Сол надандық Абайға да шырмау болды. Шідерлі аттай пәрменімен
қарыштай
алмаған ұлы Абай қазақ ақындығын әлемдегі өскелең поэзия
дәрежесіне көтере алды да, басқа жанрларды туғыза алмады. Етекбасты
өміріне қапа болған Абай:
Атымды адам қонған соң,
Қайтіп надан болайын?
Халқым надан болған соң,
Қайда барып оңайын?—
деп зарлады.
«Абай зары» Ұлы Октябрьден бұрынғы халық зары еді.
Орыс халқының жазбаша әдебиет тарихы Қантемирден (1708–
1744)
басталады. А. Қантемирдің «Ғылымды қорлаушыларға» («На хулящих
ученье») атты тұңғыш мысқыл өлеңі 1729 жылы жарыққа шықса, атақты
М. В. Ломоносовтың «На взятие Хотина» дейтін одасы Кантемирдің әлгі
өлеңінен тура
он жыл кейін көрінген еді. Содан бері қарай ұсақ өлеңдер,
шағын әңгімелер жазыла
-
жазыла келіп, жүз жылдан соң, атап айтқанда,
1829 жылы Ф. Б. Булгариннің «Иван Выжигин»
атты романы
жарияланды. Осы романның басты кейіпкері Иван Выжигин жасында
жетім қалып, иттің үйшігін паналап өседі,
бері келе жасауы мол, бай
қалыңдыққа үйленіп, «ауызы аққа тиіп», көкейін тескен арманына
жетеді. Қысқа мазмұны осы. Бұл романды мезгілінде В. Г. Белинский
іске алғысыз етіп сынады. Сонда: «Бұл
роман ішкі қадыр
-
касиетінен
емес, жарыққа шыққан мезгілін алғанда, Русь романдарының басы
болып есептеледі... Қазір Вальтер
Скоттың романдары аударылып,
Россияны аралап жүр.
Орыс халқының өз өмірінен алынып, орысша
жазылған роман сәтті еңбек бола алар ма еді? –
деген
сұрақ туды,
сол
сұраққа бірінші жауап берген . Ф. Б. Булгарин болды, міне, бар қасиеті
осы
-
ақ», –
дейді атақты сыншымыз Белинский.
4-2462
Достарыңызбен бөлісу: