Жазудың қызметтері Маха Жазу


Жазудың қызметтерін атаңыз Маха



бет2/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

Жазудың қызметтерін атаңыз Маха



Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатары-на жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу Типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткені- нен хабар береді.


Жазудың мынадай қызметтері бар:
1) аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет);
2) тілжүйелеушілік қызмет;
3) ойжасамдық қызмет;
4) ойды жарыққа шығару қызметі;
5) жады қызметі;
6) тілтанымдық қызмет;
7) тілді нормалаушылық қызмет;
8) кумулятивтік қызмет (мәдениетті сақтайтын, жеткізетін қызмет);
9) коммуникативтік қызмет.
Адамның қоғамдағы мәні өз ойын сыртқа білдіру қабілеті және өзгелермен қатынас жасай алу қасиеті арқылы өлшенеді. Мұның біріншісі – жеке-дара қасиет болса, екіншісі – әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін күлу, айқайлау, жылау, бақыру, өлең айту сияқты табиғи жолмен білдіре алады. Сондай-ақ, өлең шығару, сурет салу, әуендету, мүсін жасау сияқты қоғамдық ортақ шарт-ты құбылыстар арқылы да шығарады. Тарих доңғалағы айналған сайын адам қоғамсыз өмір сүре алмағандықтан ортақ, қоғам болып бірлесіп қабылдаған бейнелер арқылы өз ойын сыртқа шығарудың жолдары көбейді.



  1. Жазудың тілді нормалаушылық қызметін жазыңыз Ақниет

Адамзат санасы ұрпақтан-ұрпаққа жазу арқылы жетедi, жазу арқылы сол дәуірдің бейнесін көреміз. Жазуы бар тiлдердiң тiл тарихын айқындауға мүмкіндік бар. Жазба тілескерткiштерi бар тiлдiң мәртебесi жоғары саналады. Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан жазудың мынадай қызметтері бар деп білеміз: 1) аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет); 2) тілжүйелеушілік қызмет; 3) ойжасамдық қызмет; 4) ойды жарыққа шығару қызметі; 5) жады қызметі; 6) тілтанымдық қызмет; 7) тілді нормалаушылық қызмет; 8) кумулятивтік қызмет (мәдениетті сақтайтын, жеткізетін қызмет); 9) коммуникативтік қызмет.


Жазу адамдар арасындағы тілдік коммуникацияны қамтамасыз етеді. Жазу арқылы жақыннан тұрып та, алыстан тұрып та қарым-қатынас жасай беруге болады. Мақалада адамзат баласы тарихындағы алғашқы жазудың пайда болуы, болжаммен қалай шыққандығы, қалыптасуы мен даму тарихы, жазудың бізге белгілі түрлері, қоғамдық қызметі сөз болады. Әрбір жазудың — пиктографиялық, идеографиялық, буын жəне әріп жазуының қоғамдық қажеттілікті өтеудегі орны, бір жазудан екінші жазуға өту сатысы, бір-бірінен артықшылығы мен кемшілігі көрсетілген. Шамамен жазудың пайда болу мерзімі, қандай негізде шыққандығының себептері, яғни пайда болуына əсер еткен факторлар, оны алғаш қолданушылар, алғашқы жазудың формасы, оның уақыт өте келе эволюциялық жолмен жетілуі, бүгінгі күндегі қолданыста бар жазу түрлері мен белгілері сияқты мəселелер мақалада жан-жақты баяндалған. Жазудың (әріп жазуының) шығуына себеп болған алфавит мәселесі, финикий жазуындағы алғаш дыбыстар, түрлері, оның жетілуі, батыс жəне шығыс елдері алфавитінің шығуына себеп болған грек жəне арамей жазуы, жазуды зерттеу ілімі — графика мəселесí, орфография, транскрипция мен транслитерация мəселелерí де қарастырылған. (Толық емес)





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет