(
Иерусалимде) Сүлеймен патша болды, ал Луксрье қаласында Китаврас
патша еді, Китаврастың әдеті күндіз адамдарға патша болып әкімдігін
жүргізуші еді де, түнде аңға айналып –
Китаврас
болып аңдарға
патшалық құратын, өзі Сүлеймен патшаның туысы деп жырлайды.
Гомер поэмасында Одиссей жалғыз көзді жалмауыз
–циклоптың
үңгіріне кіреді. Құтыла алмасын біліп айла жасайды, қойдың терісін
жамылып қашып шығады.
Дәл осындай қазақ
халқының «Сарымерген»
(немесе «Сұр мерген») атты ертегісінде де басты кейіпкер жол
-
дастарымен бірге жалғыз көзді дәудің үңгіріне кіреді. Содан қойдың
терісін жамылып қашып құтылады. Байқап отырсаңыз заманы ғана
басқа, ішкі мағынасы бірдей. Атаулары ұқсамайды. Грекше: –
«циклоп»,
қазақша «дәу», бірақ
ұқсастығы да бар, екеуінің де көзі жалғыз, екеуі де
жалмауыз. Біздің жыл санауымыздан бір мың үш жүз
жыл бұрынғы
Гомер заманындағы грек елімен қазақтың қоныстас болуы неғайбіл. Егер
бұл көшпелі тақырып десек, түркі елдеріне сол кездерде тараған болса,
онда өзбек, түрікменнің ауыз әдебиетінде де «Сұр мерген» ертегісі
толғанар еді ғой. Мұндай деректі әзірге таба алмадық.
Ежелгі грек, көне латын елдерінде үстіміздегі дәуірден алты ғасыр
бұрын Эзоп жазған «Түлкі мен жүзім» атты мысал бар,
оны бірінші
ғасырда Федр, екінші ғасырда Бабрий қайталайды. Сонда: биік ағаштың
басында өскен жүзімге түлкінің бойы жетпейді, бірақ өзінің мешелдігін
мойындағысы келмей жүзімді қорлайды: «Әй, қойшы соны, әлі жетіліп
піспеген, көк екен» деп тайып тұрады.
Оқушыларға түсінікті болу үшін мысалдың өзін келтірейік: «Биік
ағаштың басында өсіп, енді ғана жетіліп келе жатқан жүзімді көреді де
түлкінің құмарлығы қозады, жеп рахаттанғысы келеді.
Қанша әлекке
түсіп ұмтылса да бойы жетпейді. Қатты назаланады, бірақ білдіргісі
келмей кейін
кетіп бара жатып, «әй, қойшы, бұл
жүзім өзі әлі піспеген
69