Грамматология терминін алғаш қолданған ғалым Диана
Грамматология термині, француз философы Жак Дерриданың 1967 жылы «Грамматология» атағындагы китабында алғаш қолданылған. Грамматология, сөздіктік және тіл білімінің қайталануына, сөздіктік және тіл білімінің дәрежесіне,қарсы қолданылатын термин.
Грамматология (гр. gramma — жазу, гр.logos — ұғым, ілім) — жазу туралы ғылым. Жазудын кейбір түрлері жанама түрде ғана тілмен байланысты болғандыктан, Грамматология тұтас калпында тілбіліміне кірмейді. Дж.Гельб
грамматологияның үш бөлімін көрсетті: субграфемика, графемика,
параграфемика. Автор грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін
айтты. И.Е.Гельб кітаптың алғысөзінде бұл кітап бойынша жиырма жылдан
астам уақыт жұмыс істегені туралы жазады.
Прага лингвистикалық мектебінің өкілі Й.Вахектің жазу теориясындағы қызмет калай бағалайсыз? Шырын
Жазудың автономдығы туралы ғылыми көзқарасты қалыптастырған Прага лингвистикалық мектебінің өкілі Й.Вахек болды.
Жазу ауызша тілге табан тірегенмен, дербестікке ұмтылумен келеді, ол таңбалардың таңбасы емес, заттың таңбасы. Й.Вахек әр адамның сөйлеу мәнері, сазы, тембрі болатыны сияқты әр адамның жазуы да әр басқа, ал баспа тілі бұл жағынан бейтарап, анық, толыққанды, онда ой ең соңғы нүктесіне дейін толымды беріледі деп, жазба тілмен баспа тілінің арасын айырды және жазба тілдің құрылымдық ерекшеліктерін көрсетті. Жазба тіл-де ойды беру үшін қосалқы тәсілдер қолданылады деп, оларға жайлап, дауысын бәсеңдетіп айтты; дауысын көтеріп деген суреттеулерді мысалға келтірді. Бұл жазба тәсілдің жетілме- гендігін емес, дербестігін көрсетеді, ол ауызша нормада абзац табиғатының беріле алмауымен бірдей деді. Қос нүкте орны-на ауызша нормада “ол былай болады”, “ол мынау ғой” деген сияқты сөздер керек. Сондықтан жазуы жоқ тілде акустикалық субстанция көзге еленбейді, көлеңкеде қалады, ол жоқ сияқты болады, егер сол тілде жазу пайда болса, осыған дейін білінбе- ген тілдік субстанция белгілі дәрежеде байқала бастайды деді.
Достарыңызбен бөлісу: |