топшылаған екен. Буслаевтың осы ойын аты шулы сыншымыз
Добролюбов орашолақ болжам деп мезгілінде орынды сынап өткен
болатын.
Жоғарыда айтылған ойымызды окушыларға ұғындыру үшін
бірер
мысал келтіре кету артық болмас:
Үстіміздегі жыл санаудан екі мың төрт жүз жыл бұрын «Қос өзенде»
(Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында) Шумер елі дәурен сүреді. Аққада
халқы бұл Шумерден алты жүз жыл кейін шығыпты. Шумер тілі түркі
тектес, ал Аққада көне жебірей тілінде сөйлепті
-
міс деген пікір де
айтылған болатын.
Әлгі Шумер тілінде Гильгамеш атты қыса (эпос) жырланған екен.
Қысаның басты кейіпкері
Гильгамеш өлімнен қашады, сонда да ажалдан
кұтыла алмай жүз жиырма бес жасында дүние салады. Міне, дәл сондай
қыса «кітаби –
дәдәм Қорқыт» оғыз (түркі) тілінде IX ғасырда, яғни үш
мың үш жүз жыл өткеннен кейін барып шығады, ал XI ғасырда түстік
Германия қысасы (эпосы) «Фауст» пайда болады.
Сол қысаны дастан
етіп жазған үшінші ақын Вольфганг Гете. Ол заманда жарық көрген осы
хикаялардың негізгі ойы біреу
-
ақ, бәрі де өлімнен ат
-
тонын ала қашады.
Әрине, ажалдан қашу адамзаттың еншісіне тиген ортақ ұғым. Жан
иесінің өлгісі келмейді, мұны ешкімнен үйренбейді, «қарызға» да алып
пайдаланбаса керек.
Ендеше, бір елден екінші елге ауысу мәселесін зерттегенде
сыртқы
ұқсастық
ешнәрсеге бекеуіл емес, тұрақты тиянақ бола алмайды, өйткені
ұқсастықтың бәрі белгілі бір жерден шығып тарамайды.
Әр дәуірде әр
елде өзінше дербес тууы кәдік,
заты, осы кезеңде заман ұқсастығын
ескерген жөн. Мысалы, ескі патриархалды
-
рушылдық заманы,
сонсоң
феодализм, капитализм сияқты саяси
-
экономикалық замандар өз жемісін
егеді. Мұндай заманаларды біреу ерте, біреу кеш басынан өткізгені де
мәлім.
Мысалы, осы
күнгі ғалымымыз М. И. Стеблин
-
Камен
-
66
Достарыңызбен бөлісу: