Жазудың қызметтері Маха Жазу


Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен не түюге болады? Алина



бет49/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
Латын сессия

Төте жазу туралы орыс және қазақ зиялыларының пікірлерінен не түюге болады? Алина

https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/article/details/85746?lang=kk осында толыктай бар


Қазақ халқының әлеуметтік, мәдени өмірі, ғылымы мен білімі үшін жан аямай қызмет еткен ірі қайраткер, ғұлама ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ең шоқтықты еңбектерінің бірі араб графикасына негізделген қазақтың ұлттық жазуы – төте жазу жүйесін дайындауы десек, артық айтқан болмаймыз.




Түркі халықтарының араб жазуын тұтынуы ХІ ғасырдан басталғаны тарихтан белгілі. Алайда ғасырлар бойы қолданыста болған араб графикасының негізіндегі дәстүрлі жазу үлгісінің халықты жаппай сауаттандыруға кедергі келтіретіндей кемшіліктері де болды, ең бастысы, дәстүрлі араб жазуы қазақ тілінің фонетикалық жүйесін, әсіресе оның үндесім заңын ашып көрсете алмайтын. 1895-1909 жылдар аралығында Ақтөбе, Торғай өңірінде әр сатылы мектептерде бала оқытып, ағартушылық қызметпен айналысқан А.Байтұрсынұлы дәстүрлі жазудың олқылықтарын жете барлап, дәп басады. Бұл туралы ол «Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген жолмен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше, орысша білуден уақыт кем кетпейді… Сондықтан оқу керегі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз» деп жазады. Ахаң 1910 жылдан кейін қазақ жазуын реформалауға бет бұрып, 1912 жылы «Айқап» журналында өзі құрастырған ұлттық әліпби жобасын «Жазу тәртібі» деген атпен мақала түрінде қазақ жұртына ұсынады, осы жылы Орынборда «Оқу құралы» деген кітабын шығарады. 1912-1925 жылдар аралығында 9 мәрте қайта басылған осы еңбек, шын мәнісінде, қазақ қоғамында ұзақ ғасырлар қолданылған қадим және жәдид үлгісінен кейін қазақ тілінің фонетикалық ерекшелігіне бейімделген төте жазу жүйесінің қалыптасуы мен орнығуының бастауы болды. Қазақ балаларына өз ана тілінде хат танып, білім алудың төте жолы ашылды, тұтас бір кезеңнің рухани мұрасы о

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет