Жазудың қызметтері Маха Жазу


В.А. Истрин жазуды дербес жүей деді ме, әлде есте қалдыратын көмекші құрал деді ме? Дильназ



бет39/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

В.А. Истрин жазуды дербес жүей деді ме, әлде есте қалдыратын көмекші құрал деді ме? Дильназ

В.А.Истрин сөйлеу тілді жарыққа шығаратын құрал болса, жазу сөйлеуді таңбалайтын, есте қалдыратын көмекші құрал болады деді. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктері ауызша тілдің қашықтық пен уақыт жағынан шектеулігін, деректі аргумент бола алмайтын, есте сақталынбайтын кемістіктерінің орнын толтырып келе жатқанын айтады.Сонымен, жазудың ауызша тілге қарағанда екіншілігі туралы пікір Л.В.Зиндер, И.Е. Гельб, В.А.Истрин айтылғанмен, ғалымдардың пайымдауларынан жазуды дербес жүйе ретінде танығандарын аңғара аламыз.





  1. Жазуды өз алдына дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан көзқарас не себептен пайда болды? Дариға

Жазу пәнін анықтаудағы келесі бағыт – жазуды өз алдына дербес жүйе деп, маңызын дәрiптеп, мәртебесiн жоғарылатқан көзқарас – әсіресе ХІХ ғасырдың ішінде жазба ескерткіштердің табылып, оқылуы кезеңінде көтерілді. Жазба ескерткіштердегі әріп таңбалар сол тілдің дыбыстық құрамын нақты бейнелейді деп қабылданды. Сондықтан ондағы графикалық элементтер абстракті әріп-фонема ретінде ұғынылды.


Жазуды дербес тіл ретінде қарастыру А.Макинтош, Дж.Маклохлина, Ф.Хаусхальдер сияқты ағылшын лингвистерінің (40-60 ж. бермен қарай) еңбектерінде басталды. Олар ауызша тіл ауызекі стиль, жазба тіл– әдеби стиль, белгілі бір тілдің жа-зуы басқа әліпбимен жазылса, екі мәтінді бір тілдің материалы деуге болмайды, ауызша тіл мен жазба тілдің өзіне тән мазмұн және тұрпат межесі болатын болып шығады деді. Ф.Хаусхальдер әрбір әдеби тілдің дамуына жазба тіл негіз болады, көптеген сөз жазылған қалпында айтылады, кейбір сөздер мәтін арқылы танылады, жазба тіл алғашқы, ол ауызша тілге әсер ететін “ата-жазба” тіл деді. Осындай көзқарастардың негізінде ХХғ. 30-40жж. жазу зерттеу нысанына айнала бастайды. Дыбысжазу туралы ғылым графикалық лингвистика деп аталды. А.А.Волков жалпы жазуды грамматология зерттейді деді. Грамматология терминін алғаш қолданған Дж.Гельб грамматологияның үш бөлімін көрсетті: субграфемика, графемика, параграфемика. Автор грамматология жазудың барлық типін зерттейтінін айтты. Оның ізімен А.М.Кондратьев грамматология ғылымы жазу тарихын, жазу теориясын, жазу психологиясын, қолтаңбатану, жазу патологиясын, палеография, эпиграфиканы қарастырады деді.
Сонымен, жазуды өз алдына дербес жүйе деп тану, біріншіден, жазба тілде ойды жарыққа шығарудың өзіндік категориялары мен бірліктері, тәсілдері болу керек. Екіншіден, жазба тіл өз кеңістігінде, өз аудиториясы болу керек. Мәтін сол қалпында ауызша тіл аудиториясына жетпеуі, түсініксіз қалуына орай өз аудиториясының болуын, қалыптасуын қалайды. Жазба тілді аудиторияда түсіну үшін алдымен ауызша тілге кодтау қажеттілігі шығады. Сонда екі жүйенің өзара кодталу процесінен кейін ғана түсінікті болуы жазба тілдің дербес жүйелілігін танытады. Жазу мен ауызша тілдің екі басқалығын “мойындатпай” отырған тілдің лексикалық деңгейі. Алайда бұл заңды да. Өйткені лексикалық деңгей тілдің мазмұнын көрсетеді, ал осы мазмұн бірліктерін тілді түрлі бағытта, мақсатта қолдануда өзіндік тәсіл, жүйе арқылы жұмсау дербес тілдік таңбалар жүйесін жасайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет