, белгіленуі, жаңа теориялардың құрастырылуы және алған мәлiметтердiң интерпретациясын классификациялау үшiн керек.
2.Есептеуiш – модельдер арқылы есептеуiш мәселелердiң шешiмдерiн шешу.
3. Эксперименталды – эмпирикалық тексеру (верификация) болжамын осы немесе басқа модельдерді операция жасау арқылы мәселенiң шешiмін табу.

Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объекті түпнұсқа болады да, екінші объекті оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісімен түпнұсқаны зерттеу қиын, мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель болмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы - оны зерттеу оңай, алайда, оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.


Психологияда модельдеудің көмегі арқасында психикалық құбылыстар тікелей зерттелмей, сол құбылысқа ұқсас модель арқылы зерттелетінді. Модельді жасау үшін зерттелгелі отырған психикалық құбылыс жөнінде жеткілікті білім болуы қажет. Сондықтан да модельдің дұрыстығы, толықтығы, жан-жақтылығы белгілі бір құбылыс туралы білім деңгейіне тәуелді болады. Психикалық құбылыстарды техникалық және математикалық тұрғыдан модельдеудің басталуы кибернетика және құбылыстарды ықтималды суреттеу теориясының дамуымен байланысты. Модельдеу әдісін қабылдау, түйсік, ес және басқа да психикалық процестерді зерттеу үшін пайдаланады. Бұл әдіс сонымен қатар педагогикалық психологияда да, оның ішінде, білім беру процестерін зерттеуде кеңіне қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет