Жазу дәптерінің мазмұны,құрылысы



бет6/14
Дата20.04.2022
өлшемі42,61 Kb.
#140178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Сауат ашу

Жазу сабағын жаттықтыру.
Балалар жазуды қаламмен жазады. Дайындық кезеңінде балалар жай және түрлі-түсті қарындаштарды және қаламды пайдаланады. Сыныпта әліпби ілініп тұрады.
Мұғалім жаңа әріпті тақтада жазылуын көрсетіп отырып түсіндіреді. Әр баламен қаламды ұстап жүргізіп, бір әріпті жазып көрсетеді. Келесі әріпті бала өзі жазады. Мұғалім аралап жүріп дұрыс жазбаған баламен жеке жазу жұмысын жалғастырады.
Оқу мен жазуға үйрету бірге жүргізіліп отырады. Баланың дұрыс оқуға машықтануымен сауатты да, әдемі жазуға үйретуі осы кезеңде жүзеге асырылады. Сондықтан мұғалім балаларды ұқыпытылыққа, жауапкершілікке үйрете отырып, өз жұмыстарына өздері баға беріп, қорытынды жасай білуге үйретуі тиіс.
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптерін жүргізуге қойлатын төмендегідей біртұтас арнайы талаптарды жүзеге асырады:

  1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу.

  2. Дәптерлің сыртқы бетіне жазылатын жазулардың біркелкі болуын, оның қандай мақсатқа арналғанын көрсету.

  3. Азат жолдарды сақтап жазу.

  4. Әр күнде орындалған жұмыстан соң немесе әрбір аяқталған тексттен кейін қазақ тілі дәптерлерінде екі жол, математика дәптерінде екі жол тастап жазу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет