"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 
50
 


1
«Айқап» журналы, 7—8, 1915 ж.
Расын айтқанда Чеховтың «Қара қарға» атты әңгімесі 1915 жылы 
аударылды
1
. Сол жылы Чеховтың басқа әңгімелері де қазақ тілінде 
шықты. Ұзақ әңгімені қысқа
қайыратын көркем сөздің иесі –
 
шебер 
Чеховпен Бейімбет Майлин осылай танысты. «Талантты жазу –
қысқа 
қайыру», өйткені «қысқа қайыру –
сол таланттың туған қарындасы» –
дейтін Чеховтың Очумелов, Елдырин, Хрюкиндері қазақша сөйледі... 
Ұсақ жанрдың сәуегей шебері «унтер
-
офицер Пришибаевтің» авторы 
Чехов қазақ әдебиетінен өз орнын тапты. Қарапайым биязы сықақ пен 
терең трагедия Чехов шығармаларында ұштасып жатады. Мысалы, оның 
«Қайғы» атты әңгімесін алып қарайық. Токарь Григорий Петров ауру 
кемпірін дәрігерге алып келе жатыр. Әңгіме ұсақ әзілдеуден басталады 
да өрби береді.
Ақыры әйелі өледі, өзі аяғын үсітіп алады. Сонша 
қайғының үстінде Токарь өмірдің осынша тез өтуіне таңырқайды. Бұл 
әңгімеде биязы әзіл мен трагедия араласып отырады, бірақ трагедиясы 
басым көрінеді... Ал сол Чеховтың «Мұң» деген екінші әңгімесінде 
жалғыз баласы өлген қарт арбакеш Иона өзінің жүрегін жегідей жеп 
жүрген мұңын біреуге шағып, ойын бөлгісі келеді. Оны ешкім 
тыңдамайды. Сонда ол өз мұңын ақырда жем жеп тұрған биесіне 
шертеді. «Мысалы, сенің құлыншағың бар екен дейік, сен сол 
құлыншағыңның туған анасы екенсің дейік... Міне, кенеттен, сол 
құлыншағың дүние салды дейік. Бұл, аяныш қой, ә?» –
деп толғанады.
Алғашқы әңгімедегі апатқа ұшыраған Петров оқушының жанын 
тебірентсе, ал кейінгі әңгіме оқушыны езу тартқызады. Өйткені бірінші 
әңгімедегі әзіл
-
сықақ трагедияны күшейте түседі де, ал екінші әңгімедегі 
трагедияны
әзіл
-
сықақ жеңілдетіп жібереді. Чеховтың осы шебер әдісін 
Бейімбет Майлин «Шұға» повестісінде, «Талақ» әңгімесінде қолданған 
сияқты, «Шұға» басталғанда: Қасымның басындағы желпеңі оның бауын 
шешіп алып беліне байлауы,
51 


миығына түскен бөркін жоғары көтеруі, қара кердің қамшы жеп бусануы, 
Қасымның тебініп, шаужайлап келе жатуы суреттеледі. Бұл кезде 
жимиып
күліп отырасың. Әрі қарай әңгіме насырға шауып, кедейліктің 
салдарынан Әбіштің ғашық жары Шұғадан айрылып, жер аударылуы, ол
кайтып келгенде ішқұса болып өмірмен қош айтысқан Шұғаның өліміне 
кездесуі –
оқушының сай
-
сүйегін сырқыратады. Әңгіменің аяғын 
Бейімбет тағы жымия күліп бітіреді. «Әңгіменің қызығына түскен соң 
қара кер бесті қамшыдан құтылып жолы болып келе жатыр еді. Бір
-
екі 
тебініп, шаужайлап қатарласты», –
деп әлгі
қайғыны биязы сықақпен 
сергітпек болады, бірақ
бұл әңгімедегі трагедияны сықақ серпілтпейді. 
Бұл повесть Чеховтың «Қайғысына» осылай ұксасатын тәрізді.
Екінші «Талақ» атты әңгімесінде ерлі
-
зайыпты Айдарбек пен Зейнеп 
арасындағы кикі лжі ң
 
суреттеледі.
«Бұлардың ұрыс
-
керісі осыдан бір
апта бұрын басталған... бүгінгісі зілдірек. Айдарбек
шай ішпестен қорап 
тоқып, Зейнеп ұршық иіріп, кішкене қызы Күлямза қуыршақ ойнап 
отыр». Сонда: «Әке
-
шешесі ұрысқа кіргелі ойнай алмай Күлямза да 
жүдеуге айналып еді, бүгін үйінің ішінде өзгеше жандану, қозғалыс, 
іскерлік көрінген соң, біраздан бері терезе түбінде тұрған куыршағын 
алып, жаулығын салындырып, киіндіруге айналды» деп толғайды. Әрі 
қарай Күлямза ойнап отырып шешесіне қақтығады, содан Зейнеп итеріп 
жібергенде, Күлямза жылайды. Зейнепті сабауға сылтау таба алмай 
отырған Айдарбек жұмысын доғарып, әйеліне төне түседі. Содан ұрыс 
күшейе барып ақырында Айдарбек «Атаңа нәлет! Мен сенен талақ!..» 
деп салады. Ол кезде
дін заңы бойынша «Махаббат дәнекері –
неке, ал 
некені бұзатын жалғыз ғана талақ», –
дейді Бейімбет. Міне Айдарбек пен 
Зейнептің сергелдеңі осы жерден басталады. Қайта қосылудың 
қиындығы екеуінің арасында тұрған асқар таудай. Әңгіменің аяғын 
Автор: «Ерлі
-
байлы адамның арасын «талақ» үзе алмады. Ескі 
52
 


тұрмыс, ескі ұрыс, ескі төбелес некелі қалыптағы сарынға түсіп аға 
берді...» деп бітіреді. Бұл әңгімені оқығанда әлгі кірбеңді биязы сықақ 
жеңілдетіп жібереді де, езу тартпай қоймайсың.
«Шұға» әңгімесінде оқушының қайғыдан арылмауы тек қана ғашық 
жардың (Шұғаның өз теңі Әбішке) қолы жете алмай қаза табуы емес. 
Осы Шұғаға байланысты тағдырда, теңсіздік дәуірдің шындығында 
жатыр. Ой шеңбері кең, тамыры терең, терілуі шебер. Қырағы жазушы 
Бейімбет Майлиннің
тиекті ойы, қиядан көретін суреткерлік салмағы сол 
сүреңсіз шындықты әшкерелеуге арналған. Жазушы осы жерде қаралы 
өмірдің қайғылы сиқына тұздықты мол құйып жіберген, артынан келіп 
биязы әзілмен себелеп, еселеп су құйғандай болады, әлгі тұздықтың 
күшін қайтарғысы келгендей. Оған алғашқы уыт бой бермейді. Өзі 
жылап отырып, оқушы жұртшылықты күлдіргісі келеді. Алайда, негізгі 
өз слогынан, әзіл
-
қалжың әдісінен,
осы арада да Бейімбет тана алмайды.
«Талақ» әңгімесіндегі негізгі шындықтың өзі болмашыдан туады. Тіпті 
осы әңгімеде Айдарбек ашу үстінде Зейнепті оқыстан өлтіріп
жіберсе де 
мұндағы күлкі әлсіремейтіндей. Оның үстіне «бүгін үйінің ішінде өзгеше 
жандану, қозғалыс, іскерлік көрінген соң...
» 

деген сөздерді оқығанда 
шексілең қатады, бұл жалғыз ғана Айдарбек үйіне тән көрініс емес, мәңгі 
өлмейтін шындық, Ақырында (татуласқан кезде) «Ерлі
-
байлы адамның 
арасын «талақ» үзе алмады. Ескі тұрмыс, ескі ұрыс, ескі төбелес некелі 
қалыптағы сарынға түсіп аға берді» –
дегенде кім күлмейді? Зейнептің 
қайта қосылғанда қолы жеткені баяғы таяқ жеу! Бұл өмір олардың 
үйреншікті ата кәдесі. Айна қатесіз болған шындык, қандай шебер, 
қандай әдемі берілген! Сондықтан да мұны оқығанда күлдіргі жағдай 
арылмайды.
Өйткені автордың ойында ойсыраған үлкен зіл жоқ. Ендеше, А. П. 
Чеховтың әлгі әңгімелеріне Майлиннің
53 


«Шұғасы» мен «Талағы» сөз саптауы жағынан қатты ұқсайтын тәрізді. 
Әрине, ұлттық ерекшелігі
өзінше оқшау тұр ғой.
Сөйтіп, оқушыны күлдіре отырып, жылата білетін, немесе жылата 
отырып, күлдіре білетін Н. В. Гоголь стилі Бейімбетте де бар. Ал осы
стильдің келу жолы А. П.Чехов арқылы болса керек. Өйткені 1915 
жылдарда Бейімбет Гогольден әсер алды деуге тиянақты дәлел де жоқ
себебі Гоголь шығармалары қазақ тіліне революциядан көп кейін 
аударылды.
Гоголь әсері Бейімбеттің 1934 жылдарда шыққан «Талтаңбайдың 
тәртібінде», «Азамат Азаматычында» алғаш қылаң бергендей. 
Бейімбеттің Гогольмен танысу кезеңі де осы жылдардан басталады. Ол 
Тайшықов аударған «Өлі жандарға» сол кезде редактор болды. 
Гогольдің «Ревизоры» да сахнаға осы мезгілде қойылды.
«Талтаңбайдың тәртібі» 1932–1933 жылдарда алғашқы колхоздасу 
кезеңінде Қазақстанда болған асыра сілтеушілікке қарсы жазылған 
шығарма. Ол дәуірде жарық көрген үш туынды бар. Соның бірі –
Сәкен 
Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасы, екіншісі –
Ғабит Мүсіреповтің 
«Шұғыла» атты әңгімесі, үшіншісі Бейімбет Майлиннің «Талтаңбайдың 
тәртібі» деген пьесасы болатын.
1.
«Талтаңбайдағы» Шапшаңбай –
басқарма, «Ревизордағы» Сквозник 
Дмухановский –
дуанбасы. 2. Күнжан –
оның әйелі, Анна Андреевна –
дуанбасының әйелі, 3. Талтаңбай –
өкіл, Хлестаков –
ревизор. Осылар 
біріне бірі мол ұқсайды. Шапшаңбай мейлінше қорқақ, мейлінше 
жарамсақ. Өйткені оның «түбі шикі», колхозды үш жылдай жеген адам. 
Осы қылмыстарын өкіл Талтаңбайға білдірмей аман кұтылу үшін ол 
қойнындағы жарын да, қорадағы малын да сатуға барады. Шапшаңбай 
өзінің есепшісі Сүндетке «колхоздың мал санын өсіріп жаз» –
дейді...
Міне, осы
сахнада Шапшаңбай түгел көрінеді. Ол мейлінше қорқақ, 
өзіне тимесең болды, Күнжанға өкіл
54
 


Талтаңбай не істесе де көнеді. Бұл
Шапшаңбайдың бүгінгі мінезі емес. 
Былтырғы келген өкіл де мұның үйінде жатқан, о да Күнжанды мақтап 
кеткен, кетерінде оған он кило май беріп, артынан соғымына тай да 
жөнелткен, Келген
-
кеткен жігіттердің аты
-
жөнін де Шапшаңбай 
білмейді, Күнжан біледі.
Шапшаңбай Күнжан қылығын түсініп те жүреді, бірақ ешнәрсеге 
батылы бармайды, ол қорқады, басын сауғалайды. Міне,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет