"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет19/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

1
 
Эзоповы басни. Санкт
-
Петербург, Типограф. Департ. Внешней торговли, 
1820, стр. 239.
 
2
«Қәлилә мен Димна» (қазақшасы), Алматы, 1962 ж. 277
-
бетте.
екен, менің жегім келмей тұр»,
1

деп соғады.
Бізде «Айдағарлы –
Құдайберлі» деген мысал бар. Сонда 
«Құдайберлінің жылқысын Айдаһар күзетеді. Екеуі айнымас дос екен, 
мұны тірі жан білмепті
-
міс. Күндерде бір күн Құдайберлінің үйіне конақ 
келеді. Осы қарбаласта байдың ер жеткен жалғыз ұлы қонаққа сойыс 
әкелуге жылқыға шабады. Айдаһар өзінің жалғыз досы Құдайберліден 
өзге ешкімді танымайды. Досының жылқысына өзінен өзгені жолатпауға 
уәде берген Айдаһар (жылан
-
дракон) баланы жұтып қояды. Дәл осы 
мезетте Құдайберлі де кеп жетеді. Досының қаһарынан қаймығып 
Айдаһар ініне кіре бастайды, баласының жазым болғанын сезіп, ашу 
қысқан әке Айдаһардың құйрығын шауып тастайды. Біраздан кейін 
Айдаһар інінен басын қылтитып тұрып Құдайберліге тіл қатады: «Досым, 
енді айырылысалық, балаң есіңе түскенде сен кешіре алмассың, ал 
құйрығым есіме түскенде мен де кешіре алмаспын»

депті
-
міс. Міне, тап 
осындай «Шаруа мен жылан» деген мысал Лұқманда –
Эзопта бар 
(үстіміздегі заманнан алты жүз жыл бұрын), ал екінші ғасырда Бабрий де 
дәл осылай толғайды. Үшінші ғасырдағы «Қәлилә мен Димнада», «патша 
мен Фанза кұс» атты әңгіме бар. Сонда патшаның баласы Фанзаның 
балапанын өлтіреді, өштескен анасы (фанза) патша баласының көзін 
шығарып жібереді. Сөйтіп Фанза сарайдан қашып шығады да биік 
таудың басына барып қонақтайды. Патша кегін алу үшін кулық жасайды, 
сарайына қайта шақырады. Фанза көнбейді: «Мен сенімен енді достаса 
алмаспын, өйткені балаңның көзін шығарғаным есіңе түскенде сен 
кешіре алмассың, ал балапанымның жазықсыз қаза тапқаны есіме 
түскенде, мен де кешіре алмаспын»,
2

депті
-
міс.
70 


Мына Мадагаскар аралында мәлгәш деген ел бар, сол елде Махаки мен 
Кутуфеци атты қулар болады. Бір күні екеуі далада тамақ пісіреді. Әлгі 
дәмді бірінен бірі кызғанады да: «ең әуелі төсекке жатып ұйықталық, 
қайсымыз жақсы түс көрсек, осы тағамды сол жейтін болсын»

деп 
уәделеседі. Бір мезгілде түрегеліп Кутуфеци түсін жорытады: Мен 
түсімде ақбоз атқа мініп аспанға ұшыппын, неше алуан
керемет 
қызықтарды көріп, сайран салыппын»,

дегенде Махаки оның сөзін 
бөліп: «Рас айтасың, досым, мен түсімде ұшып бара жатқан сені көріп 
едім. Қызықтарға белшеңнен батып аспанда жүр екенсің, содан соң осы 
бір болмашы тамаққа бола қайта айналып келе қоймас дедім де жеп 
қойдым, ояна келсем өзің осында отыр екенсің» –
депті. Мұндай мысал 
Қазақстанның әр жерінде осы күнге дейін бар. Мадагаскар аралындағы 
мәлгәштерді аты шулы саяхатшы Марко Поло болмаса, қазақтар түсінде 
де
көрген жоқ.
Дүниенің төрт бұрышындағы елдердің өмірді тануы өз тұрмысына 
байланысты. Мысалы, Мадагаскар аралындағы мәлгәштер: «ешкіде 
жұмыртқа жоқ» десе, қазақтар: «жылқыда өт жоқ» –
дейді, ал орыс 
халқында дүниеде «ақ қарға жоқ», «құста сүт жоқ» деседі екен. Осы 
толғаныстар түгел рас, бірақ мал баққан елдердің (қазақ пен мәлгәштер) 
кейіпкері «малдар» болады да, аңшылык дәуірін басынан кешірген елде 
«құстар» әрекет жасайды. Ұғымның сол мезгілде туғанына айғақ тәрізді.
Қысқарта айтқанда ұқсас нәрселердің бәрі де сол әрбір елде, өз 
заманына сай туа бермек. Өмір бар жерде толғану бар. Бәрін бірдей 
аудармаға тели салу теріс болар. Ұқсастың бәрі аударма емес сияқты.

Өсу
-
өркендеу сатысында ауыс
-
түйіс үнемі болып отырады. 
Мәдениеттің күрделеніп
көркеюіне себепкер болады. Ұлт пен ұлт 
жақындасып араласа бастағанда өзінде жоқты көрші елден ал

71 


май қоймайды. Бұл ауысудың тиянақты тірегі аударма, өйткені 
«аудармашылар мәдениетті бір елден екінші елге тасып жеткізетін почта 
аттары» деп
А. С.
Пушкин тегін айтпаса керек.
Біздің қазақ елінің тарихында шеттен келген екі ықпал бар, соның біреуі 
шығыс әдебиеті, әсіресе араб, фарсы әдебиеті еді. Бізге Үндістан, 
Ауғанстан тағы басқа елдердің әдеби үлгілері осы араб, фарсы тілі арқылы 
жеткені байқалады. Мысалы, «Мың бір түн» хикаясы, Фирдоусидің 
«Шахнамәсі» ісләм дінін жамыла келіп жайылды. Осы хикаялар арқылы 
Үндістанның 
«Мұхабхарата» 
атты 
эпосының 
үзінділері, 
«Панчатантраның» (бес бәйіттің) өткір мысалдары әлгі айтылған «Мың 
бір түндермен» ере келді. Өйткені, үстіміздегі заманнан әлде қайда бұрын 
жазылған «Мұхабхарата» еді, осы дәуірдің III ғасырында «Панчатантра» 
санскрит тілінде жазылыпты. Мұны аты
-
жөні белгісіз, Кәшмир 
өлкесіндегі бір брахман жазыпты
-
мыс. Осы «Панчатантраны» үш жүз жыл 
өткеннен кейін (дәлін айтқанда VI ғасырда) фарсы тіліне дәрігер Барзуя 
аударады. Енді екі жүз жыл өткен соң (VIII ғасырда) «Кәлилә мен Димна» 
деген ат қойып әлгі «Панчатантраны» араб тіліне әл Мукаф ұлы Абдулла 
аударып береді. Казіргі күнде бұл «Кәлилә мен Димнаны» білмейтін 
мәдениетті ел жоққа тән.
Оныншы ғасырдың сом туған тұлғасы, дүние жүзіне аты аян Хорезмнің 
ғалымы әл Бируни осы кітап туралы: «Ғылымның неше алуан саласы 
Үндістанда екен, онда шыққан кітаптың саны есепсіз көп. Бәрін қамтуға 
менің әрине, мұршам келмес, бірақ «Панчатантраны» аударуға өте 
құмармын...» деген ғой. Сол аты шулы «Панчатантраға» өзінен бұрынғы 
әйгілі «Мұхабхарата» дастанының үш тарауы кіреді. Заманымыздың 
ориенталист
-
ғалымы Б. Э. Бертельстің айтуынша бұл үш тарау 
«Мұхабхарата» эпосының он екі кітабынан алыныпты.
Ендеше, ой
-
сананың шеңбері, мәдениеттің ұйтқысы «Панчатантрадан» 
басталмайды, тағы мұнымен аяқталмайды да.
72 


Мәдениет желісі үздіксіз созылады, оның түпқазығы аударылып қағыла 
берсе керек.
«Кәлилә мен Димнаның» фарсы тіліндегі аудармасын 1144 жылы 
Низамиддин Әбу
-
Ль
-
Меали Насураллах қайта жазып шығады. Он екінші 
ғасырдың бас кезінде бұл кітапты араб тілінен көне жебірей тіліне Рабби 
Иоэль аударады. 1263–1278 жылдар шамасында жебірей тілінен мұны 
Иоан Капуанский «Адам өміріне өсиет» деген атпен латын тіліне 
аударады.
XI ғасырдың аяқ шенінде Симеон Сиф ұлы «Кәлилә мен Димнаны» 
араб тілінен грек тіліне аударған «Стефанит пен Ихнилат» («Жетіскен 
жан
мен із кескіш») деп атайды. Осы грек тіліндегі нұсқа ежелгі славян 
тіліне аударуға негіз болады.
1762 жылы Россия «Ғылым академиясының аударушысы» Борис 
Волков: «Үндістан философы Пильпайдың саяси және өсиет мысалдары» 

деп мұны латын тілінен аударып шығады.
Бұл кітаптың негізгі сарыны феодалдық қоғамнан нәр алады, 
сондықтан XVIII ғасырға дейін түрлі халықтар арасында кең өрістеп 
орын тебеді.
Ол алтыншы ғасырда Хусеин Ваиз Кашифи фарсы тіліндегі аударманы 
қайта өңдеп «Әнуари Сухейли» («Бақыт жұлдызы») деп үндістан тіліне 
қайта апарады. Сонсоң Әбу
-
Ль
-
Фазыл әлгі
Хусеин Ваиздің нұсқасын 
тағы өңдеп «Иори Даниш» («Даналықтың алғашқы тетігі») деп 
жеңілдетіп береді. Фарсы тілінен бірнеше рет түрікшеге аударылады. 
Солардың ішімен көбірек таралғаны, әрі ең тәуірі «Хумаюн нама» 
(«Патша кітабы») болады. Түрікшесінен өзбек
тіліне аударған тәшкенттік 
Иса ұлы Фазылұлла еді (бұл 1888 жылы Тәшкентте литографпен 
басылды). Татар тіліне арабша нұсқадан аударған Ғабдулғаллам Фаизхан 
ұлы болды, бұл Қазан баспасында 1889 жылы жарық көрді... Могол, 
малай тілдерінде де «Кәлиләнің» аудармасы бар.
«Кәлилә мен Димнаны» араб нұсқасынан Европа тіліне
73
 


1
Жоғарыда Бертельс келтірген «Иори даніш» (даналықтың алғашқы тетігі) пен 
мына «Бәһәр даніш» (данышпандықтың тетігі) екеуі
сабақтас шығармалар. 
Дұрысы кейінгісі, орыс тіліне аударған автор араб әріптерін жаңсақ оқыған 
сияқты.
1816 жылы тұңғыш рет аударған атақты арабист, француз ғалымы 
Сильвестр де Саси еді.
1923 жылы И. П. Кузьмин мен аты әйгілі академик И. Ю. Крачковский 
орыс тіліне үшінші рет аударып берді.
Академик И. Ю. Крачковский нұсқасынан қазақшаға 1962 жылы 
аударылды. Бұдан бұрын да «Кәлилә мен Димнаның» өзінен (араб 
тілінен) тікелей аударылған екі нұсқа бар, бірі Сәкен Ғылмановтікі, 
екіншісі Ғұбайдұлла Ахметовтікі, бұл екі қолжазба Қазақ Ғылым 
академиясы

ның кітапханасында сақтаулы. «Кәлилә мен Димна» орта 
ғасыр әдебиетінде жиі кездесетін күрделі тақырып, феодализм дәуірінен 
тиянақты нәр алған шығарма, сөйте тұрып осы күнге дейін ескірмей, 
өлмей тарихтың үдере тартқан көшіне ілесіп қалмай отыруында үлкен 
себеп бар. Е. Э. Бертельстің айтуынша: «бұл кітап әкімдердің шағым 
арызға орынсыз сенбеуін, айыптыларды жазалауға төтенше асықпауын 
ескертеді» –
дейді.
Көне заманда «Өмір айнасы
» 
атанған, ал орта ғасырда Германияда 
«князь айнасы» болған кітаптардың қатарына осы «Кәлилә...» де кіреді.
Ақындардың абызы ұлы Гете де өзінің даңқты «Рейнек түлкіге» дейтін 
шығармасын «Кәлилә мен Димнаға» еліктеп жазған еді, бірақ сұңқылдап 
өнеге айтып, тақпақтап қақсай беруді оның негізгі арқауы етпеген екен,

дейді Е. Э. Бертельс.
Ендеше осының бәрі аударма тарихының алыстан келе жатқанына 
айғақ. Реті келгенде ескерте кету жөн, бұдан әлде қайда бұрын 19
15 
жылы ақын Шады төре «Балғұмбағыр» атты қысасында әлгі «бес 
бәйіттен» үзінді беріп кетіпті.
«Ат қойған «Бәһәр даніш» бір кітаптың.
Айтқанын білдірейін айлап ызхар
1
», 

дейді.
74
 


1
С ә к е н С е й ф у л л и н, 1
-
том, 1960, 90
-
бет.
Аударып отырғанын өзі де жасырмайды. Осы тараудың ішіндегі басты 
кейіпкер Бәрһәмән. Мұны автор қате түсініп отыр, «Брахман дініндегі бір 
адам» деудің
орнына, оны кейіпкердің
аты деп ұққан екен. Ал, қанша 
шұбар тілмен (араб, фарсы, түрік сөздері аралас жүр) жазылса да, қазақ 
аударып отырғаны айқын сезіледі, өйткені әлгі Бәрһәмәннің әйелін 
суреттегенде:
Бар еді бір қатыны оның және,
Сұлулық суретіне жоқтұр шама.
Жүзі гүл, шашы сүмбіл, лебзі бұлбұл,
Келмеген ондай әйел бұл жәһәнға, –
дейді, қазақша әдемі сөйлейді. Осы қысаның жиырма екінші бетінен 
қырық алтыншы бетіне дейін «бес қатынның хикаясы» айтылады. 
Күйеулерін алдаған бес әйелдің мекерлігін «бес
бәйіт» деп атайды, 
«Панчатантраға» («Бес кітап –
бес әңгіме») мегзеп отырады. Оның үстіне 
осы «Бес бәйітте» ұшырайтын әңгімелердің көбі «Кәлилә мен Димнада» 
(«Панчатантрада») кездеседі.
1917 жылы Сәкен Сейфуллин «Қалтасында біреудің» деген өлең жазды, 
оны
«Фарсы ақыны Шайх
-
Сағдиден»

деп өзі көрсеткен екен. (Ал, Сағди 
13 ғасырдың ақыны, «Кәлилә мең Димнадан» мың жыл кейін туған ғой). 
Сол өлеңінде Сәкен:
«
Қалтасында біреудің
Жұпары болса сақтаулы.
Жұпарын ол дауыстап
Көрмейді лайық мақтауды.
Мақтамай
-
ақ әркімге
Жұпардың өзі
-
ақ білдірер.
Үндемей
-
ақ төңірекке
Тәтті иісін жайып сіңдірер,


дейді.
Осыны Сәкеннің Сағдиден алуы даусыз, ал «Кәлилә мен Димнада» бұл 
сөзді егеуқұйрыққа кұзғын айтады.
75
 


Өзбек жазушысы Абдулла Каһхар
«Синчалак» атты (қазақша «Қыштақ» 
ауд. Әбен Сатыбалдиев) әңгімесінде: «үлкендігі шынтақтай қыштақ деген 
торғайды білесіз бе? Аяғы жіптей (қылдай)... Сол торғай «аспан құлап 
кетсе, тіреп қалайын» деп ұйықтағанда аяғын көтеріп жатады екен» –
дейді. Осындай күрделі повестке өзек болған мына сюжет «Кәлилә мен 
Димнада» да бар. Қазақ тілінде аңыз болып тараған ескі әңгімелердің 
нұсқасы да осы кітапта айтылған екен.
Орыс тіліне Гомердің «Илиадасын» Гнедич аударғанда А. С. Пушкин 
қатты қуанған: «бұл сен үшін емес,
орыс халқының игілігі» деп баға 
берген. Өзі Ювеналды аударуға кіріскен. Иран ақыны Сағдидің сөзін 
«Бахчасарай фонтаны» атты поэмасына эпиграф етіп алған болатын.
Аудармаға көңіл бөлу бүгін ғана туып отырған жоқ, бұл ежелден келе 
жатқан тиянақты дәстүр. Ой
ауыспай мәдениет кенересі көтерілмесе 
керек. «Бір кісінің ішіне бір
-
ақ аяқ ас сыяды» ғой.
Әлемге әйгілі араб ертегісі «Мың бір түннен», «Панчатантра» («Бес 
бәйіт») сегіз жүз жыл бұрын жазылды. Сондықтан да «Мың бір түнде» 
айтылатын қыруар әңгімелердің «Бес бәйіттегі» толғаулармен үндесуі де 
заңды
.
Жазба әдебиеті шыққаннан кейін аударманың ізі айқын көрінеді. 
Сонда еңбегін алғаш жазып қалдырған автор бірінші орында тұрады да 
кейінгілер сол үлгіні қуалайтын тәрізді. Мәдениеті мешеу елдің мәдениеті 
жоғары елден үлгі алатыны да
осы жерде анықталады. Мұны дәлелдеу 
үшін ең әуелі әңгімені мысалдардан басталық. Мысалдар дүниеге көп 
жайылған ғой. Өйткені ол келте қайырылады, өткір тілде беріледі, 
сондықтан қолдай қолға, ауыздан ауызға көшіп жылдам тарайды.
Біздің ойымызша аударма екі түрлі салаға бөлінеді.
Біріншісі –
бір 
халықтан
екінші халыққа ауысқанда мезгіліне, сол елдің ұғымына сәйкес 
аударылады. Бір халықта айтылған ойды өңдеп, өз елінің ұғымына 
бейімдеп
76
 


қайта пысықтайды. Ауыс
-
түйістің алғашқы сатысы осылай басталса 
керек. Екіншісі –
бұрынғы мысалда айтылған пікір сол қалпында дәл 
беріледі, тіпті сөзі де жоғалмайды. Алдыңғы әдіс ауызша таралса, ал 
кейінгі әдіс кешел туған әдіс –
жазба әдебиетте орын тебеді.
Мысалдар сөз болғанда біздің ойымызға ең әуелі Эзоп пеп Лұқман 
хакім түсе кетеді. Бұларды грек елінде «Эзоп мысалдары» деп
атаса, 
араб шығысында «Лұқман хакім мысалдары» болып атанады.
Эзоп біздің жыл санауымыздан алты жүз жыл бұрын болыпты, ал 
Лұқман хакім әңгімелерінде ісләм дінінің көз қарастары әсіреленеді. 
Эзоп пен ісләм дінінің арасында 1300 жыл жатыр. Бұл сұраққа 
заманымыздың ғалымы Рүстем Әлиев былай жауап береді: «Лұқман 
дүниеде мың жыл өмір сүрген адам, ол Бауырдың ұлы, ал Бауыр Иовтың 
баласы
екен. Дәуіт пайғамбардың заманына дейін атақты данышпан 
болып келген. Лұқманның мысалдары да, өзі де Эзопқа ұқсайды. 
Екеуінің тағдыры да бірдей. Мысалы Лұқман да, Эзоп та Мысырда 
(Египетте) құлдықта жүрген. Бұған қосымша Лұқманның баласы Аннам, 
Эзоптың баласы–Аннус. Оның үстіне «есіктен кірмей тұрып, қалай 
шығуыңды ойла» (көзде) дейтін араб мақалы Лұқман хакім атынан 
айтылады. Мұны грек елінде Эзоп айтыпты
-
мыс. Осы ұқсастыққа қарап 
Шығыстың біраз ғалымы Лұқман хакім мұсылман діні өз ойына 
үйлестіріп қайта жасап шығарған ежелгі Эзоп болса керек деседі.
Эзоптың «Түлкі мен теке» атты мысалында: «Бір түлкі байқаусызда 
шыңырау құдыққа түсіп кетеді, содан шыға алмай дағдарады. 
Шөліркеген теке сол құдықтың қасына келіп, үңіліп қараса ішінде түлкі 
тұр екен. Сол мезетте: «суы тәтті ме екен?» –
деп ол түлкіден сұрайды. 
«Ой, керемет тәтті» деп мақтайды», «секіріп түс те өзің келіп ішіп 
көрсейші» дейді қу түлкі. Есуас теке құдыққа қойыл кетіп, шөлін 
қандырады, енді айналып қараса шыға алатын түрі жоқ. Сол арада 
дағдарған
сорлы теке түлкімен ақылдасады,
77 


құдықтан шығудың әдісін іздейді. «Мен амалын таптым, екеуіміз 
де аман
-
есен құтыламыз. Сен құдықтың қабырғасына сүйен де 
басыңды төмен иіңкіреп тұр. Сонда мен арқаңа қарғып мініп, 
секіріп далаға шығамын, артынан
сені де құдықтан суырып алам» 

дейді түлкі. Осы ұсынысты теке қуана қабылдайды. Түлкі 
текенің арқасына аттай мініп алып, оның мүйізіне сүйеніп тұрып, 
өрмелеп кұдықтың жиегінен ұстап, секіріп шығады да қаша 
жөнеледі. «Сөзіңе осылай опа қылатын неме екенсің
-
ау!»

деп 
түлкіні кекетеді теке. Түлкі қайырылып тұра қалып: «Досым
-
ау, 
сенің сақалыңа біткен жүндей, басыңда ақыл болса, қалай 
шығуыңның амалын алдын ала ойламай тұрып, атып ұрып 
құдыққа секірігі түспес едің ғой» дейді.
«Ақылды адам істер ісінің мән
-
жәйін алдын
-
ала топшыласын, 
содан кейін барып, орындауға кіріссін» деп түйеді Эзоп.
Дәл осы мысалды алты жүз жылдан кейін бірінші ғасырда 
Римнің мысалшыл ақыны Федр жазған екен. Ол «Түлкі мен теке» 
атты мысалында: «Сұм адам пәлете ұшырағанда бөтен біреудің 
пәлеге жолығуы арқылы өзі жөн табуға тырысады. Сондай
-
ақ 
аңдаусызда құдыққа құлап кетіп, соның тік жарынан өрмелеп 
шыға алмай жатқан түлкіге қаңырығы түтеп сусаған теке тап 
болыпты. Жиегіне жақындап келіп теке: «қалай, суы тәтті ме, 
ішуге жеткілікті ме екен?» деп сұрапты. «Келе ғой, досым, суы 
өте тәтті, мен рахаттанып іштім, әлі тояттар түрім жоқ» деп ку 
түлкі зұлымдығын ішіне бүгіп, амалын асыра жауап қайырып ты. 
Сақалды теке ойланбастан құдыққа қойып кетіпті. Ал түлкі сол 
заматта оның ұзын мүйізіне қарғып шығыпты да сорлы текені 
құдықтың түбіне тастап, өзі атып ұрып тысқа шығып жүріп 
беріпті,

дейді.
Федрде Эзоп мысалының кінаясы айтылмайды. Тұжырым 
жасалмайды. Алайда, ой сарыны бір жерден шығады.
78 


Екінші ғасырда өмір сүрген мысалшыл грек акыны Бабрийдің: 
«Құз жардың астындағы теке мен түлкі» атты мысалында: 
«Жаздың бір ыстық күнінде қаталап су ішкісі келген теке құздан 
секіріп, суы сарқырап ағып жатқан сайға түсіпті. Суын ішіп 
шөлі қанып, шөбін жұлып біраз оттап жүріпті де, енді қайта 
шыға алмай әлекке түсіпті, істеген ісіне опық жеп, жәрдем тілеп 
жалбарыныпты. Текенің зарлап тұрғанын көріп түлкі:
«Ақымақ 
сорлы
-
ай! Сақалыңа біткен қылдың мөлшеріндей басыңда ақыл
болса ғой, сен осы шыңырау құзға түспей тұрып, қалай шығудың 
амалын ойлар едің
-
ау!» депті.
«Бір іске беттер алдында оның келешектегі нәтижесін болжау 
керек»

деп толғайды Бабрий. Ендеше бір елде күрделі мысал 
болса, екінші елде келте қайырылатын мәтел түрінде кездеседі.
Сонымен көне Эзоптың осы мысалы Федрге жеткенде мінеліп 
шығады. Федр
өз ойын алдын ала айтады, қысқартып тастайды. 
Пәле
-
жаладан құтылу, не біреуді орға жығу сұмның ісі екенін 
әшкерелейді. Қорытқанда Эзопша кінаялап түймейді. Эзопқа 
Федрден Бабрий жақын тұр. Ал, осы мысал арапқа келгенде,
Лұқман хакімнің атынан бір ауыз сөз ретінде айтылып мақал 
болып тарайды.
Осы арада айта кететін бір қызық уақиға бар, мына Федрдің 
ұлты грек, өзі Италия жазушысы, еңбегін көне Италия тілінде 
жазған адам, ал Бабрийдің ұлты итальян, өзі Греция жазушысы. 
Екеуі де туған ұлтын дәріптемеген. «Ит пен қозы» атты 
мысалында Федр: «ешкілердің ішінде бір қозы қақтығып жүр 
еді. Оған бір төбет кездесіп: «Мұнда сенің шешең жоқ, оны 
бекер іздеп жүрсің»

дейді де анадай жерде жайылып жатқан 
қойларды көрсетеді. «Құмарлық әуеніне еріп, жүкті болып, 
азапқа түскен, сонсоң мезгілі жеткенде мені тауып тастап кеткен 
ананы іздеп жүргем жоқ, тек менің қамым үшін туған баласын 
ашықтырып, қағажу еткен, емшегін өзіме толық емізіп, 
сусынымды қандырған ананы ғана
79 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет