Тіл білімінің негізгі нысаны жазба тіл емес, ауызша тіл болу керек деген кім?
Қымбат
Тек адам санасы арқылы ауызша тіл жазу жүйесіне, жазба тіл ауызша тілге айнала алады. Бодуэн де Куртене жазба тілдің дербестігін алғаш айтқан ғалымның бірі болады. Алайда ғалым жазба тілдің ойлаумен тікелей байланысатынына күмәнмен қарады: “Айтылатын-естілетін тіл жазылатын оқылатын тілден мүлде дербес күйде пайда болса, жазылатыноқылатын тіл алдыңғымен байланыста ғана мағыналы болады» деген. Ғалым әріп пен дыбысты, жазба тілмен ауызша тілді терминологиясы бойынша қатаң айыруды талап еткен.
Л.В.Щерба ұстазы Б.Куртэненің ізімен тіл білімінің негізгі нысаны жазба тілмемес, ауызша тіл болу керек деп, әу бастан жазба тілден ауызша тілді айырып алу керектігін ескертті. Өйткені жазу консервативті дүние, ол ауызша тілге икемделмей сол күйі қалып отырады да, екеуінің арасында сәйкессіздік пайда болады. Ол сәйкессіздік грамматика саласында көрінеді. Дұрыс жазуды меңгеру үшін, жазба тілдің грамматикасын білу керек болып шығады деді ғалым. Сондықтан жазба тілдегі морфологиялық формаларды ауызша тіл формалары етіп түсіндірудің қателігін көрсетті. Егер ауызша тілді сол қалпында жазуға түсірсек біз, фонетика, морфология, синтаксис құрылымдарынан қанша қате жібергенімізді көрер едік, сөзінің жазба нұсқасын оқыған адам “қалай ғана қате жібергенмін” деп таңғалар еді дейді ғалым. «Бұл факт барлық қателердің әлеуметтік негізі бар екенін, ауыз-ша тілдің жүйесінде бар екенін көрсетеді» деген. “Егер қандай да бір грамматиканы грамматика үшін зерттеймін десек, онда тек ауызша сөйленген сөздің грамматикасын зертеу керек... Жазба тіл қандай да бір деңгейде өлі тіл болып табылады. Оны бізге мектепте зорлықпен үйретеді» деп, оқулықтардағы тілдік материал деп түсіндіретініміз жасанды тіл деді.
Жазудың ауызша тілден ерекшелігін айқындаған ғалымдар? Шырын
И.Е.Гельбтің ойынша, жазудың о бастағы болмысы тілден
өзгеше еді. адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға
қарағанда жетілген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу
өзінің дербес жүйелік сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба
орынбасары болып қалды. Сондықтан “жазуды ауызша тілдің
эквиваленті деп, көрінетін таңбалар арқылы сөйлеуді түсіретін
тәсіл деп танитын лингвистер жазудың тарихи дамуын дұрыс
бағаламай отыр, олар бұл анықтамаларының жазудың алғашқы
сатысына сәйкес емес екенін біле алмайды. Ол кездегі жазу тілдің
ауызша формасын берген жоқ” дейді.
В.А.Истрин сөйлеу тілді жарыққа шығаратын құрал болса,
жазу сөйлеуді таңбалайтын, есте қалдыратын көмекші құрал
болады деді. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктері ауызша
тілдің қашықтық пен уақыт жағынан шектеулігін, деректі аргу-
мент бола алмайтын, есте сақталынбайтын кемістіктерінің ор-
нын толтырып келе жатқанын айтады.
Сонымен, жазудың ауызша тілге қарағанда екіншілігі ту-
ралы пікір л.в.Зиндер, и.е. Гельб, в.а.истрин еңбектерінде
айтылғанмен, ғалымдардың пайымдауларынан жазуды дербес
жүйе ретінде танығандарын аңғара аламыз.
Жазу пәніне қатысты тіл білімі тарихында жазудың
алғашқылығы туралы пiкiрлер бар. мысалы, н.Я.марр мен
и.и.мещанинов жазу ауызша тілмен бір мезгілде, тіпті одан
бұрын шыққан, оның себебі жазудың магиялылығынан,
жазудың қол қимылы, кинесикалық амал-тәсілдер арқылы пай-
да болғанынан деді. Яғни жазуды адамзаттың тіл арқылы емес,
ым-ишарат арқылы қарым-қатынас жасаған дәуіріне апарады.
мұндай көзқарасты Ч.лоукотка, Чжан Чжэн мин, ван Гиннекан
жақтайды.
Жазу пәнін анықтаудағы келесі бағыт – жазуды өз алдына
дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан
көзқарас – әсіресе ХіХ ғасырдың ішінде жазба ескерткіштердің
табылып, оқылуы кезеңінде көтерілді.
Жазуды дербес тіл ретінде қарастыру а.макинтош,
Дж.маклохлина, Ф.Хаусхальдер сияқты ағылшын лингвистерінің
(40-60 ж. бермен қарай) еңбектерінде басталды. Олар ауызша
тіл ауызекі стиль, жазба тіл– әдеби стиль, белгілі бір тілдің жа-
зуы басқа әліпбимен жазылса, екі мәтінді бір тілдің материалы
деуге болмайды, ауызша тіл мен жазба тілдің өзіне тән мазмұн
және тұрпат межесі болатын болып шығады деді. Ф.Хаусхальдер
әрбір әдеби тілдің дамуына жазба тіл негіз болады, көптеген
сөз жазылған қалпында айтылады, кейбір сөздер мәтін арқылы
танылады, жазба тіл алғашқы, ол ауызша тілге әсер ететін “ата-
жазба” тіл деді.
И.Е. Гельб «жазудың о бастағы болмысы тілден өзгеше еді. Адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға қарағанда жетілген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу өзінің дербес жүйелік сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба орынбасары болып қалды» деген пікірін қалай түсінесіз? Аида
И.Е.Гельбтің ойынша, жазудың о бастағы болмысы тілден өзгеше еді. адамзат өз ойын жазба түрде берудің алдыңғыларға қарағанда жетілген түрін ойлап тапқанда ғана, сол кезеңде жазу өзінің дербес жүйелік сипатынан айрылып, ауызша тілдің жазба орынбасары болып қалды. Сондықтан “жазуды ауызша тілдің эквиваленті деп, көрінетін таңбалар арқылы сөйлеуді түсіретін тәсіл деп танитын лингвистер жазудың тарихи дамуын дұрыс бағаламай отыр, олар бұл анықтамаларының жазудың алғашқы сатысына сәйкес емес екенін біле алмайды. Ол кездегі жазу тілдің ауызша формасын берген жоқ” дейді. Ғалым жазу алғашында сөйленген сөзбен әлсіз байланысты дейді. Бір суретті әркім әртүрлі оқыды, ауызша тіл формаларына сәйкеспеді, жазу фонетикалана бастағанда ғана ауызша формасымен сәйкесе бастады. Бұл көзқарасқа қатысты тағы мынадай пікір барын білеміз: жазу адамзат тілінің даму сатысымен сәйкес жетіліп отырды; суретжазу (пиктография), ұғымжазу (логография) адамзат тілінің дыбыстық бірліктерге ажырамай, тұтас сөйлемдердің бір морфемамен синкретті бірлігі кезінде пайда болса, дыбысжазу (фонография) тілдің дыбыстық бірліктерге бөлінген дәуіріне сәйкес келеді: “Кең мағынасында алғандағы жазу өзінің даму сатыларында ауызша тілмен бірдей бола алмайды, ал жазуды зерттеушінің лингвист болуы шарт емес ” деген и.е.Гельб, сондықтан ойжазу мен дыбысжазу арасындағы алшақтыққа назар аудару керек екенін айтады. и.е.Гельб оқығанда ғана түсінікті болатын визуалды морфемалардың болатыны жазудың ауызша тілден бөлек коммуникация құралы екендігін дәлелдейді дейді.В.А.Истрин сөйлеу тілді жарыққа шығаратын құрал болса, жазу сөйлеуді таңбалайтын, есте қалдыратын көмекші құрал болады деді. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктері ауызша тілдің қашықтық пен уақыт жағынан шектеулігін, деректі аргумент бола алмайтын, есте сақталынбайтын кемістіктерінің орнын толтырып келе жатқанын айтады. Сонымен, жазудың ауызша тілге қарағанда екіншілігі туралы пікір л.в.Зиндер, и.е. Гельб, в.а.истрин еңбектерінде айтылғанмен, ғалымдардың пайымдауларынан жазуды дербес жүйе ретінде танығандарын аңғара аламыз. Жазу пәніне қатысты тіл білімі тарихында жазудың алғашқылығы туралы пiкiрлер бар. мысалы, н.Я.марр мен и.и.мещанинов жазу ауызша тілмен бір мезгілде, тіпті одан бұрын шыққан, оның себебі жазудың магиялылығынан, жазудың қол қимылы, кинесикалық амал-тәсілдер арқылы пайда болғанынан деді. Яғни жазуды адамзаттың тіл арқылы емес, ым-ишарат арқылы қарым-қатынас жасаған дәуіріне апарады. мұндай көзқарасты Ч.лоукотка, Чжан Чжэн мин, ван Гиннекан жақтайды. Жазу пәнін анықтаудағы келесі бағыт – жазуды өз алдына дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан көзқарас – әсіресе ХіХ ғасырдың ішінде жазба ескерткіштердің табылып, оқылуы кезеңінде көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |