1
В. Г. Б е л и н с к и й .
Собр. сочинений 3
-
х томах, Том 11, М., 1948, стр. 604–
605
ражая его своею
яркою верностъю природе и действительности...»
1
деген
ғой.
Гогольді сүйіп аударған Мұхтар Әуезов сол Гогольден мүлде әсер
алмады деу, қателесумен бара
-
бар. Сондай
-
ақ ол
-
қазақ тіліне Шекспирді
де, Чеховты да, Л. Толстойды да, Тургеневті де аударды. Ендеше
олардың да әсері Мұхтар Әуезовке тимей қойған жоқ. Айта берсек,
Мұхтар Әуезовтен классикалық шығыс әдебиетінің де элементтерін
табуымызға болады. Оның арқалаған жүгі өте ауыр. Алайда оның негізгі
әдісін, ой түюін алсақ ол И. С. Тургенев пен Л. Толстойға таяу тұратын
тәрізді.
Рас, біздің Бейімбет Майлин, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Жансүгіров тағы
басқа жазушыларымызда да Гоголь әсері бар. Сонымен қатар оларда өзге
жазушылардың да әсері бары даусыз. Бірақ біз әсер мәселесін Гогольге
байланыстыра алып отырмыз да, сол Гогольдің өзіне тән ерекшелігі: сөз
саптау әдісі қай жазушымызда басым, міне осыны тексермекпіз. Алайда,
біз біреуді біреуге апарып телуден аулақпыз. Оны жоғарыда В. Г.
Белинскийдің сөзімен айтып өттік қой. Әсер мәселесін сөз еткенде,
кейбір зерттеушілеріміз Мұхаметжан Сералиннің «Топ
жарған» (1898)
атты поэмасында Гоголь әсері күшті, атап айтқанда «Ревизор» әсері
күшті дейді. Біз бұл пікірге қосыла алмаймыз, өйткені Сералиннің жазу
әдісі, стилі Гогольден аулақ жатыр. «Топ жарғанда» сықақ, мысқыл
мүлде ұшырамайды. Әңгіме тұспалсыз тура
айтылады... Ал сөз саптау
мәселесіне келсек, бұл екі жазушының арасын жақындату мүлде қиын.
Қазақ әдебиетіне әзіл
-
сықақ, ащы мысқылдың әр алуан үлгілерін өзімен
бірге ала келген жазушымыз Бейімбет Майлин болатын. Осы ерекше әдіс
Б. Майлиннің бойына туа біткендей. Бірақ Майлиннің революциядан
бұрынғы еңбектерінде Н. В. Гоголь әсерінен гөрі А. П. Чехов әсері күшті
сезілетін тәрізді.
Достарыңызбен бөлісу: