Тақырыптық сөйлем:
1. Майлы тағамдар асқазанға зиян.
Қолдаушы сөйлемдер:
2. Тағам ретінде оларды көп қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
3. Кейбір жағдайларда семіздікке әкеліп соқтырады
4. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырларына да әсері бар
Қорытынды сөйлем:
5. Денсаулықты күтудің ең басты жолдарының бірі – майлы тағамдарды аз
қолдану
Абзацты жазуға негізделген сабақ үлгісі
1.1. Оқушыларға төмендегі мәтін ұсынылады.
Сүт — адам организміне өте пайдалы сусындардың бірі. Құрамындағы кальций сүйектер мен тістердің дұрыс дамуына әсер етеді. Магний, калий, фосфор және натрий мөлшері басқа сусындармен салыстырғанда біршама жоғары. Цинк жыныс жолдарының ауруларының алдын алуға септігін тигізсе, йод қалқанша безінің жұмысын жақсартып, иммундық жүйеге әсер етеді. Майсыздандырылған сүт бірнеше диета түрінің негізі болып саналады. Себебі ол белоктар бай және аппетитті болдырмайтын қасиетке ие. Қорыта келе, сүт - адам денсаулығын нығайтатын бірден-бір қажетті тағам.
Достарыңызбен бөлісу: |