"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


 ШОРТАНБАЙДЫҢ ДІНШІЛДІГІ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет32/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

4. ШОРТАНБАЙДЫҢ ДІНШІЛДІГІ ТУРАЛЫ
 
Шортанбай құдайға сенеді, «құдай бір, пайғамбар хақ» деп біледі. Ол 
мұсылман дінінің қабырғалы молдасы, өйтсе де үнемі молдалық жолын 
қумай, заманында айтысқа түскен –
суырып
-
салма ақын Шортанбайды өз 
қалпында көрсету жөн.
Ұлы ұстазымыз Владимир Ильич орыстың кемеңгер жазушысы Л. Н. 
Толстойды «орыс революциясының айнасы» дегенде, ол революционер 
деген жоқ, ол шын мағынасында суреткер, өз заманын объективті негізде 
дәл көрсетті деп бағалады. Плеханов та «Толстоймен бірге отыру қауіпті, 
ал Толстойсыз өмір сүру көңілсіз»

(«С Толстым жить страшно, без 
Толстого скучно») деп бекер айтпаған болар. Толстойдың дінішілдігін, 
«жаманшылыққа қарсы шықпа, тағдырға мойынсұну керек» деп інжіл 
(Евангелия) жолын қуаттап айтқан пікірін Плеханов жақтырмайды, бірақ 
оның өмірді шебер суреттеп, өз заманында болған әлеуметтік жараның 
аузын ашып, айқын
130
 


көрсеткендігі үшін жақсы көреді. Осы жерде ескерте кетелік, біз 
ұстазымыз В. И. Лениннің пікірін айтқанда, Шортанбайды Толстоймен 
қатар қою үшін емес, ой жүйесін тиянақтаудың айғағы есебінде алдық. 
Шортанбайдың Толстойға үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны мәлім ғой. 
Жалғыз
-
ақ айтарымыз, Шортанбайдың қасиеті де шындықты дәл 
айтуында. Капитализм дәуірін суреттегенде, соның ішінде болған өз 
қайшылықтарын ашып айтқанда, байлар мен кедейлердің жігі ашылғанын, 
олардың өштесіп, біріне
-
бірі рақымсыз бола бастағанын ақын батыл 
көрсетеді, ендеше бұл жәйт Шортанбай өлеңдеріне ерекше көңіл аударуды 
қажет етеді. Шортанбай өлеңінде араб сөздері кездеседі, бірақ жалпы елге 
таныс сөздерді ғана алады, бұған қарағанда, заты, оның діндәрлығы ескі 
шағатай тілінде жазыған, ел арасына көп таралған «Бақырған, Хикмет,
Дақайық, Мұхамедиялар» көлемінен аса алмайтын сияқты. Солардың 
әсерін қазақ әдебиетіне ала келген кісі болар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет