Жазылу жолдары


Аргументтерді құрастырып шыңдау



Pdf көрінісі
бет25/36
Дата16.10.2023
өлшемі23,11 Mb.
#185662
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36
Байланысты:
Эссе және оның жазылу жолдары

Аргументтерді құрастырып шыңдау
Аргумент келтіру эссе түріне байланысты, себебі бір эссе екі кей
-
іпкердің ұқсастық пен айырмашылықтарын сұраса, басқасы туынды 
ішіндегі образды бақылауды сұрайды. Әртүрлі жауап керек ететіндей, 
бұл эссе түрлері әртүрлі аргументтеуді де қажет етеді. Аргументсіз 
эссе болмайды, себебі ол жай ғана баяндау емес. Пікір білдірген соң, 
аргументпен дәлелдеу керек. Аргументті жазып қана қою, толық біт
-
пеген жұмыс. Оған талдау жсасау керек. Содан кейін ғана абзацты 
қорытындылаушы сөйлем жазып, пікір бекітіледі.


61
Кіріспе жазу 
Кіріспе бүкіл эссенің өрбу жолын шешеді. Бұл жерде тақырып
-
ты оқырманға таныстарып, белгілі мәселелер мен жауап беретін 
сұрақтар қозғалады. Сонымен қоса, кіріспе - автордың оқырманға 
өзін таныстыратын бөлігі. Дәлелді әдеби эссе бірден авторды білімді 
және сенімді адам ретінде көрсетеді. Оқырманның қандай тақырыпты 
оқып, не туралы оқитынынан хабар береді. Қай кітапты талдайсыз, 
қандай кейіпкерлерді және де қандай мәселені қозғайсыз – осының 
бәрі кіріспеде жазылады.
Эссе маңыздылығы.
Тақырыптың неге маңызды және позицияға
негізгі идеяға неге көңіл бөліну керектігі түсіндіріледі. Оқырман
-
ды аргументтермен қалайша қызықты немесе таңсық екенін білдіру 
арқылы оқуға тарта білуі керек. Әдеби эссе күтілмеген байланыстар
-
ды көрсетіп, ұтымды жазылуы тиіс. 
Тезис жазу.
Әдетте кіріспенің нақ соңында немесе аяғына қарай жа
-
зылады. Эссенің қалай жазылатыны туралы хабар бере тұра, барлық 
құрылымды егжей-тегжейіне дейін түсіндіруді қажет етпейді. Деген
-
мен эссенің құрылымын оқырманға қысқаша ашу қажет. 
Кіріспеге тән емес:
Зеріктіретін, таптаурын идея. Әдеби анализ эссенің кіріспесі екі 
сөзбен сипатталады: қызықты және маңызды, сондықтан жұмысыңыз 
маңызды және қызықты болуы тиіс.
Көп оқушылардың қатесі - кіріспені тым ауқымды, тым салмақты 
пайымдаудан бастау, жұмысты не авторды тым асыра мақтау. Эс
-
седе авторды ең үздік жазушы деп жазған қажет емес, тақырыпқа 
байланыс ты объективті түрде жазылады.
Тақырыптан ауытқу. 
Кіріспеде қойылған тезисті ұмытпау керек. 
Негізгі бөлімнің әр абзацы тезиске қатысты пікір білдіруден басталса, 
эссе жазушы тақырыптан ауытқымайды.
Негізгі бөлімнің жазылуы
Кіріспе жазып болғаннан кейін төртінші қадамда құрастырылған 
тезиске байланысты негізгі бөлім жазылады. Негізгі бөлім тезиске тә-
уелді, абзац тезис идеясына қатысты жазылған сөйлемнен басталады. 
Бұл сөйлем оқырманға алдында оқитыны жайлы нұсқаулық береді. 


62
Жақсы абзац сөйлемі тек қана не жазылатынын ғана емес, аргумент
-
тер қалай жүретінінен белгі береді. Жақсы құрылған тезисті қолда
-
ушы пікір талдауға түрткі болады. Толық және тұтастай бір идеяны 
дамытады. Абзацты толығымен қамту жолында тым көп материал 
қолданудан абай болған дұрыс. Негізгі бөлім құрылымы қабырғаның 
кірпіштері секілді: егер де бір кірпіш нашар болса, бүкіл құрылым әл
-
сірейді. Басқа абзацты бастаудың алдында, жазып отырған абзацтағы 
идеяны толық дәлелдеп, қорытындылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет