Жаттыѓу ж¦мысы


Мазм±ндама мєтінініњ кµлемі



бет65/75
Дата05.02.2022
өлшемі1,58 Mb.
#13858
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75
Мазм±ндама мєтінініњ кµлемі

Мазмұндама мәтінінің көлемі төмендегідей болады:





Сыныбы

Сөздер саны

5
6
7
8
9
10
11

100-150 сөз
150-200 сөз
200-250 сөз
250-300 сөз
300-350 сөз
350-400 сөз
400-450 сөз

1.8 Баѓалау нормалары

Мазмұндаманы бағалауда оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестілігі, тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі ескеріліп, сөздік қорының деңгейіне, сөйлем құрылысына, мәтіннің стильдік біртектілігіне, тіл шеберлігіне назар аударылады.


Мазмұндама мен шығармаға екі баға: біріншісі жұмыстың мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл шұрайлылығы үшін, ал екіншісі грамматикалық сауаттылығы үшін қойылады.

Бағалау нормалары:





Баға

Қателер саны



5
4
3


2

1/0 1/0 0/1


3/3 2/4 1/5
6/5 5/6 3/8
9/5 8/9

Диктант жазуға астрономиялық екі сағат, мазмұндамаға төрт сағат беріледі.


Қорыта айтқанда, мазмұндама оқушылардың көркем шығарамашылық қабілетін дамытуда ерекше рөл атқарады. Көркем сөздің, көркем ойдың, ұшқыр қиялдың құдіреті сол: сөздің тазалығын, шынайылығын қалыптастыратын, адамның психикасын дамытатан сиқыр күш, жан бар онда. Балаға көркем сөз өнерін үйретудің, баулудың ең басты қажеттілігі – осында. Оқушылардың жазбаша тілін дамытуда мазмұндама мен шығарма жаздырудың алар орны ерекше. Әсіресе, бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында мазмұндаманың мәні зор. Мазмұндама:
1. Оқушылардың әдеби тілдік нормаға сәйкес өз ойларын жеткізе білуге үйретеді.
2. Сөздік қорын молайтады.
3. Ой-өрісін кеңейтуге жәрдемдеседі.
4. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландырады.
5. Оқуда кездескен қиындықтарды жеңе білуге үйретеді.
Жұмыстың бұл түрлері балалардың тілін дамытуға, ойларын байланыстырып сөйлеуге үйретуде, тіпті әрбір мәдениетті адамға қажетті іскерлік пен дағдылардың қалыптасуына көп әсері бар. Сондықтан да мектепте мазмұндама жұмыстары жиі өткізілуі тиіс. Ал мазмұндама жазуда балалардың қызығуын арттыру үшін аталған түрлердің барлығын қолдану қажет.
ІV. ШЫҒАРМА

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып, баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушының көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, көркем тілмен әсерлі, жүйелі баяндалуы талап етіледі.


Оқушы тапсырманы өзі орындауы керек. Оқушының ойланып, нақты нәтижеге жетуін қадағалау – мұғалімнің басты міндеті. Жазба жұмысынан оқушының ой өрісі, білімі, сауаты көрініп отырады. Ауызша жауапта оқушы білімін толық көрсете алмауы мүмкін, ал жазба жұмыстың ішіндегі ең бір толыққанды, оқушы білімінің нәтижесін толық тексеруге мүмкіндік беретіні шығарма жұмысы.
Шығарма түрлеріне келетін болсақ, олар: еркін шығарма, оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма, өнер саласына байланысты шығарма, сурет, фильм (диафильм), экскурсия бойынша шығарма, оқыған, естіген әңгімелеріне байланысты шығармалар.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет