Жауаптар Гос Әдістеме 1-билет Гравюра


-билет 37. Жер учаскесі. Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру, көгалдандыру



бет24/49
Дата30.11.2023
өлшемі187,68 Kb.
#194266
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49
Байланысты:
ответы 2 гос экзамен

13-билет
37. Жер учаскесі. Учаскенің маңызы және оны ұйымдастыру, көгалдандыру
Жер учаскесінде балалар көбіне күндізгі ұйқыдан кейін жұмыс істейді. Бұл жұмыс табиғат мүйісіндегі сияқты, бақылаулар жасаумен ұштасып жатады және балалардың өсімдіктер мен жануарлар жөніндегі білімдері қорлануына, еңбек дағдылары мен іскерліктері жетіле түсуіне, еңбексүйгіштікке тәрбиеленуіне ықпал етеді.
Жер учаскесінде жұмыс істей жүріп балалар колективті түрде еңбек етуге бейімделеді, еңбекке дағдыланады, олар еңбекті сүюге, құрметтеуге және тапсырылған іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. Учаскеде балаларды табиғаттың маусымдық құбылыстармен таныстырады, өсімдіктердің өсіп жетілуін сымдық құбылыстармен таныстырады, жануарлардың қылықтарын біраз бақылауды ұйымдастырады. Осының бәрі балалардың дүние танымын, едәуір кеңейтіп, өздерін қоршаған өмір туралы білімдерімен байытады, оларды табиғатқа аялай қарауға және ондағы сұлулықты көре білуге тәрбиелейді.
Дұрыс ұйымдастырылған және жақсы көгалдандырылған учаске – балалар бақшаларындағы оқу тәрбие міндеттерін іске асырудағы ең қажетті база болып табылады.
Жер учаскесі көгалдандырылуы және балалар ондағы өсімдіктерді өсіруге, оларды бақылауға күнбе күн қатыса алатындай болып ұйымдастырылуы тиіс. Сондықтан әр жастағы балалар топтарының гүлдік, декоративтік, жемістік, жидектік және овощтық өсімдіктер, сондай – ақ балалар ойнай алатындай шөп те болуы керек. Балалар бақшасының топырақты алаңы жеткілікті болған жағдайда, естияр, ересек топтардың балалары үшін гүлбақша, бау-бақша және бақ ұйымдастырылады.
Көгалдандыруға кіріспей тұрып учаскені қоқыстардан және тастардан тазартып алу керек, оны өлшеп, балалар бақшасының барлық топтары үшін оған өсімдіктерді орналастыру жоспарын жасау керек.
Учаскені әдетте дуалмен қоршайды. Аумақты ағаштар немесе 1 – 3 қатар етіп бұталар отырғызып, өсімдіктермен қоршаған жақсы. Бұл – учаскені көріктендіреді және желден, шаң мен түтіннен қорғайтын болады. Ағаштар мен бұталарды отырғызып, әр жас топтарының учаскесін бөлуге болады.
Ағаштар мен бұталарды өсіру үшін бірнеше жыл керек. Сондай-ақ жақсы шөп ұстағышты өсіру де біраз мерзімді қажет етеді. Учаскеден ағаштар мен бұталарды тек олар балалар бақшасы үйіне көлеңкесін түсірген жағдайда, дымқылдандырып немесе қандай да бір ауруға шалдыққанда ғана тастауға болады.
Күркелердің, көлеңке түсіргіштердің және басқа құрылыстардың маңына шырмауық секілді өсімдік тұқымын себеді.
Балабақша дақылдары үшін ашық, солтүстік жағынан құрылыстармен, дуалмен немесе жазық орынға, су жиналмайтын жерге отырғызады.
Учаскедегі жол балалар өсімдіктерді басып жанышпайтындай кең болуы тиіс. Гүлбақшадағы клумбалардың және бақшадағы жидектердің ара қашықтығын 50-60 см етіп жасайды.
Жер учаскесінде ұсақ жануарларын (үй қояндары, тауықтар) асырайтын орындар және ұшып келетін құстарды бақылау үшін жем салынған ыдыстар бар құстардың үйшіктері мен алаңшалары болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет