Лекция Иілу Иілу деформациясы. Арқалық. Егерде 28, а,b – суретте көрсетілген білеудің екі ұшына өс жазықтығында жататын шама жағынан тең, бағыттары қарама-қарсы екі қос күшпен жүктеген жағдайда, білеуде туындайтын деформацияны (28, c – сурет)иілу деп атаймыз. Иілуге тән сипат - ол білеу өсін қисықтығының өзгеруі, мысалы, өсі түзу сызықты стерженьді игенде өсі қисық сызықты пішін алады.
Иілу деформациясы білеуге тек қос күш әсер еткенде ғана емес, көптеген жағдайда көлденең күш әсерінен болады. Сыртқы күш әсер ететін жазықтықты күш жазықтығы деп, ал білеудің бойлық өсі мен көлденең қимасының бас екпін өстері арқылы өтетін жазықтықтарды бас жазықтықтардеп атаймыз. Күш жазықтығының бас жазықтықтарға қарағандағы орналасуына байланысты, иілу тазажәне көлденең иілу деп екіге бөлінеді Егер күш жазықтығы бас жазықтықтардың бірінде жатса, иілу - жазық иілудеп (29, а – сурет), ал егер күш жазықтығы басқа кез келген өс жазықтықтарында жатса, қиғаш иілудеп аталады.
Иілу деформациясы білеуге тек қос күш әсер еткенде ғана емес, көптеген жағдайда көлденең күш әсерінен болады. Сыртқы күш әсер ететін жазықтықты күш жазықтығы деп, ал білеудің бойлық өсі мен көлденең қимасының бас екпін өстері арқылы өтетін жазықтықтарды бас жазықтықтардеп атаймыз. Күш жазықтығының бас жазықтықтарға қарағандағы орналасуына байланысты, иілу тазажәне көлденең иілу деп екіге бөлінеді Егер күш жазықтығы бас жазықтықтардың бірінде жатса, иілу - жазық иілудеп (28 – сурет), ал егер күш жазықтығы басқа кез келген өс жазықтықтарында жатса, қиғаш иілудеп аталады.
Бұл жерде мынаған көңіл аударған жөн: жазық иілуде білеудің өсі деформацияға дейін қандай жазықтықта жатса, деформациядан кейін де сол жазықта жатады, ал қиғаш иілуде өстің иілу жазықтығы бастапқы жазықтыққа сәйкес келмейді.
Егер күш жазықтығы бас жазықтардан тыс басқа жазықтықта жатса, онда оны өзара перпендикуляр бас жазықтықтарға проекциялап, иілуді әрбір жазықтықтағы жазық иілуге келтіруге болады.
Иіліп деформа-цияланатын өсі түзу сызықты білеулер арқалықдеп аталады.
Арқалықты есеп-теу сұлбасында оның өсімен алмастыру қабылданған. Бұл жағдайда барлық күш арқалықтың өсіне түсірілуі керек, ал күш жазықтығы сұлба жазықтығымен беттесуі тиіс.
29, а - суреттегі арқалықтың есептеу сұлбасы 29, b - суреттегідей болады.
Арқалыққа түсірілетін сыртқы жүктеменің үш түрі болуы мүмкін: арқалықтың белгілі бір қимасына түсетін жүктеме - қадалған күш , өлшем бірлігі - ; арқалықтың толық ұзына бойына немесе бөлігінің бетінде таралған жүктеме – таралған күш. Бұл курста негізінен бірқалыпты таралған күш қарастырылады. Таралған күш оның қарқындылығы -мен есептеледі, өлшем бірлігі – ; арқалықтың иілу жазықтығында қос күшке келтіруге болатын кейбір немесе барлық түсірілген күштердің моменттік жүктеуі - қадалған момент , өлшем бірлігі – .
Арқалықты жүктеу үшін, оны кем дегенде екі нүктеде тірекке бекіту немесе сүйеу қажет. Конструкциясына байланысты арқалықтың тірегін үш түрге жіктеуге болады: жылжымалы топсалы тірек, жылжымайтын топсалы тірек және қатаң бекітпе. Барлық жағдайда осы тіректерде пайда болатын реакция күштері мен моменттерді анықтау үшін, статикалық тепе – теңдік күйін сипаттайтын теңдеулер пайдаланылады
, , . (63)
Белгісіз реакциялары статиканың үш теңдеуінен анықталатын арқалықтар статикалық анықталған, ал белгісіз реакцияларын анықтауға статиканың теңдеулері жеткіліксіз арқалықтар статикалық анықталмаған жүйелерге жатады. Статикалық анықталмаған арқалықтарды есептегенде, бұл курста қарастырылмайтын ерекше тәсілдер қолданылады.