Жаттыѓу ж¦мысы


 Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын



Pdf көрінісі
бет63/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

1.5 Буын диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын 
талаптар 
Әріп диктантын жазып, әрбір дыбыс пен әріптің орфоэпиялық, 
орфографиялық өзгешелігін, үндестігі мен ұқсастығын салыстыру 
әдісімен саналы түрде түсініп, талдауға төселген оқушылар үшін буын 
диктантын жазу онша қиындық келтірмейді. Мәселе сол өздері 
үйренген, өздеріне таныс қазақ тіліне тән дауысты, дауыссыз 
дыбыстардың ауызекі сөйлегенде өздігінен буын құрап барып 
айтылатын заңдылығын және әріптердің бір-бірімен қосылып 
жазылуын саналы түсіндіру – буын диктантының шешуші мақсаты. 
Ол үшін оқушылар дауыссыз дыбыстардың дауыстылар тәрізді жеке 
айтылмай, 
қы, ғы, ме, кі, гі, не, ың,
т.б. түрінде дауыстымен қосылып 
айтылатынына, ал ы, 
і, ұ, ү, ә, е
дыбыстарын жеке айтумен бірге олар 
арқылы ыңылдап, ән салуға да болатынына (мысалы, 
а-а-а, о-о-о, е-е-
е,
т.б.) көздерін жеткізу керек. Бұл буын диктантын тез меңгеріп 
кетуге үлкен көмегін тигізеді. 
Дауыстылардың жеке тұрып та буын құрайтыны, буындардың 
жуан, жіңішке болуы дауыстыларға қатысты екендігі сабақ сайын 
дыбыстық талдау барысында айтылып отыруы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет