Жаттыѓу ж¦мысы


 Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын



Pdf көрінісі
бет64/112
Дата03.03.2022
өлшемі0,85 Mb.
#134157
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   112
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту (жазба жұмыстар). Оқулық by Түсіпова Қ.Д. (z-lib.org)

 
1.6 Сөз диктантын жаздыру мақсаты мен оған қойылатын 
талаптар 
Сөз диктантының жеңіл болатын себебі – ол оқушылар меңгеріп 
болған дыбыстар мен буындардан құрылады. Мұндағы мақсат – 
сөздердің бір, екі, үш, төрт, одан да көп буыннан құралып, белгілі бір 
ұғымды білдіретінін дыбыс (әріп) және буынмен салыстыра отырып 
түсіндіру. Сөз диктантын жаздырар алдында оқушыға берілген сөздің 
қандай ұғымды білдіріп, неше буыннан, неше дыбыстан құралғанын, 


68 
бірінші буындағы дауыстының жуан немесе жіңішке екенін айқындап, 
ондағы бір дыбыстың әріпке айналғандағы жазылу емлесін айтып 
өтеді. Бұл, мысалы, былайша баяндалуға тиіс: көз, құлақ, құлақшын, 
көзілдірік сөздері бір, екі, үш, төрт буыннан құралған. Көз сөзінде 3, 
көзілдірік сөзінде 10 дыбыс (әріп) бар. Төрт сөз төрт түрлі мағына 
білдіріп тұр. Бұл сөздерде қазақ алфавитіне тән 
ә, ұ, ғ, ң, һ
әріптері 
жоқ. 
Сөйтіп, сөз диктантын жазу үстінде оқушылар фонетикалық, 
орфграфиялық, 
лексикалық 
талдауларға 
жаттыға 
бастайды. 
Сондықтан сөз диктантында әріп, буын диктанттарындай көру, терме, 
өздік, сөздік, шығармашылық диктанттарды жиі жүргізу өте қажет. 
Сонда ғана балалардың сөздік қоры толыға түседі. 
Ана тілі лексикасы бойынша алған білімдері оқушылардың 
есінде (жадыларында) сақталуы үшін сөздер олардың белсенді сөздік 
қорына айналуы керек. Сөздердің оқушылардың белсенді сөздік 
қорында болуы үшін жұмыстың алуан түрлерін ж‰ргізу шарт. 
Балалардың жаттап алған өлең, тақпақтарындағы сөздер бойынша 
дербес немесе өздік диктант ж‰ргізу – аталмыш жұмыстың дара 
формасы болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   112




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет