Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


-билет 10. Балабақшадағы спорттық жаттығулар. Ең қарапайым туризм



бет7/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

4-билет
10. Балабақшадағы спорттық жаттығулар. Ең қарапайым туризм
«Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларында» (бұдан былай «бағдарлама») шаңғы, шана, велосипед, самокат, спортроллер, тербеткіш, әткеншек, карусель тебу, сондай-ақ жүзу тәрізді спорттық жаттығулар кӛзделген. Бұлардың бәрі бұлшық еттердің негізгі топтарын нығайтуға, сүйек, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, жүйке
жүйелерін дамытуға жағдай жасайды, сондай-ақ шынықтыруға кӛмектеседі.
Оның үстіне жаттығулар процесінде дене қасиеттері: ептілік, шапшаңдық,
кӛзбен мӛлшерлеу, тепе-теңдік, күш, тӛзімділік дамиды. Табиғи жағдайда
жаттығу жасау балалардың бойында жағымды эмоциялар туғызады, ал балалар
шаршағанын сезбей жаттығуларды ұзақ уақыт орындайды. Спорттық жаттығулармен айналысу таңертеңгілік (сабақтан кейін) және кешкі (бесін мезгіліндегі тамақтан соң)
мезгілде балалар таза ауада болып, келгеннен кейін ұйымдастырылады. Бұл
жаттығулар барлық топта бір мезгілде, шағын топпен және жеке жүргізіледі.
Шаңғы. Балаларды шаңғы тебуге үйрету әдістемесін М.П.Голощекина талдап
жасаған. Шаңғымен жүру - сүйек аппаратына және бұлшық еттердің барлық
топтарына, оның ішінде тұлғаны дұрыс қалыптастыруға кӛмектесетін жоғары
үдемелі циклді қозғалыс. Шаңғы тебумен жүйелі түрде айналысу табанның
дұрыс қалыптасуына кӛмектеседі, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, жүйке
жүйелерін нығайтады, барлық негізгі дене қасиеттерін ептілік, шапшаңдық,
кӛзбен мӛлшерлеу, тепе-теңдік сақтау, күш, тӛзімділік дамытуға кӛмектеседі.
Бағдарламада шаңғымен жүруге 3-4
жастан бастап үйрету кӛзделеді. Бағдарламаның дене шынықтырудан
ұйымдастырылатын оқу іс-әрекетінің спорттық жаттығулар бойынша
мазмұнына 3-4 жаста шаңғыларды киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы
жолында аттап басу және сырғанау адымдарымен жүру; 4-5 жаста бірінің
артынан бірі сырғанап алға жылжу, қиылысқан бос жерлермен жүру, оңға және
солға қарай жүріп бұрылу, алға қарай, жартылай шырша (тура және қиғаш)
сияқты аттап тӛбешікке шығу; 5-6 жаста бірінің артынан бірі сырғанай
кезектескен адыммен алға жылжу, қиылысқан бос жерлермен жүру, байыпты
қарқынмен 0,5-1 км жерге шаңғымен жүріп ӛту, бір орында тұрып айналып
оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасап тұру, тіке аяқты алға шырша,
жартылай шырша сияқты тастап тӛбешікке шығу, аласа тіреу бойымен тӛмен
түсу, ӛз еріктерімен шаңғы алып, орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың астына
алып жүру тапсырмалары ұсынылған.
Коньки. Балаларды коньки тебуге үйрету әдістемесін Л.Н.Пустинникова
талдап жасаған. Конькимен сырғанау бұлшық еттердің негізгі топтарын,
әсіресе, аяқтың бұлшық еттерін дамытады, жүрек-қан тамыр, тыныс алу
жүйесін күшейтеді, организмді шынықтырады, зат алмасуды жақсартады, дене
қасиетін (шапшаңдық, ептілік, тепе-теңдік, кӛзбен мӛлшерлеу, тӛзімділік),
сондай-ақ ерік-жігер қасиетін (батылдық, табандылық және т.б.)
қалыптастыруға кӛмектеседі.
Y й р е т у ә д і с т е м е с і . Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде балаларды
алғашқы тұру қалпын дұрыс ұстай білуге («конькишінің орнығуы»), екпіндеп
жүгіруге және екі аяқты кезек тіреп оң аяқпен және сол аяқпен сырғанауға, оңға
және солға бұрыла білуге, тежеуге және тоқтауға, конькилі ботинканы киюге,
конькиді, ботинканы, киімді күтіп ұстауға үйрету керек. Мектеп жасына дейінгі
балалар мұздың үстінде сырғанауды және мәнерлеп тебудің қарапайым
әлементтерін орындауды ӛте ерте (шамамен 3-4 жасынан бастап) үйрене алады.
Бірақ балабақша жағдайында кішкентайлар тобындағы балаларға коньки тебуге
үйретуді ұйымдастыру қиын болады, ӛйткені олардың тізе, тобық буындары ӛте
әлсіз және жарақаттану қаупін болдырмау үшін білікті басшылық талап етіледі,
кішкентай балалар ересектердің кӛмегінсіз ботинканы кие алмайды және оның
бауын ӛткізіп байлай алмайды, сондықтан балабақшада коньки тебуді үйрету 5-
6 жастағы балалармен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет