"жазушы" баспасы а л м а т ы — 1979 Каз 2


ШОР ТАН БАЙ Қ АН АЙҰ ЛЫ БҰР ЫН ДА, К ЕЙ ІН ДЕ



Pdf көрінісі
бет30/76
Дата02.07.2022
өлшемі2,49 Mb.
#147249
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76
Байланысты:
files dj46sg45

2. ШОР ТАН БАЙ Қ АН АЙҰ ЛЫ БҰР ЫН ДА, К ЕЙ ІН ДЕ 
К ӨП АУЫЗҒА ІЛІН ГЕН АҚ ЫН . О СЫН ЫҢ СЕБЕБІ Н Е?
 
Шортанбай –
өз заманындағы әлеумет өмірін жете білген, кем
-
кетігін 
сынай отырып, көргенін қаз
-
қалпында айнаға түсірген шебер ақын.
119
 


XIX ғасырдың екінші жартысына қарай феодализмніц іргесі ыдырап, 
ауыл «бүтіндігі» қожырай бастайды, Россияда
1861 жылы болған 
өзгерістің лебі Сарыарқаға да тиеді. 1868 жылы «Жаңа заң» шығып, 
қазақ елін билеу саясаты өзгереді. Бұрынғы хан, төрелердің беделі 
кеміп, қазақтың өз ішінен шыққан байлар, жуандар қатарға енеді. 
Сарыарқаға сауда
-
саттық жайылады, мал
-
мүлік
базарға түседі, 
жәрмеңке ашылады, базар нарқын ақша билейді. Қысқасын айтқанда, 
капитализм элементтері, сауда капиталының нышандары өміріне кіре 
бастайды. Міне, осы «жаңа заң» тұсында ел билеген болыс, 
ауылнайлардың атағы зораяды. Кешегі феодализм дәуірінің дәмін 
татқан Шортанбай қысылшаң жағдайға душар болып, «өлі араға» 
кезігеді. Жаңаны танымайды, өткенді қия алмай күңіренеді.
Әуелгі қорлар зор болды,
Сондағы зорлар қор болды...
Қайыры жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ

Ақша деген мал шықты,—
деп, ауыл ішіне жаңа кірген айырбас –
сауданы шеней суреттейді. 
Патша үкіметінің отарлау саясатын ауылға ала келген «жаңа заңның
» 
ұлықтарын көреді, «үріп ішіп
-
шайқап төгіп» отырған берекенің 
шайқалуын солардан деп біледі. Капитализм қарым
-
қатынасы кіріп, 
жұрттың бәрі ақшаға табынғанын, феодалдық
-
патриархалдық заманның 
тозғанын аңғарады да қынжылады. Ауылдың ішіне «іріткі» түсіп, 
жұрттың саудаға жұмыла кіргенін байқап қамығады. Баяғы феодализм 
заманындағы «бірлік» ыдырай бастайды, ру дәнекерімен біріккен ескі 
заманның арқауы сөгіледі, ауыл ішіне жік түседі, жаңа дәстүр кіреді. 
Әркім кәсіп істеп, өз күнін көруге тырысады.
Елге егін жайылды,
Байға қоңсы жоламас;
120
 


Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді,—
деп, кедей мен байдың арасы алшақтай бастағанын ақын көре білді.
Байлардың кедейді
қалай қанайтынын, аяусыз эксплуатация жасайтын 
жауыздығын ашып та ашынып айтады. Кедейдің титықтағанын көреді. 
Қанаушы таптың қомағайлығын жақсы біледі де:
Жарлының жаны берік екен,
Жыл
-
он екі ай қой бағып,
Жалғыз тоқты алады,
Тоқты берсе, ісек деп,
Құнан шығар тұсақ деп,
Саулық берсе, егіз деп,
Қыстан шыққан семіз деп,—
жырлап, жарлыға жаны ашып күйзеледі ақын.
Кедейдің сол кезде
көрген жапасын көз алдына келтіреді. Жеңгетай
тілмәш, делдал, сәудагерлердің де сазайын тартқызады.
Кедей қайтіп күн көрер?—
Жаз жатақта жатқаны,
Жаздай арық қазады,
Күздей пішен шабады,
Оны
-
мұны жиғанын
Шығын деп тілмәш алады,
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды,
Қағаздатып бұзауын
Ноғайына қояды.
Кедейге салып шығынды,
Негізі байдың тояды,—
дейді Шортанбай («Бала зарында», 13
-
бетте).
Байлардың ауылдағы тиянағын –
жаңа дәуірдің жендеттерін:
Болосной, би, ауылнай
Сырттан қарап шолып тұр,
Бір ауыз оғат сөйлесең,
Алдыңнан тұзақ құрып тұр.
Елу басы, он басы,
Ол —
шайтанның жолдасы,—
121
 


деп, шенеп өтеді де,
байлардың оңаза кылығын, бұқараны қалай талап 
жатқанын да аша түседі.
Байлар ұрлық қылады,
Мал көзіне көрінбей,
Байлап жейді нараны
Сақтап қойған сүріндей,
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей...
дейді.
Ақ патшаны да, сол
патшалы Россияның отарлау саясатын жүргізіп, 
бұқараны қанап жатқан «жаңа заңның» ұлықтарын жандарал, майыр, 
князь, тілмәш –
бәрін де көзінен тізеді, солардың жемтіктесі –
би, болыс, 
ауылнайларды да –
бәрін
де Шортанбай көзінен тізіп әшкерелейді.
Патша жұртын қанады,
Байлар жөргем санады,
Жандарал болды ұлығың,
Майыр болды сыйларың.
Князьді көрдің піріңдей,
Тілмәшті көрдің жеңгеңдей.—
дейді.
Осының бәрін зәрлі сықақпен суреттей келіп, өмірдің өзгергенін де 
ІІІортанбай түсінеді:
Ұлың киді дүрия,
Ұстараның жүзіндей,
Аударылған дүния...
Қызың киді биқасап...—
деп толғанады. Осы арада өткен дәуренін сағынып, іші удай ашиды.
Адамның пиғылы өзгергенін, капитализм дәуірінің талай «құбыжықты» 
өзімен бірге ала келгенін, феодализмнің жыршысы Шортанбай өз 
табының мұнарасынан қарап, әралуан өмір шындығын анық айтып 
береді. Қожа
-
молданы да ол аямайды.
Қожа
-
молда көбейіп,
Отырғаны шөмейіп,
122
 


Жамандығы ішінде
Жан
-
жағына қарасып...—
дейді. Оларды да келемеждейді, жек көреді.
Байын да, чиновнигін де, қожа
-
молдасын да аямай сынайды. 
Сондықтан да
оның аты халық арасына көп тарайды. Оның өлеңдерінен 
әркім өз керегін алады.
Біздің 
академияның 
кітапханасында 
«Шортанбай 
ақынның 
шығармасы» деген 70 бет қолжазба бар, № 780.
1941
–1949 жылдарда жиналған екен. Сонда «Зар заманның» бірнеше 
жүйесі тізілген.
Шортанбай мен Шөженің, Шортанбай мен Орынбай ақынның 
айтыстары бар. Баспаға басылған «Бала зары» —
бар; академик Радлов 
жинаған «Түрік ұлыстарының әдебиет нұсқалары» деген кітабының 
үшінші томында 714–737 беттерінде «Зар заман», «Заман ақыр» бар, 
бұларды Радлов жұрт аузынан жинап, 1870 жылы бастырған. 1883 жылы 
Ташкентте басылған
Лютштің «Қырғыз хрестоматиясы» атты кітабының
225
–249 беттерінде «Зар заман» бар.
Бір көңіл аударатын нәрсе, 1870 жылы академик В. В. Радлов «Зар 
заман», «Ақыр заман» өлеңдерін Семей, Сергиополь (Аягөз), Қапал

Верный (Алматы) төңірегінен, Бұқтырма өзенінің бойынан жинаған, ал 
Лютште «Қырғыз хрестоматиясын» 1883 жылы ел аузынан жинап 
шығарған, бірақ Лютш
бұл әңгімелерінің бәрін Әулиеата (Жамбыл), 
Түркістан, Ақмешіт (Қызылорда) қазақтарының аузынан жинадым 
дейді. Радловтың «Зар заманы» да, Лютштің «Зар заманы» да, мына 
қолжазба «Зар заман» да –
бәрі де
бірімен бірі сабақтас.
Жалғыз
-
ақ 
Лютштің «Зар заманы» Шортанбайдың «Бала зарының» сөзімен 
басталады да, артынан мына қолжазба «Зар заманы» болып жүре береді. 
Радловтың «Зар заманында»:
Жандарал балды ұлығың,
Майыр болды сыйлығың,
Арылмастай дерт болды,
123
 


Нашарға қылған зорлығың.
Князьді көрдің піріндей,
Тілмәшті көрдің биіндей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр көріңдей
Байлар ұрлық қылады,
Көзіне малы көрінбей,
Билер пара жейді екен,
Сақтап қойған сүріңдей,
Заманның түрі бұзылды,
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей...
(Радлов—
1870 жылы, 722
-
беттер) десе, Лютштің Зар заманында»:
Генерал болды ұлығың,
Майыр болды сыйлығың,
Князьді көрдің піріндей,
Тілмәшті көрдің бегіңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты көрдің көріңдей.
Байларың ұрлық қылады,
Сан қарасы көрінбей, 
билерің пара шайнайды
Сақтаған сары сүріңдей.
Заманың, тәңрі, бұзылды,
Текеметтің түріндей,
Ойлағаны жамандық
Жауырдан аққан іріңдей..
дейді (Лютш, 240
-
241 беттерде).
Шортанбайдың халық арасына кең жайылғаны көрініп
-
ақ тұр, қазір 
350
0 жолдай Шортанбай өлеңі жиналған, бірақ бұл ақын өлеңдері әлі 
түгел емес, өйткені осы күнгі Қарағанды, Қарқаралы
-
Ақмола 
төңірегіндегі қазақтардың Шортанбай сөзі деп айтып жүрген өлеңдері 
мұнда жоқ.
Мысалы:
Бай да өлген, батыр да өлген, патша да өлген,
Өлмей тірі қалған жоқ ажал келген,
Ұжмақтың кілтін ашып көрген жан жоқ,
Дүниенің ең қызығы

тірі жүрген,—
124 


деген өлеңді Шортанбай көптен көріспей жүріп, кездескен досы 
Жанғұттыға айтқан екен деседі. Ел аузында осы тәрізді басқа өлеңдері 
де, сөздері де болу керек. 40–30 жыл сөз додасына түсіп, қиыстырып 
өлең айтқан, жұртқа көп тараған ақын Шортанбайдың мұрасы аз болуы 
мүмкін емес.
«Бала зары» 1888 жылы Қазанда басылды, содан кейін төрт рет 
қайталанады. Ендеше, сол Қазан мен
Уфа төңірегінде бұл кісінің 
қолжазбалары жоқ деу де қиын. Осының бәрін іздестіріп жинақтау 
керек. Ленинград архивінде де бар шығар, өйткені сол кезде Қазанда 
басылған Шортанбайдың «Бала зарына» Санкт
-
Петербург цензурасы 
ұлықсат берді» –
деп, кітапша сыртында көрсетіп қойған екен.
Қазақ поэзиясының тілін де, түрін де, мазмұнын да мүлде жаңартқан, 
өлең сөзі, «сөз патшасы» дәрежесіне дейін көтерген, «іші алтын, сырты 
күміс сөз сарасын» жасаған Абай. Шортанбай, Дулат, Бұқарлардың ескі 
жыр үлгісіндегі өлеңдерінің поэзиялық дәрежесі төмен екенін танытады.
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі жамау, бірі құрау,
Әттең
дүние
-
ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде
-
ақ көрініп тұр
-
ау!—
деп кіжінеді. Шортанбайлар поэзиясы ескінің соңы еді. Абай –
жаңа 
поэзияның басы еді. Жаңа поэзия биігінен қараған Абай сыны дұрыс
-
ақ. 
Екінші жағынан Абайдан бұрынғы және Абайға
жете жыршылар мен 
кітаби ақындар көп еді. Солардың ішінен осы үшеуін Абай айырықша
бөліп алып сынағанының өзі тегін емес. Мұның мәнісі –
ескі қазақ 
поэзиясын жасаушылардың ішіндегі ең кұлжалары осылар, осы Бұқар, 
Дулат, Шортанбайлар деген сөз. Абай ауызға
алуға жарағанның өзі
Абай сынауға татитын болудың өзі осал еместікті көрсетеді. Абай жілігі 
татымайтындарды сынамайды, ол түгілі, татымсыздарды ауызға да 
алмайды. Абайдың әділ сынына
ұшы

125 


раған үш ақын

жілігі татитын ақындар екені даусыз.
Қазақ
елінің көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсарин 1879 жылы 
шығарған «Қырғыз хрестоматиясы» атты кітабында «Зар заманды» 
былай қойып, Радлов жинағындағы «Ақыр заманды» пайдаланған.
Діни сөз, еңіреп жылау «Ақыр заманда» көп қой. Елді прогреске 
сүйреген, ағартушы Ыбырай «Ақыр заманда» кездесетін «кәләм
-
сәлемдерді» алмайды. Мысалы Радлов:
Заман ақырдың хандары
Қасындағы сұлтандары,
Тақ үстінде жұртын
Тұтып тұрғандары
Жарлыдан алып байларға
Ақыл қылса керек
-
ті,

(В. В. Радлов —
1870 ж. 728
-
бет.) 
десе, Алтынсарин:
Азған елдің хандары
Тақ үстінде отырғандары,
Жарлыдан алып байларға
Сыйлар берсе керек
-
ті,—
(Ы. Алтынсарин —
1879 ж. 54
-
бет.) 
дейді. Радлов:
Заман ақырдың қожасы —
Қайырылып келер есікке,
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар есікке.
Бала
-
шағасын бастырып,
Төрге шығып отырып,
Дұға қылса керек
-
ті.
(Радлов. 728
-
бет.)
Алтынсарин:
Азған елдің қожасы
Қыдырып келер есікке.
Бұл үйде кім бар екен деп,
Көзін салар тесікке
Балаларын бастырып
Қатындарын састырып,
Төрге қарай ұмтылып,
126
 


Тамақ үшін қылқынып,
Дұға қылса керек
-
ті,—
дейді.
Әрі қарай Шортанбайдың «Ақыр заманында» (Радловтың нұсқасы 
бойынша) «Заман ақырдың» молдасы, билері, байлары. сыналады. (728—
729 беттерде), ал Ыбырай Алтынсарин сол
жерлерін алып, өз 
хрестоматиясына кіргізеді, бірақ бұл кісі «Заман ақыр» деген сөздің 
орнына «Азған елдің молдасы, азған елдің билері, байлары» деп өзгертеді 
(Ы. Алтынсарин. 55, 56, 57, 58 бет

тер).
Өзімен идеялас, бағыттас, тұрғылас ақындардан Шортанбай әлдеқайда 
жоғары өрлейді, әлеумет ішінде болған кем
-
кетіктерді батыл
сынайды. 
Сондықтан ол сахараға көп жайылды, ауыздан
-
ауызға көшіп тарап кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет