Төте жазуда дауыстының таңбасы неге аз? Дариға
Қысқасы, А.Байтұрсынұлының «бес дауыс-ты» жүйесін, біздіңше, осылай түсінуге болады. «Бес дауысты» жүйесімен әліпби түзе келіп, осы бес инвариант-фонеманың әрқайсысын бір-бір әріппен белгілейді. Ал инварианттардың варианттары үшін бас-басына әріп алмай-ақ, дәйекші арқылы жуан немесе жіңішке әуезде оқылатындай жазу жүйесін жасай-ды. Сонымен А.Байтұрсынұлы әліпби жүйесінің, түптеп кел-генде, қазіргіден өзгешелігі әріптердің фонемалық мәнді бере отырып, дыбыстық мәнді де (жуан-жіңішке әуезін) білдіріп, біте қайнасып тұрған ішкі құрылымдық ерекшелігінде. «Біте қайнасқан» бұл ерекшелік қазақ тілінің сингармонизм жүйесімен ерекше үйлесім табады».
А.Байтұрсынұлының төмендегі пікірлеріне талдау жасаңыз: «р, л, у, и әріптерінің алдында “ы” әрпі жазылу-жазылмауы естілуінше: естілсе жазылады, естілмесе жазылмайды. Мәселен: лыпа, леп, лепес, лап қойды, лаулап жанды, лоқы, лықылдап, Ленін, Лепсі деген сөздердің алдында келген “л” тап-таза “ы”-сыз естіліп тұр. Оған “ы” жазудың керегі жоқ. “Ылай, ылайық, ылаж, ылау, ілім, ілік, ылғи” деген сөздерде “л” алдын- да “ы” анық естіліп тұр. Ал күмәнданатын жердің тексеру әдісі өлең өлшеуі болады»; «Қорғамбай – Қорғанбай, Арғымбай – Арғынбай, Тасқымбай – Тасқынбай, қоңған – қонған, жоңған – жонған, жаңған – жанған, көңген – көнген, өңген – өнген, сеңген – сенген, күңге – күнге тұлғаларының соңғылары дұрыс, өйткені сөздің түбірі “қорғам”, “арғым” “тасқым” емес қорған, арғын, тасқын болады. Сондай-ақ [н] дыбысын қ, ғ, г дыбыстарының әсерінен айырсақ, дүдәмалдық жоғалады, “қоныс”, “қондық”, “жону”, “жондым”, “жанып”, “жанды”, “көніп”, “көнді”, “өніс”, “өнім”, “мініп”, “мініс”, “сеніп”, “сенім”, “күнде”, “күндік” дегенде, “ң” емес, “н” екені айқындалады». Дильназ (Дариға)
Мен Байтұрсынов ойын қолдаймын “лап, леп”- сөздерінің алдына ы әріпін қойудың қажеті жоқ, өйткені жазуда ол ескерілмейді. Яғни айтылу мен жазылу түрі екі түрлі болады, ол дыбыстың жасалуына қарай мысалы “р” дыбысынан кейін қысаң “ы,і” дауыстыларынан басқа дауыстылар келсе, сөз басында ы,і әріптері жазылмайды деген ереже бар. Сондықтан айтылу мен жазылуда сөздер өзгереді Тасқымбай дем айтылады, жазылған да Тасқынбай. “Н” дыбысы мен “ң” дыбысын да көп адам айыра алмайды. Егер н дыбысынан кейін қ,ғ,г-дыбыстары келсе көбіне ң болып естіліп жатады, бірақ олар н болып жазылады. Мысалға: жанды, көнді, қондық деген сынды. Бұдан сөздіктің алдыңғы сөздіктерден ерекшелігін әрі толықтырылғанын көруге болады. Сондай-ақ сөздікте қатаң дыбыстардың ұяңдануы, езулік дыбыстардың еріндікке айналуы, қысаң дыбыстардың редукциялануы сияқты орфоэпиялық заңдылықтар қамтылады. Ал кірме сөздердің орфоэпиясы жазылуы бойынша берілген. Орфоэпияда сөздердің дұрыс айтылу нормасы үндесім заңдылығына яғни тіл үндесімі мен ерін үндесіміне негізделетіндігі белгілі. Себебі кез-келген тілдің орфоэпиясы оның басты фонетикалық заңдылығына сүйенеді. Осымен байланысты М. Дүйсебаеваның пікірінше, сөйлемдегі сөздер айтуда бірімен-бірі үйлесіп, жымдасып, түрлі дыбыстық үндесу заңы бойынша яғни орфоэпиялық заң бойынша айтылады. Тіліміздегі қатаң дыбыстарды ұяңдатып айту, ұқсас емес дыбыстарды біріне-бірін ұқсастырып, үйлестіріп айту орфоэпиялық нормаға жатады. Шындығында орфоэпиялық нормада дауысты және дауыссыз дыбыстардың үйлесімділігі және сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуы басшылыққа алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |