"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2



Pdf көрінісі
бет13/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

 


1
В. Г. Б е л и н с к и й
.
Собр. соч. в 3
-
х томах, 1948, 2 стр.
Бір жақтырмайтын малым...» дейді Сандыбай (114
-
б
.) 
Оқып отырғанда езуің жиылмайды. Қандай шындық? Қалай шебер 
шыққан?! Күліп отырып жылайсың, өйткені оң қолынан өнері төгілген 
шебер Сандыбай сұм заманның тепкісіне түсіп, озбыр болыс, өктем 
байлардың табанына тапталып, зарығып өткен дәуірді көресің. Ақыр 
соңында Сандыбай осы еңбегінің сілекейін де ала алмай кетеді. Он 
құлынды биенің біреуін сол түні Ордабай болысқа (Игіліктің баласына) 
картаға ұтқызады. Бытшыт болып, «су аяғы құрдыммен» бітеді. Ендеше 
күлдіре отырып жылата білудің бір түрі осылай болатын тәрізді.
«Жалған қимыл жасап жетілмеген жанның жүрегін тебірентуге болады, 
мысалы, нәзік сезімнің орнына даңғаза айқай
-
шу көтеріп, жанды 
түршіктіретін уақиғаның орнына өткінші әулекілік көрсетіп, жұрттың 
көңілін аударуға болады, бірақ тұрпайы болса да, күлдіру үшін табиғи 
көңілділік, өзіне тән ерекше юмор керек»
1


дейді ғой Белинский.
Ал, енді осы үзіндінің бас кезіңде Сервантестің Санчо

Пансасы есіңе 
түседі. Санчо
-
Пансаға көршісі Дон
-
Кихот: «Сен маған жолдас бол

сапарға аттанайық! Мендей батырдың соңына ерсең кейін өзің генерал
-
губернатор бо

ласың!» –
дегенді айтады.
Санчо
-
Панса куанып кетеді, әйелімен ақылдасады. Мұны естігенде 
әйелі жылайды: «Сен генерал боларсың

ау! Мен де генералдың әйелі 
(генеральша) болармын
-
ау! Сол кезде біздің қыздарымыздың тағдыры не 
болады? Олар да өз теңіне –
генералдарға тиюі керек. Міне, сонда 
қыздарымыз күйеулерімен өздерін тең ұстай алмай, қорлық көре ме деген 
қаупым бар...» деп еңірегенде етегі толады. Санчо
-
Пансаның генерал 
болуы «Қашпаған кашардың уызындай» емес пе? Оны әйел түсінбейді. 
Дәл сондай
-
ақ Сандыбай да Игіліктің малын иемденіп, шексіз байып, 
ісіп
-
кебеді. Әңгіменің ақырында Гоголь сарыны
59 


естіліп тұрады. Ендеше сыртқы ұқсастығы (заимствование) Сервантестен 
болса, ішкі терең ойы, сөз саптауы Гогольге жақын тұрғандай. Ғабит өз 
слогы бар жазушы,
«Ордабай үйінде «он шақты адам» жиырма бір ойнап жатыр... Бытық 
бет, семіз қара жігіт Ордабайға әдейі ұттырғысы келіп, оңай «күйіп» 
кетіп отыр. Бұл кіреші ЬІбырайдың баласы Бота қара, Ордабайдың 
нөкері болуға құмартып жүрген жігіт.

Бас, бас, түгел бас!.. Ордабайдың алдында алтылық пен тұз 
жатыр...

Король, король...
...Осы крестің королі жаңа ғана бір келіп кеткен сияқты еді, жұрт 
шуласып жатқанда, сақалы күректей болып, тағы шыға келіпті... 
Ұтылған жігіт күміс теңгеліктерді Ордабайға қарай дөңгелетіп жіберіп:

Орыстар он жетіге алмайды...

дейді.
...Ордабай ақшаны
малдас құрып отырған бойы, шалбар балағының 
астына тықты, сол теңгеліктермен бірге Сандыбайдың көзі де сол 
балақтың астына кіріп барады.

Банке алпыс сом! Бір құлынды бие. Бас!..
Ой да жоқ, үміт те жоқ, ерік те жоқ, билік те жоқ Сандыбай қарғаның 
тұзын екі қолымен ұстап, айнаға қарағандай жымиып отыр...

Бастың ғой банкеге? Дұрыс, ал, карта ал!..
...Нағыз карташылардың әдетінше «Әкеттің... Алдың... Сенікі, сенікі!» 

деп алдындағы ақшаны Сандыбай жаққа
қарай ысырып қойып, «ала 
бер!» –
дей отырып, оған екі балта бір ондық берді де оңай күйдіре 
салды...», (116–119б)

деп суреттейді.
Ғабиттің осы жолдарын оқығанда алатын әсерің, биязы сықақ пен өткір 
мысқыл арқылы берілген өмір шындығы «Өлі жандарда» көрсетілген 
карта ойынының әсерінен кем соқпайды. (433
-
бет).
Бұл екі көріністің маңызы да, түрі де бірдей емес екенін оқушы өзі де 
байқап отыр ғой. Алайда слогы ұқсас, оқушыны тебірентетін әсері де бір 
сияқты.
60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет