Жазылу жолдары


Сабақты жоспарлау барысында



Pdf көрінісі
бет23/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Сабақты жоспарлау барысында: 
1. Эссе тақырыбының негізгі идеясы не?
2. Осы тақырыптағы эссені жазу үшін нені білу керек? Қандай ақпа
-
раттар қажет?
3. Қандай тезис қойылады?
4. Бұл эсседе жазу тәсілінің қайсысы қолданылады? – деген эссе 
жаздыртуға қажетті төрт сұрақтың негізінде ойланады. Осыған сәй
-
кес сабақ жоспарланады. Әрине, мақсат - оқушыдан мінсіз жұмыс 
көру. Ол жұмыс мына талаптарды қамтиды: 
• Туындыны толық түсінгендігін көрсетеді.
• Дербес, мінсіз аргументтер берілген.
• Мәтін элементтері толық талданған.
• Орынды және терең мысалдар келтірілген.
• Идеялар логикалы және прогрессивті дамытылған.
• Сөздік қордың, грамматиканың, шылаулардың, сөйлем құрылымы 
өте жақсы қолданылған. 
Жоғарыда берілген талаптарға сәйкес жұмысты көру үшін оқушы­
ның өз эссе жұмысын ұйымдастыруына мұғалім қалай бағыттау ке­
рек? 
Әдебиет сабағында оқуға берілген материалды анализ жасата оты
-
рып оқыту қажет. Анализ жасау - бүкіл шығарманы құрама бөліктерге 
бөліп талдау. Әңгіменің кейіпкерлері, автордың жазу стилі, шығарма 
мақсаты – барлығы анализге тән.
Әдеби эссе туындыны шолуға ұқсамайды: көркем туындыны 
ұнатқан-ұнатпағаны туралы ақпарат жазылмайды. Қысқаша мазмұ
-
нын жазу емес. Әдеби эсседе талдауға басты көңіл бөлініп, «неге?», 
«қалай?» деп басталатын сұрақтарға жауап береді. Анализ - оқу мен 
тәжірибенің жемісі. Оқушы көп жаттыққан сайын, өзінің жақсы әді
-
стері де пайда болады.


59
Оқушы эссе жазу барысында жеті қадамнан өтеді:
1. Эссе тақырыбы
2. Дәлел жинақтау
3. Тезис құрастыру
4. Аргументтерді құрастырып шыңдау
5. Кіріспе жазу
6. Негізгі бөлім жазу
7. Қорытынды жазу
Эссе тақырыбы
Эссе жазуда эссе тақырыбы маңызды рөл атқарады. Тақырып эс
-
сенің түрін, жазу тісілін, негізгі идеясын көрсетеді. Әдеби эссенің 
алты түрі туралы айтылды. Қай түрі екенін, қандай жазу тәсілі болу 
керектігін, эссе тақырыбының негізгі идеясын – барлығын эссе тақы
-
рыбы арқылы ажыратады. Мысалы, 
Әдеби-талдау: Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі автордың баяндау 
тәсілдерін басым қолдану себептерін талдап жаз.
Әдеби-сыни: Ы.Алтынсарин «Бай баласы мен жарлы баласы» әң
-
гімесіндегі кейіпкері Асанға аяушылық сезім білдіреді деп ойлайсыз 
ба? 
Әдеби-дәлелдеме: Ы.Алтынсарин ағартушы ма әлде жазушы ма? 
Әдеби-синтез: ХІХ ғасырдың ІІ жартысы: қазақ ағартушылары және 
қоғам.
Әдеби-салыстырмалы: Ы.Алтынсариннің өз туындысы «Қыпшақ 
Сейітқұл» әңгімесіндегі кейіпкер Сейітқұлдың әрекеттерін автордың 
ағартушылық жолындағы әрекеттерімен салыстыра талдап жаз.
Әдеби-шығармашылық: Ы.Алтынсариннің ХІХ ғасырдың соңында 
жазылған «Әке мен бала» әңгімесін ХХІ ғасырда жазылған «Әке мен 
бала» әңгімесі ретінде жаз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет