"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет15/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

Г 
о г о л
 
ь.
Шығармалар, IV том. 62—
63-
бет, Алматы, 1953
Байжан, аңғартпайтын ойнақылау үнмен...» –
деп суреттейді.
Мұндай биязы сықаққа келгенде Ғабит жеткізбейді. Уақ
-
түйек 
көріністер арқылы кейбір кемшіліктердің бетін ашып тастайды. Осында 
Игіліктің арамзалығы; тоқалдың пасықтығы, Күреңкөз қожаның 
ынжықтығы, Байжанның әр нәрсеге
әуестігі –
бәрі айқын көрініп қалады. 
Романның осы жерін оқығанда Гоголь «Ревизорындағы» Артемий 
Филипповичтің сөзі есіңе түседі:
«...Судья бар ғой... ол өзі маған әрі ағайын, әрі дос
болғанмен, айтуға 
міндеттімін –
мінезі мейлінше былғаныш адам. Осында Добчинский 
деген бір помещик бар, өзіңіз де көрген шығарсыз, сол Добчинский 
үйінен шыға қалды бар ғой: судья соның қатынымен болады, оған мен 
ант ішуге бармын... Өзіңіз қасақана балаларын барып көріңізші: 
Добчинскийге тартқан бір баласы жоқ, бәрі де, тіпті, әне бір кішкене 
қызы да аумаған судьяның тап өзі...»


дейді.
Осы арада екі елден шыққан екі жазушының ой
-
өрісі бір, әзіл
-
әдісі де 
бір, әрине, айырмасы да бас екені даусыз, өйткені екеуі екі елдің өмір 
шындығынан алынып жазылған шығармалар. Ендеше әрқайсысы өзінің 
ұлттық колоритін жоймақ емес.
Ғабиттің аузына түскен сөздің қай
-
қайсысы болса да
жанданып кетеді. 
Оның аузына түссе шәйнек те адамша әрекет жасайды: «Бүйірі қызарған 
темір пештің үстінде тұрған жез шәйнек шырт
-
шырт түкіріп қояды» (257

бет)

Түйенің өркештері де адамша әңгімелеседі: «өркештері өсек 
айтысып отырған екі кемпірдей» (223
). 

дейді.
Жұманның қара ала төбеті де адамша сөйлеп, итше ойлайды. «Аллаға 
шүкір, лық тойдық, леген түбін жаламай да кеттік» –
деп ұйқыға 
беттейді. Бәрі де заңды шығады. «...Шамамен айтқанда осыған қаралас 
ойлармен
62
 


ит иесі Жұман бай да ұйқыға кеткелі жатыр еді» (79
-
б
.) 

деп түйеді 
автор.
Кейде алыс ұғымдарды да қиыстырып жібереді. Адамның кейпін солар 
арқылы да көз алдына алып келеді: «Ерінің бір ескерткенін ендігәрі 
қайталатпауға дағдыланған сылаң тоқал Айғанша қысыр жыландай 
жүйткіп тұр» (10
-
б
.) 

дейді. Осы бір ауыз сөзбен Айғаншаның кім екенін 
өмірі ұмыттырмайды. Мекер тоқалдың келешектегі іс
-
әрекеттері де
осы 
мінездемеге тығыз байланысып жатады.
Күреңкөз қожаны суреттегенде: «Көзінің құйрықтарына ақтаған 
тарыдай
бірдемелер жинала береді» (16
-
б
.) 

дейді. Жол жүріп шаршаған 
шалдың көзіндегі іріңін ақтаған тарыға ұқсатып отырады, әзіл
-
сықақ, ащы 
мысқыл араласқан жерлерінің бәрінде де Ғабиттің сөздері құлпырып
кейіпкерлері көз алдыңа келіп тұрады.
Қазақтың ұлттық асы,
жақсы көретін ежелгі тамағы ет қой. Соның өзін 
де Ғабит Мүсірепов суреттесе тәбетің шаппайды: «Байжан мен
Сейіт үйге 
кіріп келгенде, кұдыққа үймелеген қойға ұсап бастарын төмен салып 
жіберіп, арқалары ғана бүлкілдеген он шақты адам астау толы етті 
жәукемдесіп жатыр еді. Жирен мұрты майға малшынып, екі ұрты кезек
-
кезек бұлтылдап, кезек жылтырап: Омар ашамайдай жаяның сүйегін 
сүйрей, табақтан сытылып шыға берді...» (28
-
бет) –
дейді.
Бұл жерде Мүсірепов жазып отырған жоқ, суретке салып отыр. Ол етке 
қарсы емес, қасқырша жеуге қарсы, ол шынайы өмірді айнаға түсірген. 
Гогольдің күзетшіге. битін сықтыруы да осыған жақын ғой, оны да 
жақтырмағандар болған.
Осы ет жеу көрінісін
оқығанда Собакевичтің көк серкені түгел жегі 
қойғаны да есіңе түспей қалмайды.
Ғ. Мүсірепов биязы
сықақ, ащы мысқылмен талай жараның аузын 
ашқан. Өткен өмірде болған жарамсақтық, жалақорлық, жалқаулық, неше 
алуан азғындықтың бәрін түйреген.
63 


Бірақ асқақ жанды,
жағымды әйел кейпін беруде Ғабиттің қаламы 
осалдыққа ұшырайды. Алғаш Назыкеш пен Жабай арасында,
соңынан 
Назыкеш пен Сейіт арасында болған махаббат
күйін шерткенде Ғабит 
ылғи кібіртіктеп отырады, немесе сүйіскен жарлардың бетін бір жаққа 
бұрып жібереді. Іштегі зар
-
күйін ақтармайды. Сүйіскен жарлар 
«алқымдасып, мауқын басып»... оқушыны тебірендіретін сатыға жете 
алмайды. Бұланбай мен Көпей арасындағы сүйіспеншілік те жүректі 
елтітетін түйінін таппайды. Оқып
өткен соң есіңде қалмайды. Ғабиттің 
шығармаларындағы осы осалдықтың төркіні де өзіне тән әдісінде жатыр. 
Әзіл
-
сықақ араласқан махаббат қашан болсын әжуаға ұшырайды. 
Гогольдің де әйел кейіпкерлері осы тауқыметті басынан кешірген 
болатын.
Ең соңғы айтарымыз, Ғабит сөз әдемілігіне көңіл бөлмейді. Бір 
сөйлемнің ішінде бір сөз бірнеше қайтара айтыла береді. «Астыңғы ернін 
тілімен тіреп алып, аузымен дем алады» (229
-
бет). Ендеше Ғабит 
жазбайды, қағазға суретін салады. Ол ерекше стиль, ерекше слогы бар 
жазушы. «Тілдің құндылығы дұрыстығында, тазалығында, үйлесіп 
құралуында, бірақ
бұлай ету, сарылып еңбек істесе,
дарынсыздардың да 
қолынан келеді. Ал слог –
өзі
талант, өзі шалқыған ой. Слог –
бұл білініп 
тұратын бедер, ойдың қолға ұстатқандай айқын түрі; слогта адам түгел 
көрінеді, слог әрбір адам, әрбір кейіпкер тәрізді үнемі елден ерек 
тұрады».
Ғабитте ауыр сөйлемдер, бұрын қалыптаспаған жаңа сөз тіркестері бар: 
«Соколов әдейіден туған әреңмен жымиды...» (337
-
бет). Кейде суреттеп 
келе жатып мәнісін түсіндіре кетеді... «Есіл
-
дерті арып
-
ашып келе 
жатқандардан айрылысып қалмау еді. Өзінің ауру халін бір рет те аузына 
алған жоқ. Ер әйел, сенімді жолдас!..» (175

бет)
–дейді. Алдыңғы сурет 
берілгеннен кейін –
«Ер әйел, сенімді жолдас» деген түйін керек емес 
тәрізді.
Ғабитте арқалаған жүк көп. Биязы әзіл
-
сықақ, ащы мысқыл, келемеж 
кекесінге қазақ жазушыларынан Ғабит
64
 


алдына жан салмайды. Бұл мәселе жан
-
жақты зерттеуді талап етеді. Біз 
тек қысқаша топшылаулар айтып өттік, келешекте келелі пікірлердің 
болуына толық сенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет