Графикалық лингвистика дегеніміз не? Алина
Графикалық лингвистика тілдік жазбаларды сан қырынан алып, лингвистика тұрғысынан зерделейтін ғылым. Графикалық лингвистика тарихи тұрғыдан алып қарастырғанда, жас ғылым саласы. Оның өз алдына дербес ғылым саласы ретінде қарастырыла бастауы өткен ғасырдың 50 жылдарынан бастау алады. Бұл ғылым саласын атауда ғалымдар әртүрлі терминдерді қолданылып келді. Оның зерттеу бағыттарын да әрқайсысы өзінше сараптады.
Жалпы жазу туралы ғылым саласы - графикалық лингвистика - жаңадан дамып келе жатқан ғылым. Оның терминдері мен ұғымдары, ішінара салалануы мен басқа ғылыми салалармен шектестігі ғылыми-теориялық зерттеуді қажет етеді. Жазу коммуникациялық, танымдық қызметтерді атқаратындықтан ол қоғам, ондағы әлеуметтік, саяси жағдайлармен, халық тарихы және мәдениетімен тығыз байланысты болады. Ғылыми-техникалық жаңалықтар да одан сырт қалмайды. Тіл мен ойдың, сезімнің бейнесін жасайтын жазудың тарихы тым тереңде. Әрі мұның практикалық мәні де жоқ емес. Бір ғана мысал, ХХ ғасырдың ішінде қазақ жазуы араб жазуы, араб жазуының негізінде жасалған төте жазу, латын жазуы, кириллицаға - бірнеше жазу түрлеріне алмастырылды. Әрине, мұның тарихи, мәдени әрі саяси себептері де жоқ емес. Қазір де, әсіресе, қазақ тілі білімі үшін қазіргі жазу мәселесі, латын немесе кириллица, араб болмаса бұрынғы ескі түркілік сына жазулардың қайсысын қолдану оңтайлылырақ деген мәселені талқылап жатқан тұста графикалық лингвистиканы зерттеу, оның негізгі ұғымдары мен тарауларын нақтырақ қарастыру бұл бітіру жұмысы тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
А.А. Волков жалпы жазуды зерттейтін ғылымды қалай атады? Ақниет
А.А.Волков жалпы жазуды грамматология зерттейді деді. Грамматология терминін алғаш қолданған Дж.Гельб грамматологияның үш бөлімін көрсетті: субграфемика, графемика, параграфемика. Автор грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін айтты. Оның ізімен А.М.Кондратьев грамматология ғылымы жазу тарихын, жазу теориясын, жазу психологиясын, қолтаңбатану, жазу патологиясын, палеография, эпиграфиканы қарастырады деді. Жазба тілге байланысты кеңестік тіл білімінде А.А.Волковтың “Грамматология” (1982) және Т.А.Амированың мақалалары мен “К истории и теории графемики” (1977), “Функциональная взаи-мосвязь письменного и звукового языка” (1985) деген еңбектері бар.
Достарыңызбен бөлісу: |