12-билет
34. Жапсырмалаудың түрлері. Жапсырмалауда қолданылатын материалдар-багдарлама
35. Лад жүйесі және тоналдік
«Лад» сөзінің түбі славян халықтарынан шыққан, «ладить» келісімін тауып, жатық айту, үйлесім табу, жарасу деген мағыналарды білдіреді. Лад жүйесіне енген музыкалық дыбыстар лад басқыштары деп аталған. Музыкада көп – алуан лад кездеседі, соның ішінде өте кең қолданылатындары мажор және минор ладтары.
«Мажор» деген сөз – үлкен, қатты деген ұғымды білдіреді.
Мажорлық ладтың тұрақты дыбыстары үлкен мажорлық үшдыбыстылықты құрады.
«Минор» деген сөз - кіші, жұмсақ деген ұғымды білдіреді.
Минорлық ладтың тұрақты дыбыстары кіші минорлық үшдыбыстықтылықты құрады.
Гамма – жеті дыбыстың тәртіп бойынша тоникадан келесі тоникаға дейін қайталануы. Гаммаға кіретін дыбыстар сатылар деп, рим санымен белгіленеді. Лад басқыштарына гаммадағы жоғарылық орнына қарай атаулар беріліп, басты басқыштардың функциялары (I, III, V) әріптермен белгіленген:
I басқыш – тоника, өйткені ол тоникалық үшдыбыста прима (негізгі тон) болып табылады және тональдіктің өзіндік атауын айқындайды. Мажорда ол бас әріп – Т, ал минорда – кіші «t» әріпімен белгіленеді.
II басқыш – төмен түсетін кіріспе тон.
III басқыш – медианта (ортаңғы) саты.
IV басқыш – субмедианта, мажорда «S» – бас әріппен, ал минорда «s» әрпімен белгіленеді.
V басқыш – доминанта, барлық тұрақты дыбыстардың ішіндегі ең жоғарғысы болып табылады. Мажорда – «Д» бас әріпімен, ал минорда – кіші «d» әрпімен белгіленеді.
VI басқыш – субмедианта (төменгі медианта), өйткені субдоминанта мен тоника аралығында орналасқан.
VII басқыш – жоғары көтерілуші кіріспе саты.
Тоника дыбысымен айқындалатын ладтың орналасуындағы биіктік дәрежесі тональдік деп аталған.
Тональдіктің толық атауы іштей екі компонентті сақтайды:
1) тониканың атауы;
2) ладтың атауы.
36. Әр түрлі жас ерекшелік топ балаларын үй және жабайы аңдармен таныстыру
Ерте жас жіне кіші топ. 1,6 жатстағы балаларға ҰІӘ ойын түрінде өткізіледі. Таныстырудың негізгі әдісі - жануардың өзін көрсету. Объектіні көрсеткен кезде атын айтады- «мысық» «мяу-мяу», келесі сабақтарда объетіге жақынырақ барып «мысық қайда?» деген сұрақ қояды, ал келесі сабақтарда «мысықты көрсетші дейді». 10-11 айда балаларға сурет көрсету арқылы «Мынау мысық, ол сүт ішеді» немесе «Мынау балапан, ол дән шоқиды» көрсетуге болады. 2 жасқа қарағанда балаларға жануарлар туралы қарапайым түсінік қалыптастыруға болады. /сыртқы көрінісі, жүрісі, дауысы/.1,5 жасқа дейін балалар жануарларды түріне қарай және суреттерден танып білуге талап етеді. Ал, 1,5 жастан бастап ойыншық бойынша жануарлардың мүшелерін: аяғын, құйрығын, көзін, құлағын көрсету тиіс. Балаларды жеке-жеке және 4-6 баладан шағын топ жасап өткізеді.
Ортаңғы топ. Ортаңғы топтада жануарларға бақылау және сурет бойынша әңгіме жүргізіледі. Балаларға үй жануарларына тән белгілерді: сыртқы түрі, мінез-қылығы, сондай-ақ олардың адамдарға тигізетін пайдасы және адамның оларға деген қамқорлығын да білу керек. Мысалы, келесі тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге болады: «Үй жануарлары», «Тауықтар», «Ит және күшіктер» және т.б.
Ересек мектепалды топтарды. Ересек топтың балалаларына өздері тұрған жерде аса көп кездеспейтін үй жануарларымен /түйе, бұғы, есек – олардың сыртқы түрі, мінез-қылығы, адамдарға келтіретін пайдасы/таныстырып, жабайы аңдар /қасқыр, кірпі, қоян, түлкі , аю – олардың мекендейтін жері, қорегін аулау әдісі/ туралы түсініктерін кеңейту жөнінде талаптар қойылады. Жануарларды қарағанда оның дене мүшелерін / бас, арқа, құрсақ, аяқ, табан, қанат, көз , құлақ және т.б./ ажыратып, дұрыс атауға жәнеде жүрістерін сипаттап /қасқыр жүгіреді, қоян секіреді/ айта білу керек. Зообаққа экскурсия жасауға болады, картиналармен әңгіме, бақылау және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |